Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы,
Жамбыл атындағы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Далдина Айгүл
Қызықты математика
Мақсаты: Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтан тыс уақытта “Математикалық сайысын” өткізу.
“Қызықты математика» атты сайысының жоспары:
1. Топтарды таныстыру.
2. «Шапшаңдылық» сайысы.
3. «Тапқырлар» сайысы.
4. Көрермендермен ойын.
5. «Сыр сандық құпиясы».
6. « Көңілді көбейту» сайысы
7. «Көңілді санау» сайысы.
8. «50 ұпай кімге бұйырады?».
9. «Жаңылтпаштар» сайысы (топ басшылар).
10. Қорытынды
Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ балл алады.
І. Топтарды таныстыру
ІІ. «Шапшаңдылық» сайысы.
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)
3. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
4. Қандай сандар нөлден үлкен? (оң сандар)
5. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
6. Ең кіші натурал сан. (1)
7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180)
8. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (бірдей)
9. 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасын тап (12)
10. Жоқты білдіретін сан (0)
11. Тек қарама – қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш (трапеция)
12. Санның 1/100 бөлігі (процент)
13. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)
ІІІ. «Тапқырлар» сайысы
1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой
44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)
2. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?
333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)
IV. Көрермендермен ойын.
Жұмбақтар жасыру.
1. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болады, қолда бары? / 6 /
2. Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 8 /
V. «Сыр сандық құпиясы»
1. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?(калькулятор)
2. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура. Бұлай санның дәрежесі де аталады. Бұл не? (квадрат)
3. Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын. Бұл не? (шеңбер немесе дөңгелек)
VI. «Көңілді көбейту» сайысы
Ойын шарты:
Кез келген екі таңбалы сандарды 2 топтан кезекпен тақтаға бір оқушы шығып, көбейтуді көзі байлаулы түрде орындайды.
VII. «Көңілді санау» сайысы.
1. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
2. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( 1/4)
3. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі - берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер)
VIII. «50 ұпай кімге бұйырады?» сайысы
1.«Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?
а) А. Құнанбаев ә) Ы. Алтынсарин б) Қ. Сәтбаев
2. Шығыс Аристотелі атанған ғалым кім?
а) Қорқыт ә) Омар Хаям б) Әл - Фараби
3. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім?
а) Герон ә) Лейбниц б) Галилей
IX. «Жаңылтпаштар» сайысы (топ басшылармен)
1. Шеңбер, шеңбер доп емес
Доп сияқты, доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
2. Бес түп алма,”бестік” алғандікі
Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі
“Төрттік” алған бес түп алма алмайды
“Бестік” алған төрт түп алма алмайды.
X. Қорытынды
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Марапаттау.
Қызықты математика
- Arailym Ibraemova
- 23 желтоқсан 2015
- 4889
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызықты математика сайысы, сабақтан тыс жарыс
Ұқсас жаңалықтар:
"Математика - керемет әлем"
Мақсаты: Оқушыларды логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге дағдыландыру. Түрі: Интелектуалдық сайыс...Математикалық сайыс
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады....Жас математик
Білімділік мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету...Математикалық сайыс
Алматы облысы, Ескелді ауданы, МДШО Қаратал орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қызылбаева Алия Шакарбековна...«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.