Тақырыбы: «Нақты ғылымдар еліне саяхат» Сайыс сабақ 8 - сыныптар
Мақсаты:
а) Білімділік: нақты пәндер бойынша білімдерін тереңдету;
ә) Дамытушылық: логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
б) Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, нақты ғылымдарға қызықтыру, оқушының жеке басын тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ұлы математик, физиктердің суреттері, қанатты сөздер, оқушылардың жасаған фигура модельдері, компьютер, экран, текше, шарлар.
Қанатты сөздер:
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда» (Н. Ә. Назарбаев)
«Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» (Р. Бекон)
«Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі» (М. В. Ломоносов)
Ұйымдастыру кезеңі:
1 - жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
2 - жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
1 – жүргізуші
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - жүргізуші
Олай болса бұл не тұрыс,
Сайысымызды біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ қазыларды таныстырайық.
1 - жүргізуші
Әділқазылар алқасымен таныстырып кететін болсақ:
2 - жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділ қазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
2 - жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділ қазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1 - жүргізуші
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
2 - жүргізуші
Олай болса әр топты ортаға шақырайық орындарыңа орналасыңыздар.
Әр топтан бір оқушы келіп өзіне ұнаған бір фигураны қиып алады, сол қиып алынған фигура сол топтың аты болып қабылданады.
Сайыстың ережесімен таныстырып кететін болсақ сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.
1. Сәлемдесу
2. Жорға
3. Тамаша үштік
4. Формулалар сайысы
5. Полиглот
6.«Сиқырлы текше» сайысы
7.«Шахмат ойыны»
Сұраққа жауап беру үшін 10 секунд уақыт беріледі дұрыс жауап берген топқа 5 ұпай, толық емес жауапқа 3 ұпай, айта алмаған топқа 0 ұпай, онында айқайлап тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.
Әділқазылар шешімі талқыға салынбайды. Олай болса сәт - сапар! Оқушылар!
1 - жүргізуші
1 бөлім. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны, сәлемі)
2 бөлім. Жорға. (Әр команда 1 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру керек)
2 жүргізуші ______________тобының сұрақтары:
1. Ең алғашқы математик әйел кім?(Софья Ковалевская)
2. Табиғи жарық көзі?(Күн)
3. Квадраттық функцияның графигі? (Парабола)
4. Зат неден тұрады? (Молекула)
5. Вектор деген не? (Бағытталған кесінді)
6. Қай планетаның сақинасы бар?(Сатурн)
7. Әрі қиылыспайтын әрі паралель емес түзулер (Айқас түзулер)
8. Физикада қозғалысты геометриялық тұрғыдан қарастыратын бөлім.(Динамика)
9. Мектепте оқытылатын геометрия пәнінің негізін салушы (Евклид)
10. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім (Дмитрий Менделеев)
11. Санның жүзден бір бөлігі (Процент)
12. Біздің құлағымыз қандай жиілікті естиді? (20 - 20 000 Герц)
13. Ұшақтың ұшу биіктігін анықтайтын құрал? ( Альтиметр)
14. Ең кішкентай заряд? (Электрон)
15. Сүт қанша градуста қайнайды? (100 градус)
16. Монитор мен көздің ара қашықтығы қандай болу керек (60 - 70 см)
17. Адамның денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
18. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)
19. Геометрия терминінің мағынасы (жер өлшеу)
20. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
1 - жүргізуші ______________тобының сұрақтары:
1. Плутонның серігі? (Харон)
2. Бүтін сандарға қандай сандар жатады? (Натурал сандар, натурал санға қарама қарсы сандар, және 0 саны)
3. Күштің өлшем бірлігі не? (Исаак Ньютон)
4. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі әрі физигі кім? (Рене Декарт)
5. Квант теориясының негізін салушы кім? (Неміс ғалымы Макс Планк)
6. Кеңістіктегі негізгі фигуралар? (Нүкте, түзу, жазықтық)
7. Жасанды жарық көзі не? (от, сіріңке, шам, факел, шырақтар)
8. Кез келген санның 0 дәрежесі неге тең. ( 1 - ге тең)
9. Ядро неден тұрады (Протон, Нейтрон)
10. Молекулалардың жылдамдығын анықтаған кім (Григорий Михайлович Штерн)
11. Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (Аксиома)
12. Жұлдыздық шама нені сипаттайды? (Жұлдыздан келетін жарық ағынын)
13. Біздің галактиканың формасы қандай? ( Спиральді)
14. Ең кішкентай заряд? (Электрон)
15. Сүт қанша градуста қайнайды? (100 градус)
16. Алғашқы компьютер қашан қайда шықты? (АҚШ 1946 ж)
17. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас қалай аталады? (интерфейс)
18. Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым (Информатика)
19. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)
20. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
2 - жүргізуші
3 бөлім. Тамаша үштік (математика физиктерге сипаттама беріледі осы арқылы оның кім екенін табу керек). Ойлануға 1 минут уақыт беріледі
1. 1540 - 1603 жылдар аралығында өмір сүрген француз математигі. Элементар алгебраны енгізген. Коэффицент үшін әріпті өрнектеуді енгізеді. Алгебралық теңдеулердің түрлері мен коэффициентінің тәуелділігін беретін формулалары белгілі.(Франсуа Виет)
2. Біздің эрамызға дейінгі 547 - 624 жылдарда өмір сүрген. Көне ғалымдар мен философияның негізін қалаушы грек ойшылы. Заттардың барлық түрлері мен құбылыстарын суға тіреген. Бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасын тең кесінділерге бөлсе, онда оның екінші қабырғасында тең кесінділерге бөледі. (Фалес)
3. Француздың ұлы физигі және математигі электродинамиканың негізін қалаушылардың бірі. Электр тогы ұғымын енгізуді және магниттік токтар гипотезасы негізделген механизм білімін құрады. Максвель оны « Электр Ньютоны» деп атады. Электр тогының өзара әрекеттесу механизімін ашты және осы әрекеттесу күші үшін сандық қатыстарды негіздеді.
(Андре Мари Ампер)
1 - жүргізуші
4 Бөлім. Формулалар сайысы (әр топқа бір парақ қағаз беріледі, оған 3 минут ішінде математика физика формулаларын жазу керек. Дұрыс және көп жазған топ жеңімпаз болады)
2 - жүргізуші
Топтар дайын болғанша көрермендермен сайыс жүргізейік.
1. Қалайша жұмыртқа 3 метр ұшып жарылмауы мүмкін? (жұмыртқаны 4 метрге лақтырса, онда алғашқы 3 метрде жарылмайды).
2. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6 адам)
3. Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын. (Мамық)
4. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша 2 мандарин жеді, қалғанының жартысын Дина жеді. Сонда қанша мандарин қалды?
( 3 мандарин қалды)
2 - жүргізуші
5 бөлім. Полиглот (бұл сайысқа қазақ тілінде жұмбақтар айтылып, соларды шешу керек. Жауабын шешкен соң, оны орыс ағылшын тілдерінде аудару қажет)
1. Арқалап бірін қоймай көтерегеннің,
Аяғы еш уақытта талған емес. (Білім, оразование, education)
2. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.(Кітап, книга, book)
3. Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sun)
4. Бар ма жоқ па бірақ оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)
5. Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер (От, огонь, fire)
6. Жоқ өзінде баста қаста мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, ленейка, ruler)
7. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? ( дәреже, степень, degree)
1 - жүргізуші
6 бөлім. «Сиқырлы текше» сайысы (Бұл сайыста әр командадан кезекпен - кезек оқушылар шығып, текшені лақтырғандағы түскен жағындағы тапсырманы орындайды, текшенің үш жағына алгебра, геометрия, физикадан есептер, ал үш жағына сұрақтар жазылған).
1 - сұрақ А. Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші. (Тауық)
2 - сұрақ Адамның алғашқы көлігі не? (Балалар арбасы)
3 - сұрақ И. Ньютонның 1687жылыбүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не?(Алма)
1 - есеп Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрышы 98℃ тең осы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышын тап? (16℃, 82℃, 82℃ )
2 - есеп Көлемі 2л керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшері? (70, 4 кДж)
3 - есеп x2 - 19x+18=0 теңдеуінің бір түбірі 1 ге тең болса, екінші түбірін табыңдар? (X1=1, X2=18)
2 - жүргізуші
7 - бөлім «Шахмат ойыны» (Бұл сайыста әрбір топқа шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген сурет беріледі. Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады). Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Топтар дайын болғанша музыкалық сәлемді қабыл алыңыздар:
1.«Сан - математика ғылымының іргетасы»- бұл цитатаны айтқан Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков, физика - математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы 220 - дай еңбегі жарияланған.
2. «Із кесуде - графтар теориясы жатыр»- бұл қанатты сөзді айтқан Жаңбырбаев Бегалы Сәдуақасұлы. Қазақтың үздік математиктерінің бірі. 30 - дан еңбектері бар.
1 - жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі білім сайысының қорытындысын әділқазылар алқасы шығарғанша барлық оқушылар үшін әзіл есептер берейік:
Таныс емес қалаға келген математик шашын алдырмақшы болады. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің шашы қалай болса солай алынғанын байқайды. Ал екіншісіне келсе? жұмыс жасайтын жері тап - таза үсті басы мұнтаздай, шашы тамаша алынған екенін байқайды. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барады. Неге деп ойлайсыздар?(Қалада екі ғана шаштараз болғандықтан, әр қайсысы бірінің шашын бірі алған. Демек, бірінші - жақсы шаштараз).
Әділқазылар алқасының қорытындысы шығарылса кеш қорытындыланып жарысқа қатысқан оқушыларды марапатталады.
«Нақты ғылымдар еліне саяхат» Сайыс сабақ 8 сынып
- 44576_66_k
- 8 желтоқсан 2015
- 4290
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Нақты ғылымдар еліне саяхат, сайыс сабақ 8 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты сағат
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін...Әй, осы математика
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге...Озық ойлы оқушы (сайыс сабақ)
Атырау облысы, Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Жантумаева Динара Абатқызы...Математикалық сайыс
Қуандықова Әзима...Бақытты сәт ойыны (сыныптан тыс)
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ математика пәні мұғалімі Искакова Эльмира Кенбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.