Сайтқа кіру Тіркелу

Зерделілер мен зейінділер

Сыныптан тыс жұмыс: «Зерделілер мен зейінділер»
Мақсаты:
Білімділік: сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, математика пәнінен алған білімдерін пысықтау, логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.
Дамытушылық: оқушылардың дұрыс нәтиже жасай білу біліктілігін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, тақырыптық сөз, «Математиканың өзіне тән тілі бар, ол – формула» ұлағатты сөзі

Сайыстың барысы:
1 - жүргізуші: Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Математикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп - салдары бар.

2 - жүргізуші: Иә. Мәселен, әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның қызығушылығы былай туындаған екен. Бірде ата - анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздардың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик - ғалым болған екен.

1 - жүргізуші: Олай болса, біз де математиканың сырларын ашып көрейік.
Бүгінгі сайысымызда зерделілер мен зейінділер додаға түспекші.
Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
І. Тапқырлық
ІІ. Полиглот
ІІІ. Қателеспе!
ІҮ. Аудармашылар конкурсы
Ү. Шырпылар шытырманы
ҮІ. Кім жылдам?
ҮІІ. Көрермендер көзайымы

2 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге әділ бағасын беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырайық.
Шын жүйрік шабасынан табылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1....
2....
3....

І. Тапқырлық
Бұл кезеңде қатысушыларға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс берілген жауапқа 10ұпайдан беріліп отырады.
1. Египетте қаланған көпжақ. (Пирамида)
2. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш)
3. Он күндік қалай аталады? (декада)
4. Қандай фигура күннің көзімен достасқан? (сәуле)
5. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай, 666 санын бір жарым есе арттыр. (999)
6. Геометриядан жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)
7. «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей - ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)
8. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? (айырмасы 2 - ге тең жай сандар. Мысалы, 5 пен 7)
9. Есімдері әр түрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
10. 2, 5таяқтың неше ұшы бар? (6)
11. Қатарынан тұрған үш санның қосындысы сол сандардың көбейтіндісіне тең. (1, 2, 3)
12. Натурал сандар нешеден басталады? (1)
13. Жоқты білдіретін сан. (0)
14. Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос)
15. Қандай жолмен адам ешуақытта жүрмейді? (құс жолымен)
16. 2 - ге бөлінетін сандар. (жұп)
17. Кімді математика королі деп атаған? (К. Гаусс)
18. 444 саны 3 - ке бөліне ме? (иә)
19. «Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін» деген кім? (Постников)
20. Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын»- деп айтқан ғалым. (Архимед)

ІІ. Полиглот
Сайыстың бұл кезеңінде қатысушыларға математикаға қатысты жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың жауабын 1 тілде айтылса 10ұпай, 2 тілде айтылса 20ұпай, 3 тілде айтылса 30ұпай беріледі.
1. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан - жағыңа қарамай. (Натурал сан)
2. Өмірің сенің қызық,
Жолыңда жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
3. Егер Т - дан бастасаң, санмын,
Т - ны алып тастасаң, жаумын. (Төрт)
4. Балғасы жоқ орақпын,
Бедел - бағым зор - ақ тым. (Бес)
5. Бір шеңберді бір шеңбер
Көтеріп тұр білсеңдер.
Айтшы, қане, бұл қай сан? (Сегіз)
6. Бүкірлеумін, имекпін,
Мойнындаймын үйректің.
Сабағыңды білмесең,
Мені аласың күнде сен. (Екі)
7. Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң аузыңды өртейтін нәр. (Бұрыш)
8. Білмегенге жоқ сан,
Білгендерге көп сан.
Сан соңында кезіксе, ол көп сан.
Сан алдында кезіксе, ол жоқ сан. (Нөл)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×