Пәні: Математика 2 - сынып
Тақырыбы: Сағат. Минут
Мақсаты: а) Уақыт бірліктері сағат пен минут туралы түсінік беру, Рим цифрлары туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.
ә) Білімдерін, таным - түсініктерін, есепті талдау және шығару дағдыларын дамыту.
б) Уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сағат, доп
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық даярлық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6 мысал
ІІІ. Өткен сабақты бекіту: «Доп лақтыру» ойыны
Мұғалім допты сұрақ қою арқылы оқушыға береді. Ол жауап беріп, қайта мұғалімге береді.
• 1 кг - да қанша грамм бар?
• Фигуралардың периметрін қалай табамыз?
• 4+6=?
• Жақшалы өрнекте бірінші қай өрнек орындалады?
• 1м=? дм бар? (10дм)
• 1дм*90см қайсысы үлкен?
ІV. Жаңа сабақ
• Ой шақыру. 1 - слайд: Жұмбақ
Сыртылдайды күнімен, Білгің келсе уақытты,
Сыртылдайды түнімен Көрсетеді тілімен. (Сағат)
• Сағат не үшін керек?
• Біз сабаққа нешеде келеміз?
• Мағынаны тану. 2 - слайд
Ертеде адамдар сағат пайда болмас бұрын уақытты күнге қарап, әтештің шақырғанына қарап, тіпті кей елдерде есектің ақырғанына қарап та ажырата білген. Қазақтар күнге қарап уақытты былайша болжаған:
Таңертеңгі күн шыққан уақыт – сәресі
• Күн тас төбеге келген кез – талтүс
• Түс қайтатын уақыт – бесін
• Күн байыр шақ – екінді
• Күн ұясына қонған кез – ақшам деп аталған.
Ең алғаш рет сағат Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағаттардың түрлері өте көп. Суға төзімді сағаттар, аса суыққа төзімді сағаттар, жар сағаты, қол сағаты, жүзік - сағаттар, электронды сағаттар, қалта сағаттары т. б. бар.
3 - слайд: Сағат түрлері
4 - слайд: Рим цифрлары
Сағаттардың кейбірі Рим цифрімен таңбаланады. Оларды оқып - тани білу керек.
І ІІ ІІІ ІV V VІ VІІ VІІІ ІХ Х ХІ ХІІ
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
V. Практикалық жұмыс
А) Сағат арқылы түсіндіру:
Сағаттың ішіне жазылған сандар циферблат деп аталады. Сағаттың екі тілі немесе үш тілі болады. Олар: сағаттық тіл (қысқа тілі), минуттық тіл (ұзындау тілі), секундтық тіл (жүріп бара жатырған тілі) деп аталады. Минуттық тілі 60 айналғанда 1 сағат болады. 1 сағатта=60 минут бар. Қысқаша сағ. мин. деп белгіленеді.
Б) – таңертең нешеде тұратыныңды;
- Сабағың нешеде басталатынын сағат тілдері арқылы көрсет.
В) Ойын: «Сағат тілі ме, минут тілі ме?»
Шарты: Сағат тілін көрсетсе – балалар қолдарын көтереді, минут тілін көрсетсе – қолдарын екі жанға жаяды.
VІ. Оқулықпен жұмыс
№1. Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр? Неше минут өтті?
• 11 - ден 5 минут кетті.
№2. Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр?
1100 200немесе1400 600немесе1800 900немесе2100
№3. Бекжан үй тапсырмасын орындауға неше минут жұмсады?
а) сағ1200 в) сағ2001 сағ = 60 мин
60 мин + 60 мин = 120 мин = 2 сағ.
№4.
Ә – 30 мин Ш: 30 мин + 30 мин = 60 мин – 1 сағ.
С -? 30 мина 1 сағ + 30 мин = 90 мин – 1 сағ 30 мин
Е -? сонша Ж: Е – 1 сағ 30 мин орындаған.
VІІ. Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей, Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір. Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай – ақ.
№6. Фигуралардың периметрін анықта:
АВСД = 3см + 3см + 3см + 3см = 12см
СКДL= 3см + 4см + 3см + 4см = 14см
ВКАL= 3см + 7см + 3см + 7см = 20см
№7. Берілген шаршылардың периметрінен 4 см кем периметрге ие шаршы сыз:
А) Бер: 16см – 4см = 12см Ә) Бер: 12см - 4см =8см
3. Ой толғаныс: Бес жолды өлең
1. Не? Сағат
2. Қандай? Дөңгелек, төртбұрышты
3. Не істеді? Жүрді, тықылдады, тоқтады
4. 4 сөзден тұратын сөйлем: Сағат – уақыт мөлшерінің бірі.
5. Мағыналас сөз: Уақыт
VІІІ. Сабақты бекіту:
• Бүгін қандай уақыт бірлігімен таныстық?
• Сағаттың тілдері қалай аталады?
• 1 сағ. неше минут бар?
• Сағаттан кіші уақыт өлшемі не? (Минут, секунд)
• Біз 1 минутта неше сөз оқуға тиіспіз? (45 - 55сөз)
ІХ. Үйге тапсырма: №5 мысал. Уақытқа қарап шығар
Бағалау. Қорытынды.
Сағат. Минут
- mmm
- 21 сәуір 2015
- 21073
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан сабақ жоспары, Рим цифрлері, уақыт бірліктері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі КТЖ. 5 сынып
«Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып...Уақыт бірлігі. Сағат. Минут
Мақсаты: Уақыт өлшем бірліктері - сағат және минутпен, олардың өзара қатынасымен таныстыру. Уақыт туралы түсінік қалыптастыра отырып, ғылыми...Қызықты әзіл - есептер
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Талапов Ерасыл Жетекшісі: Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...Уақытты өлшеу
Базарова Роза...Логикалық есептер
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махимова Раушан Мубаракқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.