Сайтқа кіру Тіркелу

"Үздік математик"

«Үздік математик»!
Сабақтың тақырыбы: «Үздік математик»!
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекілігі: Карточкалар, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Армысыздар құрметті ұстаздар, 5 сынып оқушылары және сайыскерлер, көрермендер! Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 сынып оқушылары арасында өтетін «Үздік математик» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайысымызға әділ – қазылық білдіретін ұстаздарымызбен танысып өтейік:
Жиналған ылғи дарындылар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Білімді оқушыларды халайық!
Қол соғып қарсы алайық!
Құрметті оқушылар сіздерге сәттілік. Сайысымыз 6 турдан тұрады. Сайысымызды әділ – қазылар ұпаймен жинап отыратын болады. Сайыста ұпайды көп жинаған оқушы «үздік математик» номинациясына ие болады. Ең алдымен әр оқушы өздерін таныстырып өтсе.
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін оқушылар өздерін таныстырып, математика пәні несімен қызықты екенін де білетін боламыз. Алдымен оқушылардан өз нөмірлерін таңдауды сұраймыз. Әзірше, әр оқушы өздерін таныстырып өтсе.
Сайыстың кезеңдері:
І тур – 10 сұрақ қойылады. «иә, жоқ» (5 - сыныптан өткен тақырып бойынша)
ІІ тур – «Маған математика пәні қызықты.................» өздері слайд немесе буклет жасап келу.
ІІІ тур – Сіріңке шырпысы қолданылатын тапсырма (Карточка беріледі, соны табу) \
ІV тур –« Математикалық жұмбақ» \
V тур – «Көңілді қосу....» \
VІ тур - «Асық таңдау.» \
І турымызды бастаймыз.
1 – оқушының сұрақтары:
1. Квадраттың периметрі Р=4а тең. (иә)
2. 69 градус доғал бұрыш. (жоқ)
3. 41 жай сан. (иә)
4. Дөңгелек секторы 5 еу болады. (иә)
5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді, бұл натурал сандарды қосудың терімділік қасиеті. (жоқ)
6. Бір сағатта 360 минут бар (жоқ)
7. 1 кг мақта мен 1 кг темірде екеуі тең. (иә)
8. Жай бөлшекті қосқан кезде алымын алымына, бөлімін бөліміне қосамыз (жоқ).
9. Жай бөлшекті бөлген кезде алымын алымына, бөлімін бөліміне бөлеміз. (жоқ).
10. Ондық бөлшекті қосқанда үтірдің астына үтірді жазып, жетпеген жерді нөлмен толықтырып, үтірге мән бермей қоса береміз. (иә)
2 – оқушының сұрақтары.
1. Тіктөртбұрыштың периметрі (P=2(a+b)). (иә).
2. 1 саны жай сан. (жоқ)
3. 3 санына бөлінгіштік белгісі: цифрларының қосындысы 3 - ке бөлінетін болу қажет (иә).
4. 72 градус сүйір бұрыш. (иә).
5. Шеңбердің радиусі шеңбердің ұзындығына тең. (жоқ).
6. Жай бөлшектерді көбейту дегеніміз, оларды ортақ бөлімге келтіру. (жоқ).
7. Жай бөлшектерді бөлу дегеніміз, екінші жай бөлшекке кері бөлшек тауып, оны көбейтумен алмастыру. (иә).
8. Бұрышты өлшейтін құрал, сызғыш. (жоқ).
9. Ондық бөлшектерді салыстыру дегеніміз, қайсында сан көп соған қараймыз. (жоқ).
10. Ондық бөлшектерді көбейту дегеніміз, үтіріне мән бермей көбейтіп, соңынан шыққан мәннен ондық бөлшекте қанша үтір бар, соған байланысты соңынан үтір қайыру.
3 - оқушының сұрақтары.
1. Кесіндіні өлшейтін құрал Сызғыш. (иә)
2. 1 саны жай да, құрама де емес. (иә).
3. 56586 саны 5 ке бөлінеді. (жоқ).
4. 179 градус доғал бұрыш. (иә)
5. Шеңберді өлшейтін құрал транспортир. (жоқ).
6. Жай бөлшекті азайту дегеніміз, оларды ортақ бөлімге келтіріп, толықтауыш көбейткішін тауып, алымдарын азайту.
7. Аралас сандарды салыстырғанда. ең алдымен бөлшегіне қараймыз. (жоқ)
8. Толық бұрыш 180 градус. (жоқ)
9. Ондық бөлшектерді азайтқанда үтірлерін алып тастап азайтамыз. (жоқ)
10. Ондық бөлшектер бөлінбейді. (жоқ).
4 - оқушының сұрақтары.
1. Натурал сандардың терімділік қасиеті дегенімізе қосылғыштардың орындарынауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. (жоқ)
2. Шеңберді өлшейтін құрал циркуль (иә)
3. 36 саны жай сан (жоқ)
4. 360 градус жазыңқы бұрыш (жоқ)
5. 369 саны 9 ға бөлінеді ме? (иә)
6. 17 ден 18 бөлшегі бұрыс бөлшек. (иә)
7. 1 саны тек құрама сан. (жоқ)
8. 2, 7 санын кесіндіге салғанда, 2 мен 3 тің аралығында аламыз (иә)
9. Аралас сандарды салыстырғанда ең бірінші бүтін бөлігіне мән береміз, кейін жай бөлшегіне мән береміз. (иә).
10. 36 және 36, 0 және 36, 0000 бұл сандар өзара тең. (иә).
Рахмет құрметті біздің қатысушылармыз. Әділ – қазылар есептеп отырар. Ал біз болсақ сайысымызды жалғастырамыз. ІІ турымызға кезек берейік. (Әр оқушы «Математика пәні қызықты оларға несімен қызықты екенін..... білеміз. Сол туралы айтып береді). Жақсы құрметті оқушылар. Рахмет.
Келесі кезегіміз ІІІ тур, шырпымен жұмыс, яғни сіріңке шырпысы қолданылатын тапсырма.(Әр оқушыға карточка беріледі. 5минут беріледі.) олар өздері отырып, іздейді.
жауабы
ІV тур - Математикалық жұмбақтар
1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)
3. Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек. (домбыра)
4. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік)
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
6. Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар. (Кит)
7. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп. (Қалам)
8. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді. (Көз)
V тур – «Көңілді қосу....» (жоғарғы балл 15 балл). Осы турда оқушыларымыз өз өнерлерін, шеберлігін көрсетеді.

VІ тур - «Асық таңдау.»
1. Алдар көсе ауылға келе жатты. Жолда ол байды және оның үш нөкерін кездестірді. Осы ауылға қанша адам бара жатты? Алдардың өзі Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды?
Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5
2. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды?
3. Бір – бірімен жарысқа,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
4. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)
5. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)
6. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (Барлығы 15)
7. 2 мысық 2 минутта 2 тышқан жейді. 1) 4 мысық 4 - минутта неше тышқан жейді? 8 - тышқан
3 мысық 3 тышқанды неше минутта жейді? 2минутта
Басталық ақыл - ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе...
Ал көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. – деп әділ – қазы алқасына сөз кезегін бергім келіп тұр. Бүгінгі күннің жеңімпазын айтсақ.
Бүгінгі біздің «Үздік математика» интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет. Қош, сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×