Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы №266 мектеп-лицей
Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы
Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі,ғылымдар жүйесінде математика айрықша орын алады. Математиканың ерекшелігі – оның қолданылымының әмбебаптығы.
Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды.Ол өмір талабынан,ғылыми-техникалық прогрестік дамуынан туындайды.Кез келген ғылымдағы обьектіні зерттеу үшін математикалық модельдеу әдісін қолданады.
Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес.Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды,теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де,айырбасталмайтын құралы болып табылады.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында,математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.
Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады.Соның ішінде математиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін,қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің математиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.
Математика – абстрактілі ғылым.Сондықтан оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімнің сабақтас пәндерден деректер келтіруін қажет етеді.Мектептің басқа оқу пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып,оқушылар өтілетін материалды сапалы түрде меңгереді.
Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Математика сабағында пәнаралық есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияларды, есептердің шешімін табуға қолдануды үйренеді, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың жаңа тарауларын оқып үйренеді.Басқаша айтқанда, есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігін дамытады. Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді шешу барысында оқушы математикалық білімін қолдануды үйренеді.
Оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық білім,білік,дағдылары олардың өндірісте өздігінен білім жетілдіруіне негіз болады.Кез келген өндіріс орындарында техниканы,шикізатты,жанар-жағар май,энергия ресурстарын,азық-түліктерді тиімді пайдаланудың және жұмысты тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі туады.Осындай коптеген мәселелерді қамтитын күнделікті өмірде жиі қолданатын мазмұнды есептерді іріктеп алып,ұсынуға болады.
Табиғаттағы құбылыстар мен өзгерістерді зерттеумен,табиғаттың рухани және материалдық байлықтарын ұқыпты игеруде өлшеп,есептеп,саралап алмай мәселені шешуге тіптен болмайтыны өзінен-өзі белгілі.Міне,осы кезде математиканың табиғаттағы , адам өміріндегі рөлі айқындалады.Математикалық модельдеу әдісі қазіргі кезде математикалық экономика,математикалық биология,математикалық лингвистика,технология,бионика,тағы да басқа ғылымдардың көптеген салаларында терең қолданылып,ғылымның дамуына зор үлесін тигізуде.
Модельдеу әдісі – табиғатты танып білудің құралы.Модель мен төлтума шынайы обьектінің арасында белгілі сәйкестік болуы керек.Осы сәйкестіктің көмегімен модельдік білім шынайы обьектіге қолданылады,салыстырмалы жасанды жүйе туралы білім табиғи жүйеге таратылады.
Модельдеу әдісі бір объектіні танып білуден өзгесін немесе өзге объектілерді танып білуге өтуді білдіреді. Модель – кейбір нақты өмірде бар немесе ойда елестететін жүйе.
Шын мәнінде, мектептегі математика курсының кез келген тақырыбы математилық модель құрастырумен аяқталады,оны құрастыруға индуктивтіде,дедуктивтіде әдістер қолданылады. Талқылау нәтижесінде қандай да бір формула, график, алгоритм және тағы басқа шығарып алғанда модельдеу ісімен айналысамыз.
Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Мектеп математика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – математиканың қолданбалы мүмкіндіктерін ашу.Физикалық,химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар математикалық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді.
«Негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылым дүниесінің базистік негіздерінен меңгеруі,.....тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы болып табылады» деп көрсетілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында(1)»
Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз.
Бұндай есептер берілген пәннің сабақтарында әртүрлі мақсаттармен қолданылады: оқушылардың сыбайлас пәндерден алған білімдерін қолдану және бекіту үшін; оқушылардың бағдарлылық білімдері мен біліктерін қалыптастыру үшін; оқытылып отырған пәннің тарихы бойынша оқушылардың білімін кеңейту үшін,т.б.Мысалы,жаңа буын оқулығына жататын Алдамұратованың «Математика-5» оқулығында практикалық мазмұнды есептер күнделікті өмірдің сан қилы қырларын қамтыған:ұжымдық шаруашылық,егіс алқабына егіс егу,түсім алу,жер жырту,мұнай өндіру,ұн тарту(диірменмен),жинақ кассаларының амалдары,киіз үй,оның бөліктері(атаулары)т.б.
Сонымен қатар, абстрактылы алгебралық түрлендірулерді физика және басқа пәндердің мазмұнды жаттығуларымен және есептерімен толықтырып отырған жөн. Мысалы, оқушыға b=x/a немесе c=ax2/b өрнегінен х-ты табудың орнына Q=m/v өрнегінен v – ны табуды ұсыну пайдалы.
Математика сабақтарында пәнаралық есептердің қажеттілігі – бұл пәннің көп ұғымдары нақты физикалық – техникалық,экономикалық мазмұнды есептерді шешу арқылы енгізіу қажеттігінен туындайды.Мысалы:вектор,туынды,интеграл ұғымдары,тәуелділіктің графиктік кескіні,теңдеулер және олардың жүйелері,теңсіздіктер және олардың жүйелері және тағы басқа есептерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатынан да туындайды.
Орта мектептің математика сабақтарында қолданылатын пәнаралық есептер төменгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
1.Нақты математикалық материалдың баяндалуын бұзбауы керек,керісінше,оны ұғынуға көмектесу керек;
2.Оларды шығару процесінде қолданылатын фактілер мен әдістердің мазмұны бойынша мектептік бағдарламаларға және оқулықтарға сәйкес болуы керек;
3.Оқушылар үшін түсінікті тілде тұжырымдалуы керек.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
-Егемен Қазақстан,26 желтоқсан.2004 жыл
2.Серікбаева В.Е. «Жаңа буын оқулығы мен пәнаралық байланыстар»
-ИФМ,№5,2001 жыл./-36 бет/
3.Максимова В.Н. «Межпредметное связи и совершенствование процесса обучения»
-М,Просвещение.1984г./-143ст/
Мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер және оларға қойылатын талаптар
- Гулнур84
- 30 наурыз 2012
- 9824
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, курстары, қойылатын, талаптар
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты математика» авторлық бағдарлама
Бұл бағдарлама математика саласы бойынша оқушы білімін тереңірек меңгертуге арналады. Математика - бастауыш сыныптағы негізгі де маңызды негіздердің...Математиканы оқытуды жетілдіруде тиімді технологияларды қолдану.
Қызылорда қалалық жалпы білім беретін кешкі мектептің математика пәнінің мұғалімі Шадиева Қатира Нәнтайқызы...Математика курсын оқытудағы пәнаралық қатынастар
Педагогикалық сөздікте пәнаралық қатынас түсінігін оқулық бағдарламаның өзара келісімі деп анқтаған. Пәнаралық қатынастар оқушылардың білімін...Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...Нарықтың талабы-экономикалық білімдендіру
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.