Математика 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту ережесінің тұжырымдамасын білу және оны сандарды көбейтуде пайдалануға үйрету.
Дамытушылық: Әртүрлі сандарды көбейту ережелерді қолдану жөніндегі білімдерін дамыту. Сабақта асықты пайдаланып ойын түрінде түрлендіру арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттігін арттыру.
Тәрбиелік: Есептерді дұрыс әрі ұқыпты орындауға баулу.
І кезең мақсаттары:
а) Ұйымдастыру;
б) Үйге берген деңгейлік тапсырмаларды тексеру. (Оқушылар бір - бірін тексереді)
в) Жаңа тақырыпты меңгеруге қажет болатын өткен материалдарды қайталау.
1. Мазмұны (жұмыс дәптерінде)
2. Әдісі: сұрақ - жауап.
3. Формасы: жеке, топтық
4. Құрал: жұмыс дәптері
ІІ кезеңнің мақсаттары:
а) 1. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу.
2. Мазмұны (жұмыс дәптерінде)
3. Әдісі: Оқулықпен өз бетімен іздену.
б) 1. Мұғалімнің көмегімен берілген тапсырмаларды бірге талқылап, оқушылардың өзіне ереже, анықтамаларды қорыту сәті.
2. Мазмұны (жұмыс дәптерінде)
в) 1. Осы кезеңде меңгерілген теориялық білімдерін бекіту.
2. Мазмұны. (жұмыс дәптерінде)
3. Әдісі: Бекіту әдісі. Асық ойны
ІІІ кезеңнің мақсаттары:
а) «Түсіну» І - ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп - салдарын анықтайтын тапсырмалар орындау.
б) «Өзгертілген жағдайда қолдану», «Талдау», Алған білімдерін түрлендіріп қолдану. Алған білімдерін жетілдіріп «жинақтау», «қорытынды жасау», тақырыптың мазмұнына баға бере алу.
«Көпір» тапсырмалары
І - кезең
1. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
......................
2. Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
.................
3. Екі теріс санды қалай азайтамыз?
....................
«Білу» тапсырмалары
Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейткіштер теріс сан болады.
(-) ∙ (+) = (-),
(+) ∙ (-) = (-).
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан.
(- а) ∙ в= - ав,
а ∙ (- в) =- ав.
Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейткіштер оң сан болады.
(-) ∙ (-) = (+),
(+) ∙ (+) = (+).
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.
|- а| ∙ |- в| = ав,
Мысалы: |- 30| ∙ |- 3| = 90.
Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады. а∙ 0 = 0.
Кез келген санды 1 - ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады. а∙ 1 = а.
Мысалы: (- 2, 5) ∙ 1= - 2, 5
Кез келген санды - 1 - ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама - қарсы санға тең.
а∙ (- 1) = - а,
- а∙ (- 1) = а.
«Жинақтау» тапсырмасы
Асық ойыны.
Көбейтіндіні табыңдар:
1) 40• (- 8)
32• (- 16)
60 • (- 30)
2) - 7• 5
- 19• 8
- 50 • 20
3) - 250 •120
- 640 • 800
- 300 •100
4) 10 •(- 1500)
- 200 • 700
- 8 •1000
Қолдану тапсырмасы
Асықты пайдаланып оларын жинақтап, қолдануға бейімдеу.
№523 (2, 4)
№ 524(2, 4, 6, 8)
№528 (2, 4)
«Баға беру»
«Сен қалай ойлайсың?»
Таңбалары әртүрлі екі санды көбейткенде таңбаға мән берілу керек пе, жоқ па?
Таңбалары әртүрлі екі санды көбейткенде таңба...
№525 ауызша
«Білу» теориясы
ІІІ кезең
Бос орынға тиісті сөзді жаз:
1. Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін ...................
2. Қарама - қарсы сандардың көбейтіндісі неге тең? ............
3...........
4............
Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту
- essekeevaraushan
- 31 қазан 2014
- 10539
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ математика, таңбалары әртүрлі сандарды көбейту, 6 сынып математика
Ұқсас жаңалықтар:
Рационал сандарды көбейту және бөлу
Рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру. Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс...Теріс сандарды қосу
Есеп: Кешке термометрдің көрсетуі - 2 ⁰С болды. Түн ортасында термометрдің көрсетуі тағы да - 4⁰С - қа төмендеді. Түн ортасында термометр неше...Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; Дамытушылық:...Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ математика, информатика пәнінің мұғалімі Турмухаметова Асел...Математика 3 сынып тест
Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.