Сайтқа кіру Тіркелу

Көбейтудің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

ТАҚЫРЫП: Көбейтудің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
Тақырып: Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі.
Сілтеме: күнтізбелік жоспар, әдістемелік нұсқаулық, 5 сынып оқулығы.
Жалпы мақсаттар:
• Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігімен танысады.
• Есептер шығаруға үйренеді
• Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа үйренеді.
Күтілетін нәтижелер:
• Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігін біледі
• Есептер шағара алады.
• Топпен жұмыс жасауға үйренеді.
Орындалатын іс әрекеттер:
• Ұйымдастыру кезеңі
• Психологиялық бағыт беру (сергіту сіті)
• Топқа бөлу
• Сабаққа дайындықтарын тексеру
• Үй тапсырмасын тексеру.(“ыстық орындық”, жеке оқушылырға сұрақ қою)
Тақырып бойынша есептер шығару. Ой толғау.
• Постер тарату. Ережелерге мысал келтіру дәлелдеу.(карточка тарату)
• Қорғау.
• Бағалау
• Кітаппен жұмыс
• Сабақты бекіту
• Сабақты қорыту. рефлекция
• Бағалау.
• Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі:
1, 2, 3 - ке санау арқылы оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлайды, топ ережесін еске түсіреді;
Сергіту сәті:
әр топ бір біріне жақсы лебізін білдіріп, сәттілік тілейді.

Ыстық орындық:
Үй тапсырмасын тексеру. (орындыққа бір оқушы отырып қойылған сұрақтарға жауап береді, бағаланады)
Жаңа сабаққа кіріспе:
Балалар! Сендерге жұмбақ есеп жасырайын, қай топ аузша, жылдам шешімін есептеп айтады және түсіндіреді.
Айгүлде 800 теңге, ал Сабырда 400 теңге және Айбарда 300 теңге бар. Олар ақшаларын қосып теңдей бөліп ала алама?…
Әрқайсысы неше теңгеден алады?...
Сонымен балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз:

Көбейтудің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі
Постермен топтық жұмыс.
(топтарға постер мен бағалау парағы таратылады, оқулықпен жұмыс. Әр тапсырмадан кейін әр топ постерлерін қорғайды және бағалайды.)

Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе онда көбейтіндіде сол санға бөлінеді.
1 топ мына ережені дәлелдейді:
Мысал: 16x13x5 көбейтіндісі 4 - ке бөлінгіштігін анықтайық 16x13x5=(4x4) x13x5=4(4x13x5)=4x260
Тексеру: 16: 4=4, ал13x5 саны 4 - ке бөлінбейді.
(16x13x5): 4=1040: 4= 260

Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке жеке берілген санға бөлінсе, онда қосындыда сол санға бөлінеді

2 топ мына ережені дәлелдейді:
Мысал: (28+42+112) қосындысының 14 - ке
бөлінгіштігін анықтайық.
28+42+112=2x14+3x14+8x14=14x(2+3+8)=14x13
Тексеру: 28: 14+42: 14+112: 14=(2+3+8)=13

Егер азайғыш та, азайтқыш та берілген санға жеке жеке бөлінсе, онда айырма да сол санға бөлінеді.
3 топ мына ережені дәлелдейді:
Мысал: 48 - 16 - 8 қосындысының 4 - ке бөлінгіштігін анықтайық.
48 - 16 - 8=4x12 - 4x4 - 4x2=4(12 - 4 - 2)=4x6
Тексеру:(48 - 16 - 8): 4=48: 4 - 16: 4 - 8: 4= 12 - 4 - 2=6

Топ тапсырмалары:
1 топ:
● 543+84 қосындысы 5; 4; 3 сандардың қайсысына бөлінеді?
● 72+36 қосындысы 9; 8; 12 сандардың қайсысына бөлінеді?
2 топ:
● 136x85 көбейтіндісі 17; 13 сандардың қайсысына бөлінеді?
● 161x96 көбейтіндісі 19; 23 сандардың қайсысына бөлінеді?
3 топ:
● 75 - 25 айырмасы 5; 15; 3 сандардың қайсысына бөлінеді?
● 100 - 80 айырмасы 4; 6; 3 сандардың қайсысына бөлінеді?

Тексеру:
● 543+84=3x181+3x28=3(181+28)=3x209
● 72+36=12x6+12x3=12(6+3)=12x9
● 136x85=17x8x85=17(8x85)=17x680
● 161x96=23x7x96=23(7x96)=23x672
● 75 - 25=5x15 - 5x5=5(15 - 5)=5x10
● 100 - 80=4x25 - 4x20=4(25 - 20)=4x5

ЖИНАҚТАУ:
Постерлерін қорғайды, бағаланады.
Әр топ бір бірін тыңдайды, толықтырады, тілектері мен ұсыныстарын айтады.
Алған білімдерін қорытындылауға тапсырмалар беріледі( Кім жылдам? Енді әр оқушы жеке бағалану үшін жұмыс жасайды(жеке бағалау))

Топ тапсырмалары:
3топ
28+42 қосындысының 14 - ке бөлінгіштігін 75+100 қосындысының 25 - ке бөлінгіштігін
2топ
30x22 көбейтіндінің 15 - ке бөлінгіштігін
41x96 көбейтіндінің 32 - ге бөлінгіштігін
1 топ
21 - 14 айырманың 7 - ге бөлінгіштігін
35 - 20 айырманың 5 - ке бөлінгіштігін анықтайық

Тексеру:
28+42 =14x2+14x3=14(2+3)=14x5
75+100=25x3+25x4=25(3+4)=25x7

30x22=15x2x22=15(2x22)=15x44
41x96=41x36x3= 32(41x3)=32x123

21 - 14 =7x3 - 7x2=7(3 - 2)=7x1
35 - 20=5x7 - 5x4=5(7 - 4)=5x3

ҚОРТЫНДЫ:
Әр топтан екі-екі оқушы шығып, берілген тапсырмаларының шешуін бірін бірі тексеріп бағалайды.
Қателіктері болса түзетіп, топтарын тексереді, бағалайды.
Қортынды бағаның нәтижесін шығарады.
Үйге тапсырма
Сабақ жайлы пікірлерін тақтаға стикерлер жапсыру арқылы білдіреді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Жай сандар, құрама сандар 5 сынып

Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....
Есеп. Қанша қысқа

Есеп. Қанша қысқа

ауызша сұрақтар мен ойындар арқылы қосынды мен айырманың мәндерін жылдам табуға, сандарды жылдам салыстыруға дағдыланады. алғырлыққа, ептілікке,...
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері

Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілерімен таныстыру; Дамытушылық: Натурал сандардың 2 -...
2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Атырау облысы, Исатай ауданы, Қызылүй негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Губвашева Зоя...
Арифметикалық және геометриялық прогрессияның  алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы туралы алған білімін есептер шығаруға қолдану дағдысын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×