Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер шығару арқылы білімдерін жинақтау, жүйелеу, бекіту;
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Математиканы өмірмен байланыстыра отырып ұлттық ойындар арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Оқу нәтижесі - Өз пікірін айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер шығару алады.
- Өмірдегі теңсіздіктерді ажырата алады.
Тапсырмалар
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Қазақтың ұлттық ойындары
4. «Ақтан тартыс» ойыны
5. «Теңге ілу» ойыны
6. «Сақина салу» Сергіту сәті
7. «Қыз қуу» ойыны
8. «Бәйге» ойыны Топқа бөлінеді (ою - өрнек арқылы)
Өмірдегі теңсіздіктерді айтады.
Оқушылар өздері білетін ұлттық ойындарды айтады.
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау
Оқушыларды топқа бөлу
Оқу құралдарын дайындау, қазақтың ою - өрнегі қошқар мүйізі бойынша топқа бөлінеді, сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысу, Ою - өрнек қошқар мүйіздің суреті.
Түрлі – түсті маркерлер, бағалау парағы, интерактивті тақтадан слайдтер
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма.
Өміріміздегі – Теңсіздіктер.
Әр топ өздерінің үйден дайындап келген мысалдарын топ ортаға салып, параққа жазып, түсіндіріп айтып өтеді. Слайдта бағалау критерийлері жазылады, сол бойынша топқа ұпай беріледі. Сол ұпайды әрбір топ мүшесі өзінің бағалау парағына жазады. Бағалау бетшелері.
«Арқан тартыс» ойыны (топтық жұмыс) Оқулықтан тапсырма №286 есеп шығару, Оқушылар топтасып есеп шығарады, әрбір топтан шығарған есептерін тақтаға жазып көрсетеді. Бағалау критерийі:
4 есеп - 3 ұпай
3 есеп - 2 ұпай
2 есеп - 1 ұпай
1есеп - 0 ұпай
Слайд
Бағалау бетшесі
«Теңге ілу» жеке жұмыс Тапсырма:
5 теңге
[- 2; 4] ∩ [1; 6] =
10 теңге
[- 4; 1] ∩ [3; 7] =
20 теңге
(- 2; 4) È [1; 6] =
Оқушылар жеке есеп шығару арқылы теңгелер жинайды. Бағалау критерийі:
35 теңге - 4 ұпай
30 теңге - 3 ұпай
25 теңге - 2 ұпай
15 теңге – 1ұпай
Слайд
Бағалау бетшесі
«Сақина салу» сергіту сәті
(Диалогтік оқыту) Мұғалім ойынның шартын түсіндіріп, алақанына сақина салып бірінші топта отырған оқушыға тілек айтып береді, наурыз мерекесіне орай. Оқушылар бірінен соң бірі, бір - бірінің алақанына сақина салып тілек айтады. Сақина
«Қыз қуу» ойыны (жұптық жұмыс) Ойыннын шарты бойынша ер балалар сыныптағы өздерінің көрші жұп қыздарын есептер шығару арқылы қуады. Ұлдарға бірдей тапсырма беріледі. Қыздарға бірдей тапсырма беріледі. Егер берілген уақыт ішінде ұл берілген есебін шығарып үлгермесе, қасындағы жұбының тілегін орындайды.
Қыздардың тапсырмасы:
(2х - 1) 2<4х+61
Ұлдардың тапсырмасы:
- 3(х2+1) < 3х - 39
Ұлдар бірдей тапсырма орындайды. Қыздар бірдей тапсырма орындайды. Бірін - бірі бағалау Слайд, бағалау парақшасы.
«Бәйге» ойыны (жеке жұмыс) Шарты:
Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.
Ал сіздер тест тапсырмасын орындау арқылы жарысасындар. 10сұрақтан құралған тапсырма.
Оқушылар жеке тапсырма беріліп орындайды. 9 - 10 дұрыс жауап - 3 ұпай
8 - 7 дұрыс жауап - 2ұпай
6 - 5 дұрыс жауап – 1 ұпай
5тен төмен - 0 ұпай
Карточкалар жазылған тапсырма, бағалау парақшалары.
Бағалау Барлық ұпай сандарын қосып қорытынды баға шығарамыз Әркім өз бағалау парақшасы бойынша қорытынды ұпайларын шығарып жазады. Өте тамаша! Жарайсың!
10 - 11 ұпай - «5» баға
Тамаша! Алға!
9 - 8 ұпай - «4» баға
Жақсы! Бәрі алда!
6 - 7 ұпай - «3» баға
Ойлану керек! Қалма!
5 - төмен - бағаланбайды (жұмыстану керек)
Слайд
Қорытынды Сабақты қорытындысы
«Мен бүгінгі сабақта не үйрендім?» Оқушылар стикерлерге Стикерлер.
Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуге есептер шығару
- Жаннат Амангалиева
- 12 сәуір 2014
- 5969
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан ашық сабақ жоспары, квадрат теңсіздіктері, функциясының графигі
Ұқсас жаңалықтар:
Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу
Оқушыларға нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлудің мән - мағынасын аша отырып, есептер шығару. Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа,...“Туынды”тақырыбына есептер шығару
Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушылардың «Туынды» тақырыбында алған білімдерін бекіту Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға есеп шығару барысында...Квадраттық функция
Сабақ мақсаты: 1.Квадраттық функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;...Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.
Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Пайыз тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау....Кестеден тыс қосу және азайту
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы Математика 3...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.