Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруды, математикадан алған білімін қорытындылауда, тәлім - тәрбиесін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін шаралардың маңызы өте зор.
Жүргізуші:
Уа, халайық!
Бәріңе бірдей жар салайық,
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білмек ойы барларға
Бүгін болатын сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансын,
Евклид, Пифагордан бата алғансын
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән - математика атанғансын!
Жүргізуші:
Уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен сырласып, сандармен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Осы ойынға әділ де, дұрыс баға беретін әділқазы алқаларымен танысайық.
Жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Білімді оқушыларды халайық!
Қол соғып қарсы алайық!
Жүргізуші:
Мәнгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымыздын 1 туры «Бәйгені» бастаймыз.
Жүргізуші:
Бұл турымызда ойыншыларға сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Олай болса іске сәт!
Сұрақтар:
1. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?
( Шектеусіз, периодсыз ондық бөлшектер )
2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?
( Құрамында әрпі бар өрнекті)
3. Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
( Жақша ішіндегі алгебралық қосылғыштардың өз таңбалары сақталады )
4. Жай сан деп қандай санды атаймыз?
( 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін санды )
5. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталлады?
( Бір - бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер )
6. Сан аралықтарының неше түрі бар және оларды ата?
( 5 түрі бар: интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)
7. Гректің « параллель» сөзі қазақша қалай аударылады?
( Қатар жүруші )
8. Алгебралық өрнек дегеніміз не?
( Құрамында әріптер, сандар, арифметикалық амаалдар таңбалары және жақшалары бар өрнек )
9. Қарама - қарсы сандар дегеніміз не?
( Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар )
10. Тік бұрышты төртбұрыштың ені 4 см - ге тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын. Ауданы неге тең?
(ені - 4см, ұзындығы 4+5= 9см 4*9=36 см)
Жүргізуші:
Осымен біздің 1 тур «Бәйге» аяақталды. 8 ойыншының ішінен ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
2030 - дың бағдарлы биігі,
Білімнің еншісі мұны әркім біледі
Сондықтан достар - ау дарынды қарайық,
Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді, - дей отырып, сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
Жүргізуші:
Сайысымыздың «Жеті жұмбақ» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде әр түрлі жеті есеп беріледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші:
«Жеті жұмбақ» бөлімін бастаймыз.
Сұрақтар:
1. Қосарланып жетілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
( Ол да 27 км жүрген )
2. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
(10 торғай қалды, басқалары ұшып кетті )
3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы Олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
( Түйеқұстар ұшпайды )
4. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп калды, нешеуі тал басында қалды?
( Қара ағашта алма өспейді )
5. Бір - бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу, білді?
( Барлығы 11 )
6. Екі адам 5 метірлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1, 5 минут кетсе, бөренені қанша минут кетеді?
( 6 минут )
7. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
( Барлығы 15 )
Жүргізуші:
Осымен «Жеті жұмбақ» кезеңі аяқталды. Сөз кезегі сарапшыларда. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Ойынымыздың келесі бөлімі «Жанды сұрақтар». Сіздерге қойылатын сұрақтардың жауаптары 3 нұсқада беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай.
1. Координаталық түзуді кім енгізді?
А) Ньютон:
В) Декарт:
С) Галуа. (Декарт)
2. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы?
А) Жәутіков:
В) Искақов:
С) Садықов. (Жәутіков)
3. Жиын теориясынының негізуші қалаушы?
А) Декарт:
В) Галуа:
С) Кантор. (Кантор)
4. 5 сынып және 6 сынып «математиа» оқулықтарының авторы?
А) Ыбан:
В) Алдамұратова:
С) Макарывич. (Алдамұратова)
5. Пропорцияның қазіргіше жазылуын 1693 жылы қай математик енгізген?
А) Лейбниц:
В) Галуа:
С) Кантор. (Лейбниц)
Жүргізуші:
Осымен «Жанды сұрақтар» бөліміміз аяқталды. Сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жорға» бөліміне де келіп жеттік. Одан бұрын сөз кезегі сарапшыларда, ұпай аз жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Сәт сапар!
1. Айырмашылығы тек таңбалары ғана болатын сандар.
(Қарама - қарсы сандар)
2. 0 - ден үлкен сандар
(Оң сандар)
3. Оң сандардың қосындысы қандай сан?
( Оң сан )
4. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар.
( Натурал сандар )
5. Ең кіші жай сан. ( 2 )
6. Бұрышты өлшейтін құрал. ( Транспортир )
7. Қарама - қар сы сандардың қосындысы неге тең?
( 0 тең )
8. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан? ( Оң сан )
9. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі ( 180 градус )
10. Екі қатынастың теңдігі ( Прапорция )
11. 5 - ке қарама - қарсы сан ( - 5 )
12. Алымды бөлімінен үлкен бөлшек ( Бұрыс бөлшек )
13. 14 қандай сан? ( Жұп сан )
14. Шешімдері бірдей теңсіздіктер ( Мәндес теңсіздіктер )
15. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? ( 1 - ге тең )
Жүргізуші:
Осымен «Ж орға» бөліміде өз мәресіне жетті. Сөз кезегі сарапшыларда.
Жүргізуші:
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Жүргізуші:
«Озық ойлы оқушы» сайысымыз аяқталды. Сөз кезегі осы ойынды басынан аяғына дейін бақылап, тамашалап отырған қонақтарымызда.
Жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
«Озық ойлы оқушы»
- Қуандықова Әзима
- 22 ақпан 2014
- 5999
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математика, сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:

ХХІ ғасыр көшбасшысы
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО - ның математика пәнінің мұғалімі Кальпебаева Асия Дарханқызы...
Жанұя және математика
Батыс Қазақстан, Казталов ауданы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...
Дарындылар додасы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы № 1 мектеп лицейі математика пәні мұғалімі Токаева Айтбиби...
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару
№35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.