Сайтқа кіру Тіркелу

«Математика, физика және лирика»

«Математика, физика және лирика»
Қорытынды кеш
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, математика, физика пәндеріне қызығушылығын арттыру, берік білім негізін қалау.
- Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеруін шашайық,
Мұнда қызық тағы бар
Жаңылтпаш, жұмбақ тағы бар,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
- Математика – бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін,
Айдынында сүңгіп – сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың,
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа,
Зула, топ жар! Бәйгеге түс бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма.
- Математика – ғылым негізі,
Математика - білім көзі.
Математиканы білгендерге,
Ғажайыптың бір өзі,
Кешке қатыс тұрып қалмай,
Қиындыққа мойымай,
Бұл ілімді білсең егер,
Биіктейсің, сен самғай.
- Сандардың біз сырына үңілеміз.
Үйренбеген достардан түңілеміз,- дей келе «Математика әніне» кезек береміз.
«Ананың тілі» әнінің әуенімен
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім,
Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына аның үңіліп көрсек,
Қайырмасы:
Математика – бар ілімнің басы,
Математика – ғылым патшасы,
Математика – өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі
Сенсіз дүниеге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз,
Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.
Қайырмасы:
- Орта ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Әл - Фараби өзінің «Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегінде музыка ол – физика, математика және медицина деп атап көрсеткен. Физикадағы тербелістер математикадағы шектің өзгерісі, медицинада жүректің, өкпенің тербелістері бірдей екен.
- Шығыстың ұлы ғұламасы энциоклопедист ғалым Әбу Насыр әл – Фараби музыканың дыбыс периодты тербеліс арқылы пайда болатындықтан, оны математикалық теңдеу арқылы анықтауға болады. Мысалы шектің ұзындығы мен амплитудасының арасындағы математикалық байланысты бірінші рет Эйлер ашқан.
- Ендігі кезекті «Физика туралы» әнге берсек (Аруана әнімен )
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алыңдар,
Білімменен аспанға жол салыңдар,
Физика да, табиғат тілі тілдесер,
Аяғыңды аттап бассаң кездесер,
Сұлулықтың сыры ғой ол көз тастар,
Барлық ғылым табиғаттан жаралған,
Салған әнім, айтылған сөз бәрі де,
Аққан судың, соққан дайыл желі де.
Бәрінің де бағынары физика,
Сондықтан да физикасыз күнің жоқ.
- 2050 – дің бағдарлы биігі,
Білімнің еншісі мұны әркім біледі,
Сондықтан математика тарихына үңіліп бір қаралық,
Алынбас қамал жоқ, шыңдайық жігерді.
Қане ойланайық, «Математика қандай ғылым?»
- Математика ғылымын оқуға, үйренуге және оны зерттеуге деген құштарлығымызды жоғалтпау және математика ғылымына деген көзқарасымызды айқындау үшін, математиканың қандай ғылым екенін жан – жақты түсінуіміз қажет.
- Шынында да математика қандай ғылым?
- Міне, бұл жеңіл желпі жауап бере салатын әдеттегі мәселе емес, бір ғылымның жүйесін тануға, тегін зерттеуге апарып саятын күрделі мәселе.
- Құрметті студенттер! Математиканы тереңдей түсініп, шынайы оқуымызға аз да болса көмегі болар ма деген мақсатпен бүгінгі кешімізді математиканы әр қырынан, әр түрлі орнына қарай талдау жасап, оның қандай ғылым екеніне тоқталсақ:
1 - студент: Математика - тарихы ұазақ ғылым, 4 кезеңге бөлуге болады:
1 - кезең: Математикалық білімдердің пайда болуы, қорлануы, жинақталуы, дамуы. Бұл дәуір өте ерте ғасырда басталып, б. д. д. VI - VII ғасырына дейін созылған.
2 - кезең: Математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туылу, қалыптасу кезеңі. Осы дәуірде арифметика, алгебра, геометрия, тригонометриялар айырым теориялық пән болып қалыптасты, бұл кезең 17 ғасырда аяқталған.
3 - кезең: Айнымалы шамалар математикасы, яғни жоғары математиканың туылу, қалыптасу кезеңі. Бұл дәуір ХІХ ғасырдың соңғы жартысына дейін жасалған.
4 - кезең: Осы заманғы математика дәуірі, яғни «Жиын» теориясының жарыққа шыққан кезеңі. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, математика және математикалық логика ғылымның көмегінде компьютерлер жасалды.
2 - студент: Математика – бір салалы ғылым, жаратылыстық ғылым, ойды жетілдіретін ғылым, тәжірибелік ғылым.
3 - студент: Математика - қоғамдық ғылымдарды зерттеудің құралы.
4 - студент: Математика сурет салу ғылымының құралы.
5 - студент: Математика – тіл білімін зерттеу құралы. Тіл – адамзаттың балалық ойынның туындысы да, математика – жоғары дәрежеде дамыған абстракт ойынның туындысы.
6 - студент: Математика – зерттеу құралы.
7 - студент: Математика – өндірісті еңбек пен күнделікті тұрмыстың құралы.
8 - студент: Математика – бір салалы техника, есептеу техникасы. Санды мәліметтерді бір жақтылы ету техникасы. Кесте, сызу, сурет салу және оны бір жақтылы ету техникасы. Сұрыптау, ой қорыту техникасы.
9 - студент: Математика – бір салалы барыс, Математика – абстракциялап жинақтау барысы, Математика – шамалық, сұрыптау, ой қорыту, қолданылмалық барыс.
10 - студент: Математика – бір түрлі идея, идея – ақиқаттың адам миында бейнеленуі. Ғылыми идея – обьективтік өмір мәнінің адам миындағы сәулеленуі, ойдың өңделген туындысы, адамдардың ақиқат дүниені түсінудегі танымы.
11 - студент: Математика – біртүрлі рух, шынайылыққа, қарапайымдылыққа, ақиқатқа жаңалыққа талпынатын рух, Шындыққа, шынайылыққа талпыну - ерекше құнды адалдыққа талпыну рухы. Математика – қарапайымдылыққа талпыну, шыдамдылыққа ұмтылу рухы.
- Халқымыздың ең ежелгі де аса бай мұрасы мақалдар мен мәтел сөздер. Бұл қайнар көзі өмір бойы суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара беретін, әр заманның талап тіршілігі, мәдени қалыптарын танытып, тілге нәр, сөзге ерекше әсемдік пен ұтымдылық құятын үлкен байлық. Олар әр кезеңде көсемдер мен шешендердің, ақындар мен абыздардың, батырлар мен билердің ауыздарынан шыққан ұтымды да ұшқыр, өрнекті ойлармен толысып отырады. Мақал – мәтелдер көп ретте халқымыздың әдет – ғұрып, салт – сана, таным – талғам, талап – парыз нормалары қызметін атқарып келеді, алдағы уақытта да солай болары сөзсіз.
- Ендігі кезекті мақал – мәтелдерге берелік. (Көрермендерге).
- Жаңылтпаш қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе ұзақ және қатаң дауыссыз дыбыстардын құралады. Қара сөз немесе өлең түрінде болады. Ендеше кезекті жаңылтпаштарға береміз. (көрермендерге)
- Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрт түп алма төрттік алғандікі,
Бестік алған төрт түп алмайды,
Төрттік алған бес түп алмайды.
- Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
- Шеңбер, шеңбер доп емес,
Доп сияқты доп емес,
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
- Оны мың бір нар бар деме,
Он бір мың нар бар деме,
Сол бір нар бар де.
- Жұмбақ – халық поэзиясының нақты не бір затты немесе құбылысын тұспалдар айтатын және шешушінің алғырлығын сынайтын қысқа жанры. Ол бейнелі суретпен де беріледі.
- Ендігі кезекті жұмбақтарға берелік.
- Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
- Нүктеден екі сәуледен,
Құралған, айтшы бұл не екен? (бұрыш)
- Алды артымыз шексіз деп,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
- Ендігі кезекті айтасқа берсек қалай қарайсың?
- Физикалық айтыс:
1. Көк аспанның төрінді,
Бұлттар жүзіп барады,
Күн күркірі тегін бе?
Жаңбыр неге жауады?
2. Конденсация есебінен,
Көктен жаңбыр жауады,
Ауаның да біркелкі,
Қызбауынан да болады,
1. Бұлт аспанның төрінде,
Найзағай неге ойнайды?
Байқап тұрсаң түбінде
Жаңбыр жаумай қоймайды
2. От ойнатқан бұлтты аспан,
Зарядтардан түзілген,
Күркірегені гүрілдеп,
Ашылады күн күлімдеп.
1. Жылдың төрт мезгілінде,
Мазасыз жел соғады,
Әлде бұл өздігінен бе?
Себебі неден болады?
2. Температура бір болмай
Жылы ауа тарайды,
Конвекция пайда болып,
Жел соқты деп санайды.
1. Қыста аспан түнеріп,
Қар жауады себелеп,
Себебін біз де білейік,
Сұрақ қойдық неге деп?
2. Қардың жауу себебі,
Кристалданар су буы
Жерге құлап түсуі
Ауырлық күшінен болады.
- Ал, сіз көбейту кестесін білесіз бе?
- Ия, әрине
- Көбейту кестесі ішінен ең қиын кесте қай кесте дер едің?
- Әрине 9 - дың көбейту кестесі.
- Біз үшін 9 - дың көбейту кестесі ең оңай болып саналады.
- Енді соның сырын ашайық:
12 - студент:
1*9=09
2*9=18
3*9=27
4*9=36
5*9=45
6*9=54
7*9=63
8*9=72
9*9=81
10*9=90
- Басқалай қалай түсіндіруге болады?
- Онда саусақпен көбейту кестесін көрсетсек қалай болады?
13 - студент: Көбейту кестесін 10 саусақпен көрсетеді.
Бүгінгі кешімізді «Математикалық ән» (Еркем – ай әуенімен)
Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді.
Немесе ол да бір маңда, төмен неге шөкпейді.
Оны сақтап қалатын, математика - ғылымы бұл.
Сондықтан да ерінбей сол ғылымның тілін біл.
Бүгінгі кеш талайдың, шабыттарын шыңдады.
Кеш қызығын қызықтап, талай адам тыңдады.
Тәрбиелі мол тәлім, болды бүгін әсерлі.
Бүгінгі кеш түйінін көрермендер шешеді.
Ақынжанды болмаған, математик бола алмас,
Қызықты кеш болмаса, көңілге әсте қона алмас,
Бүгінгі кеш көңілді, оған біздер сенімді.
Қошеметпен қол соқты, көрермендер өнімді.
Көңіл бөліп бұл кешке, келгендерге рахмет!
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет, мың рахмет!
- Енді осы физика, математиканы ойынға қосып көрсек қайтеді?
- Менде физикаға қатысты бір ойын бар. Соны ойнатып көрсек қайтеді.
- Әрине, онда ойын шартын түсіндіріп жібер.
- «Атомдар мен молекулалар» атты физикалық ойын. Ойын шарты бойынша ортаға 8 студент шығады. Шығарылған студенттер атом болып саналады. Ал, атомдар молекулалардан құралған. Мен 3 молекула дегенде үш - үштен бөлініп топтасып қалу керек. Ойын шарты түсінікті болса бастайық.
- Менде құр алақан емеспін. Математика ғылымына қатысты менде бір ойын ұйымдастырып жіберейін. Ол ойын «Формулалар биі» деп аталады. Ойын шарты бойынша 8 студент ортаға шығарылады. Оларға формулалар жазылған парақшалар таратылып беріледі. Сол парақшадағы формулаларды дұрыс болатындай етіп бір – бірін толықтыру қажет.
- Математика, физика – ғылымы бұл,
Сондықтан да ерінбей,
Сол ғылымның тілін біл,- деп кешімізді аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар математика 2 сынып

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар математика 2 сынып

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР (үлгі) Математика 2- сынып. Барлығы 136 сағат, аптасына 4 сағат...
Математикалық турнир 9 - 11 сыныптар

Математикалық турнир 9 - 11 сыныптар

Диляра, Математика деген ел бар. Ол қайда орналасқан? Білесің бе? Иә, Батырхан. Алыстағы жұлдыздар сияқты, шындығында ол бізге жақын жерде екен. Өте...
«Ғалым болам десеңіз...»

«Ғалым болам десеңіз...»

«Ғалым болам десеңіз...» Оқушылардың математик - ғалымдар (Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков, Мұхтарбай Өтелбаев, Асқар Жұмаділдаев) өмірін, еңбектерін...
Математикалық ойындар

Математикалық ойындар

Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп Мойындаған бар ғылым жер шарында. Сол қағида тағы да дәлелденбек, Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында....
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)

Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×