Математика, 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жай бөлшек ұғымын қайталау, жай бөлшектерді салыстыруды қайталау, жай бөлшек пен бүтін санды көбейтуді үйрету;
Тәрбиелік: шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Слайд түрінде берілген графикалық диктант.
Сабақтың түрі:
Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға арналған жұмыс түрлері:
Графикалық диктант.
САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткенді қайталау.
Ауызша сұрақ - жауап:
1) Жай бөлшек дегеніміз не?
2) Жай бөлшектің қандай түрлері бар?
3) Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сан дегеніміз не?
4) Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
5) Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
6) Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
7) Аралас сандарды қалай қосамыз?
8) Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Графикалық диктант.
Тұжырым дұрыс болса ^ белгісін, дұрыс болмаса _ белгісін қою керек.
Жаттығу жұмыстары:
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Берілген тіктөртбұрыштың ішіндегі боялған тіктөртбұрыштың ауданын табу керек.
Оның ұзындығы, ені. Ауданын табу формуласы:
Сонда
Екі бөлшекті көбейткенде не шықты? Ол қалай шықты? Ендеше жай бөлшекті жай бөлшеккке қалай көбейтеміз?
Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейту үшін алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз.
Жай бөлшектерді көбейту кезінде есептеуді жеңілдету үшін алдымен қысқартуда орындауға болады. Мысалы:
жай бөлшегін 3 санына көбейтуді қарастырайық:
Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін натурал санды алымына көбейтіп, мәнін алымына жазамыз, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
Аралас сандарды көбейтуді қарастырайық:
Аралас сандарды көбейту үшін оларды бұрыс бұрыс бөлшекке айналдырамыз, содан кейін жай бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
4. Жаңа тақырыпты бекіту.
Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
Жай бөлшекті бүтін санға қалай көбейтеміз?
Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
Есептер шығарайық:
№575 - 579
5. Үйге тапсырма
№580, 581. Ережелерді жаттау.
6. Сабақтың қорытындысы
Сұрақ жауап: Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Сабақтан өзіңе қандай жаңалық алдың?
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
- Айгүл69
- 4 сәуір 2013
- 19732
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту, математика
Ұқсас жаңалықтар:
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Батыс Қазақстан, Казталов ауданы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...Бөлшектерді қосу мен азайту
Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шамиганова Райхан Манапқызы...Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Талдыарал елдімекені № 215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна...Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді бөлу. Математика, 5 - класс....Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Канторбаева Шану Ракишевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.