Сайтқа кіру Тіркелу

Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ,
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Сабақтың мақсаты:
а) айнымалысы бар өрнектің сандық мәнін таба білу; берілген формула бойынша есеп шығара білу:
ә) белсенділік, еңбекқорлық, ізденімпаздық т.б.
б) пәнге қызығушылық, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: ұжымдық
Сабақтың түрі: ойын сабақ, бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, кестелер, деңгейлік тапсырмалар, ақшалы есептер.
2.Үй жұмысын тексеру.
3.Сабақтың негізгі бөлімі
Банк - қаржы мекемесі екенін бәріміз де білеміз. Онда барлық халық, барлық мекемелер, кәсіпорындар қаражаттарын жинайды. Оқушыларды 2 топқа бөліп, әр топқа банк атауын береміз. І-топ –Халықбанк, ІІ-топ - Ұлттықбанк. Осы 2 топтың жақсы оқитын оқушылар арасынан банк президентін сайлаймыз. Қалған оқушылар – салымшылар.

Әр банктің тапсырмалары 500-дік, 1 мыңдық, 2 мыңдық, 5 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға жазылады. 500-дік бейнеленген ақшада өткен тараудың басты-басты тақырыптарынан қайталау есептері жазылған, 1 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне байланысты, яғни жеңіл тапсырмалар беріледі, 2 мыңдық бейнесінде сәл күрделі тапсырмалар, ал 5 мыңдық бейнесінде 5 сұрақтан тұратын тест жұмысы беріледі. Әр мыңдық тапсырмалар турлардан тұрады. Барлығы 4 тур: 1 тур – «Кім жүйрік», 2 тур – «Есеп-қисап», 3 тур – «Басқатырғыш», 4 тур – «Ұшқыр ойлар» деп аталады. 2 топтағы әр оқушы өз беттерімен өз міндетті деңгейіне байланысты өзі шығарған есеп теңгелерді өз банкісіне салып отырады. Әр турдың есептерінің жауаптары көрермендерде, есептеп болғаннан кейін көрермендерге тапсырасыңдар. Көрермендер сіздердің есептеріңіздің дұрысын немесе бұрысын анықтайды. Дұрыс болса тапсырмалы ақша сол банкке түседі, бұрыс болса тапсырмалы ақша жанып кетеді. Соңында банк президенттері өздерінің банктеріндегі ақшаны есептен қорытынды жасайды. Кемшіліктерге түзету жүргізеді. Қай банк қаржысының өсім %-ті көп, сол банк жеңіске жетеді.
- Түсінікті ме!

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу [29.67 Kb]
Кері қайту
Ілмек сөздер: математика, ашық, сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×