Сайтқа кіру Тіркелу

Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.

Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Пайыз тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық:Экономикалық мазмұндағы есептерді шығарту негізінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауға бейімдеу.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу;
Экономикалық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Пысықтау
Жабдықтары: Интерактивті тақта, бейне слайдтар.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Шапшаңдық гимнастикасы
4. Есептер шығару
5. Дыбыстық гимнастика
6. Шығармашылық есеп
7. Қорытындылау
8. Оқушыларды бағалау
9. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың қатысуы мен оқу-құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№272.
1540 - 44%
?х - 100%
Шешуі: х = =3500(а. )
Жауабы: 3500 автомобиль.
№275.
20400 -100%
?х - 28%
Шешуі: х= =5712(к. )
Жауабы: 5712 кітап.
ІІІ. Шапшаңдық гимнастикасы

3%----210%----52%----15%----340%----25%----40%----215%----80%
э-------и--------о---------к---------а---------о--------н--------к----------м

Пайызды ондық бөлшек түрінде жазу, кесте толтыру.
Жауаптарын тақтадан тексере отырып, берілген ондық бөлшекті өсу ретімен орналастыру арқылы «Экономика» сөзін шығарады. Бүгінгі сабағымыз экономика саласымен байланысты болатынын айту.

ІV. Есептер шығару
№274
Жалақысы 10%-ға өскеннен кейін жұмысшы айына 38 500 теңге алатын болды. Жұмысшының бастапқы жалақысы қанша болған?
(Жауабы:35000 теңге)
№282
Жинақ кассасына жыл басында 15%-дық өсіммен салынған ақша жыл соңында 62100 теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған?
(Жауабы:54000 теңге)

№114(е. ж. )
Атай жинақ кассасына 95000 теңге ақша салып, бір жылдан соң одан 104500 теңге алды. Атай жинақ кассасына салған ақшасын неше пайыздық өсіммен алды?
(Жауабы:10%)

V. Дыбыстық гимнастика
Оқушылар өздерін жай, еркін арқасын тік ұстау керек.
Бірінші мұрынмен терең дем алып, дем шығарған кезде дауыстап шапшаң дыбыстар шығарамыз.
А – барлық ағзаға жақсы әсер етеді.
Е – қалқанша бездеріне әсер етеді.
О – жүрекке жеңіл әсер етеді.
И – ми, көз, құлақ, мұрынға әсер етеді.
У – ағзаның ішкі құрылысына әсер етеді.
Я – барлық ағзаның жұмыс жасауына әсер етеді.
М – барлық ағза мүшелеріне әсер етеді.
Х – мүшенің тазаруына әсер етеді.
ХА – көңіл көтеруге әсер етеді.

VІ. Шығармашылық есеп
Оқушылар, қазіргі таңда әр жанұядағы ең өзекті мәселелердің бірі не деп ойлайсыңдар? Несие төлеу. Ендеше, несие алу тиімділігін қарастырайық. Бір адамға үй алу үшін 3 000 000 теңге ақша керек болды. Оны алу үшін сіздердің көмектерің қажет.
13%
300000 тг

21%
300000 тг

27%
300000 тг

Осы үш банкіден алынған ақшаны қанша өсіммен қайтарамыз,есептеңдер.
39000тг
69000тг
81000тг

Несиені қандай пайызбен алған тиімді?
Әрине, ең төмені 13%
Егерде осы 3 000 000 теңгені тек осы банкіден алғанда, қанша өсіммен қайтарылады?
390 000тг өсіммен.

VІІ. Қорытындылау.
S – банкке салынған ақша
P – проценттік өсім саны
n – жыл немесе ай саны
Sn– күрделі проценттік өсіммен есептелген соңғы ақша

VІІІ. Оқушыларды бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма: №115(е. ж. ). №289
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ашық сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×