Сайтқа кіру Тіркелу

От туралы мақал-мәтелдер

Ойыннан от шығады.

От - арық, су - семіз.

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.

Қорықсаң - от жақ.
Қарның ашса - от жақ,
Жаурасаң - от жақ.

От көрмеген от көрсе,
Күндіз шырақ жандырар.
Оқ көрмеген оқ көрсе,
Далаға атып даң қылар.

Отты сөндіргеннен, бақылаған оңай.

Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөпті шаба білмеген
Қоқсытады.

От жанбағы көріктен.

От арық, су семіз.

Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.

Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.

Алаудан тезек те, кезеп те жанады.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Досқа атылған оқ, қойынға түскен шоқ.

Қатын алдың, отын алдың.

Отқа жуықтың қолы күйер.

Көшсе көш қасындамыз,
Отырса от басындамыз.

Бас - басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Отты қузаған өшірер,
Қоңсыны қузаған көшірер. Шақпақ, шақпақты отқа бермек ақымақ.

Бірі - от та,
Бірі - су,
Қиын болар ұғысу.

Су мен отта
Татулық жоқ.

От пен су -
Біріне - бірі у.

Ат ұстасаң - баға біл,
От ұстасаң - жаға біл.

«От, от!» дегенмен ауыз күймейді.

Отты жалынмен өшірмес.

Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.

От пен су - тілсіз жау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×