Кіру
Жабу

Көктем туралы мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер

Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.

Көктемеде жерге түскен бір дән.
Күзді күні мың дән болады.

Көктемгі әрекет, күзгі берекет.

Көктемгі жауын көп болса,
Көкпек шөбі мол болар.

Бір гүл – көктем емес.

Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.

Бір гүл көктем жасай алмайды.

Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,
Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.

Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.

Көктемеде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым.

Ұқсас сабақтар

Пікірлер (0)

Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Бөлімдер

Яндекс.Метрика
×