Тазалығы қатынның
Тарағынан белгілі.
Батырлығы батырдың
Жарағынан белгілі.
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.
Жаман ауруға жақсы ас.
Көкірек ауру күле кетер.
Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Айналдырған ауру алмай қоймас,
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
Жанымды алмаған ауру,
Жанымның садағасы.
Шірік шірітеді,
Бұзық бүлдіреді.
Шірікке шыбын айналар.
Жасыңда салақ болсаң,
Бара - бара былық боларсың.
Ас — елдің құты.
Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.
Ас астың орны басқа.
Айран ішсең ас болады.
Шымырдың сезімі сергек.
Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.
Сергектің сенімі нық.
Денсаулық зор байлық.
Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.
Тазалық туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 19 қаңтар 2020
- 146116
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Тазалық туралы мақал мәтелдер, тазалық, тазалық денсаулық кепілі
Ұқсас жаңалықтар:
Ас - адамның арқауы
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс. Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру. 2. Оқушылардың білімін, ой –...Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер
Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билік неге керек, Әділдік құрмасаң!...Байлық туралы мақал мәтелдер
Бай баласы балпаң, Жарлы баласы — жалтаң. Мал байдікі, Жан құдайдікі....Денсаулық, спорт жайлы мақал мәтелдер
Әуелгі байлық — денсаулық Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақжаулық....Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.