Үй сыртында арқа тау, Панасы егер жоқ болса, Бұл шіркіннің несі тау?! Кетеген болса, түйең жау, Тебеген болса, биең жау, Ұрысқақ болса, ұлың жау, Керіскек болса, келінің жау.
Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл әрі өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі.