Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім саласының мазмұны: Әлеумет, Қатынас, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен танысу, Сауат ашу, Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Тақырыбы: «Көлік түрлері»
Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және мысалдар келтіре алады. Жолда жүру ережелерін естеріне түсіру.
Көрнекілігі: АКТ, көлік суреттері, пазлдар, суреттер, кеспе әріптер, сөздер
Блингвалды компоненті: Көлік – транспорт - transport
Ұшақ – самолет – aircraft
Тікұшақ – вертолет – helicopter
Пойыз – поезд – a train
Кеме – корабль – ship
Зымыран – ракета – rocket
Қайық – лодка – a boat
Жүк көлігі – камаз – kamaz
Автобус – автобус – bus
Күтілетін нәтиже: балалар көлік түрлерін ажырата біледі. 3 тілде айтып бере алады. Суретпен жұмыс жасай біледі.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әреркеті
І. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
«Жылулық шеңбері»:
Армысың алтын Күн!
Армысың Жер - Ана!
Армысың, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Здраствуй, солнце золотое,
Здраствуй, небо голубое!
Здраствуйте, мои друзья,
Очень рад вас видеть, Я!
Good Morning
Good Morning
Good Morning to you
Good Morning. Mr. Rooster
Cock – o – doodlec - doo.
Good Morning
Good Morning
Good Morning to you.
Good Morning. Mr. Rooster
Cock – o – doodlec - doo.
Автобустың суретін көрсете отырып, бүгінгі ҰОҚ - де автобуспен қалаға саяхатқа шығатынымызды айту.
ІІ. Ой - қозғау.
«Ойлан тап» ойыны.
Тырылдап көкте инелік,
Инелік емес, үй делік. (Тікұшақ)
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады. (Зымыран)
Ауызында орақ,
Қолында тарақ,
Аңызда келеді,
Ақ маржан төгеді. (Комбайн)
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Төбесінде кіндігі
Жалғанған желіге
Қабырғада күндігі
Нұр шашқан төріне. (Троллейбус)
Қайда болсын баратын,
Мінсең – ұшқыр қанатың. (Ат)
Видео көрсету.
Блингвальді компоненттерін айту.
(айтылым, тыңдалым, оқылым)
Көлік – транспорт - transport
Ұшақ – самолет – aircraft
Тікұшақ – вертолет – helicopter
Пойыз – поезд – a train
Кеме – корабль – ship
Зымыран – ракета – rocket
Қайық – лодка – a boat
Жүк көлігі – камаз – kamaz
Автобус – автобус – bus
- Жылулық шеңберін 3 тілде орындайды.
- Автобуспен саяхатқа шығады.
- Жұмбақтардың шешулерін табады.
- Блингвальді компонентін айтып үйренеді.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Суреттерін көрсете отырып, көліктердің 3 түрі бар екендігін әңгімелеу.
Бағдаршаммен таныстыру, қызметі жайлы әңгімелеу.
Дид/ ойын: «Түсін тап»
Шарты: бірнеше түстердің ішінен бағдаршам түстерін тауып орналастырады.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті: «Бағдаршам» өлеңі.
Топқа бөлу.
1 - топ: «Әуе көлігі»
2 - топ: «Су көлігі»
3 - топ: «Жер көлгігі»
Топтық жұмыс.
1 - топ: Ұшақтың суретін салады.
2 - топ: «Кеме» туралы тақпақ айтады (хормен)
3 - топ: берілген суреттерді қатыстырып сөйлем құрап айтады.
Бағалау. Топтар бір - бірін бағалайды. (басбармақ әдісі арқылы)
Дид/қ ойын: «Қай көлік жоқ?»
Шарты: тақтаға көлік түрлерінің суреті ілінеді. Суреттерді балалар мұқият қарап алып, көздерін жұмады. Осы кезде педагог 2 - 3 суретті алып қояды. Балалар көздерін ашып қай көліктер жоқ екенін табуы керек.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ме - ме - ме – мынау КЕМЕ
Ақ - ақ - ақ – ұшады ҰШАҚ
Ақ - ақ - ақ – менде бар ТІКҰШАҚ
Ық - ық - ық – жүзеді ҚАЙЫҚ
Ік - ік - ік – бәрінің аты КӨЛІК
Қорыту.
«Көліктер» өлеңін оқимын, балалар қайталайды, үйден жаттап келеді және де өлеңде аталған көліктердің суреттерін тауып тақтаға іледі.
Қаламызда көліктің
Алуан түрі табылар.
Ұшақ пенен кемелер
Автобустар тағы бар.
Велосипед мініп ап,
Жолды кесіп шашпаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.
Дид/қ ойын: «Көліктерді орналастыр»
Шарты: үстел бетіндегі суреттерді көлік түрлерінің түріне қарай ажыратып өз орнына ілу қажет. Жер көліктерін – жолға, су көліктерін – теңізге, көлге, темір жол көлігін – темір жолға, әуе көлігін – аспанға дұрыс орналастыруы қажет.
Рефлексия.
«Бағдаршам»
Мадақтау.
«Смайликтер» арқылы.
Көлік түрлері
- Guli_Ary
- 30 қараша 2018
- 3754
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ жоспары, көлік түрлері, балабақшаға арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақша: Автобус
Мақсаты: көлік туралы жалпы білімдерін бекіту. Түрлі - түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып, автобустың суретін салуды үйрету,...Көліктер
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін...Көліктер
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға...Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе қаласы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Жолаушы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 24 «А» бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.