Екі сұңқар таласса,
Бір қарғаға жем түсер.
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
Қарға көзін қарға шоқымайды.
Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.
Үйінің төбесіне қарға да қонбайды.
Құладын құласа,
Қарға көзін шоқиды.
Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.
Қарғаның кәрісін кім айырар,
Қарғаштың өкпесін кім қайырар.
Бір қарға қыс әкелмес.
Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.
Қарғаны қаз қойғанмен,
Қи шоқығанын қоймайды.
Ала қарғаны алты жыл бордақыласа да,
Сасық иісі сақталар.
Жалғыз қарға жарымас.
Санасыз қара суға семіреді.
Қарға қарқылдап ұшқанмен қаз болмайды.
Қарғаның «қаңқ!» дегені өзіне қуаныш.
Қарға туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 2 желтоқсан 2018
- 5802
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарға туралы мақал-мәтелдер, мақалдар, мәтелдер қарға жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап, Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап....Құстар
Алманы қарға шоқиды, Көкқұтан кітап оқиды. Ұшып кеп ағаш басына, Ала сауысқан қоқиды....Белгілі биік көк сеңгір
Белгілі биік көк сеңгір Басынан қарға ұшырмас, Ер қарауыл қарар деп, Алыстан қара шалар деп;...Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға....Қарға мен түлкі
Боқтықта талтаңдап, Жан-жаққа жалтаңдап, Бір қарға жүр еді. Бір жатқан ірімшік Көзіне түседі, Көңілі өседі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.