Ұлы Дала елі
ӨСИЕТ ӨРНЕКТЕРІ
Әлбетте, ата - бабалардан аманат - мирас болып қалған һәм ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнегелі өсиет, жаһандану мен өркениеттенудің шарықтау кезіне қарамастан, өз мән - мағынасын еш жоғалтпақ емес. Ал оны сана - сезімге сіңдіріп, бойына қалыптастыра алған өскелең ұрпақ ештеңені жоғалтпайды, керісінше, тағылымды тәліммен тұлғалана түспек. Қарапайым халық ішінен шыққан ақылдылардан қалған осынау нақылдарға зер салып көрейік.
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.
Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге «ассалаумағалейкүм» деп кіру керек, кешке «кеш жарық» деп кіру керек.
Үлкен кісілерді, ананы, әйелді көлікке қолтықтап демеп мінгізу не түсіру керек. Көшеде, жолда жатқан шыны, темір болса, алып таста.
Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма. Адамға күш қолданба.
Сәбилерге өтірік айтпа, алдама, қорқытпа. Оларды жаман әдетке үйретпе.
Тамақ жеп отырып сөйлеме.
Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.
Егін ішінде дәретке отырма.
Сұйық тамақты сораптамай іш.
Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.
Дініңе сеніммен, құрметпен қара.
Халқыңның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет - ғұрпын жадыңа тоқы һәм оны кейінгілерге үйрет.
Қанша ұлы адам болсаң да халық алдында кіші, әдепті бол.
Біліміңді көпке, пайда жерге жұмса.
Жаман дағдыдан аулақ бол.
Жаман адамдардан қашық жүр.
Көршілеріңмен жылы сәлемдес.
Достыққа берік, адал бол.
Біреуді жамандама, өзіңді жамандаған адаммен дауласпа, жауласпа.
Қуанышта, қиындықта, қайғыда, ашуда ұстамды бол.
Шаруашылықтың басы - қасына жүрген адамдарға жолыққанда: бақташыға «бағар көбейсін», мал айдап бара жатқандарға «айдар көбейсін», егіншіге «бір дәнің мың дән болсын», түрлі жұмыс үстіндегілерге «іске сәт», жаңа қоныстанушыларға «»қоныс құтты болсын» деу керек.
Жолаушыларға, жүргіншілерге, сапарға шыққандарға «сапар сәтті болсын» деу керек («қайда барасыз» деуге болмайды).
Үй сыртында тұрып немесе теріс қарап тұрып сөйлеуге болмайды. Аты белгілі адамдарға құрмет көрсет.
Шалбарды отырып кию керек.
Әйелдер, қыздар орындықта аяғын айқастырып отыруға болмайды.
Алыс сапарға, игілікті іске, емделуге аттанар алдында қариялардың батасын ал.
Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.
Кемтар адам алдында дене кемістігі туралы әңгімелеме.
Моншада да ұятыңды жаба біл.
Пейіліңді кеңге сал.
Кешірімді, мейірімді, сыпайы бол.
Өркөкірек адамнан қаш, өзің де кеудеңді көтерме. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Өсиет өрнектері
- ramuk_b
- 17 сәуір 2017
- 2496
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өсиет өрнектері, нақыл сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың тиымдары
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден...Әдептен озбайық!
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден...Қазақ халқының тыйым сөздері
Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған...Өсиет сөздер
Байлыққа мақтану ақылдының ісі емес. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама. Кемтарларға, жетімге қамқорлық жаса, жәрдем бер, садақа...Әдептен озбайық!
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.