Сайтқа кіру Тіркелу

Неге адамдар кітап оқиды, ән тыңдайды?

#кітапқұмароқырман
Неге адамдар кітап оқиды, ән тыңдайды? Уақытша өзін ұмыту үшін, өздерінен қашу үшін. Себебі, жақсы ән, жақсы кітап iшкi даусыңды өзіңе естіртпейдi. Олар, құдды, сенi басқаратындай. Сен әннің әуезiне, кітаптың сюжетiне берiлiп кетесің, өз уайымың мен ойларыңнан босап, автормен тілдескендей боласың. Бұл өз тәнiңнен шығып, басқа адамға айналу сияқты нәрсе.
Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» шығармасынан

Берлиндік парфюмер кітапты жақсы көретіндер үшін жаңа "paper passion" иісін ойлап тапты. Парфюмнен гүл немесе тәтті иіс емес, жаңа басылып шыққан қағаздың иісі шығады.

~ Silentnight компаниясы жүргізген сауалнама көрсеткендей, адамдар телефонда тәулігіне 8 сағат 41 минут өткізеді. Ал ұйқыға 5 сағат 13 минут жұмсайды. Адамдар ұйқыға қарағанда телефонға көп уақытын арнайды. Калифорния университетінің ғалымдары бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырады деп мәлімдеді.
Ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді. Соның салдарынан адамның ұмытшақыққа, түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі бірнеше есе артады. "Ғаламторда тым ұзақ отыру адамның жадысын толтырып, оның есте сақтау қабілеті де нашарлайды", - дейді нейробиолог дәрігерлер.

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары таяуда миға ең қауіпті әрекеттерді атады. Олар:
1. Ыстық тамақ жеу, ыстық өнімді сол күйі тұтыну;
2. Алкоголь өнімдерін тұтыну;
3. Әлеуметтік желіде тәулігіне 5 сағаттан көп отыру;
4. Адамның жұмыссыз болуы;
5. Телефонды қуаты аз кезде пайдалану;
~ Осы әрекеттердің барлығы мидың көлемін кішірейтіп жібереді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халық емі: Тәспі тартсаңыз, ауырмайсыз

Халық емі: Тәспі тартсаңыз, ауырмайсыз

Тәспінің қасиеті мен пайдасы жайлы не білесіз? 1. Жолыңыз ашылмай, жоспарларыңыз кері айналып, қатты ашуға булыққанда “Субхан Аллаһ” деп тәспі...
Дәлелденген психологиялық фактілер

Дәлелденген психологиялық фактілер

Бірнеше тіл білетін адамдар күнделікті тілінен өзге тілде сөйлегенде еркінен тыс басқа адамға айналып, өзгеріп шыға келуі ғажап емес....
Адамдар жақсы көрсін десең...

Адамдар жақсы көрсін десең...

Қазақ жақсы адамды көрсе, «өзі бір иманжүзді адам екен», «жүзінен иманы төгілген жігіт екен» деп мақтап жатады. «Түсі игіден түңілме» деп, иманжүзді...
Қытай ғалымдары COVID - 19 жою мүмкін емес деп мәлімдеді

Қытай ғалымдары COVID - 19 жою мүмкін емес деп мәлімдеді

Жаңа коронавирусты жоюға болмайды - бұл мүлдем сәтсіздікке ұшырайды. Вирус, әдеттегі маусымдық тұмау сияқты, толқындармен оралады....
Оян

Оян

Үңіліп, телефонға, гаджеттерге Шыға алмаймыз бұл тордан неге мүлде Кітап оқы одан да оянсаңшы Компьютер кіріп кеттік интернетке...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×