Сайтқа кіру Тіркелу

Жұлдыздар қандай сыр айтпақ?

Рухани - танымдық сүрлеулер
Жұлдыздар қандай сыр айтпақ?
Бұрыннан - ақ бабалар келер жылдың қалай басталып, қалай аяқталарын мезгілдегі таңның атуы мен күннің батуы, жұлдыздар жарқылы және Құс жолының орналасу қалыбы мен Шолпанның тууына қарап, біліп отырған. Сондай - ақ, төрт түлік малдың әрекеттері арқылы күннің райын болжаған. Айталық, қыс қатты болатын жылдары құстардың улап - шулап топтанып, жылы жақтарға ерте қайта бастап, су құстарының мезгілінен бұрын келуін – ерте көктемнің хабаршысы деп түсінген. Ал қарақұс пен сауысқан секілділер ерте келсе, көктем кешігіп шығарын болжап, мал шығынына жол бермеуге әрекеттеніп отырған. Сондай - ақ, күн қызарып шықса, күн суытарын керісінше, көктем айларында күн қызарып батса, ауа райының жақсы боларын білген. Жұлдыздар быжынап көрінсе, қыс ұзаққа созылар деген.
Қазақ халқы басқа жұлдыздар арқылы да мезгіл мен ауа райын ажырата алған. Мәселен, тамыздың 22 - сінен қыркүйектің 21 - іне дейінгі аралықта түнгі аспандағы жұлдыздарға тағы бір жұлдыздың осыншама анық көрінетін жұлдызы – Сүмбіле қосылады. Қазақстанның түнгі аспанында шығыс - солтүстіктен қыс бойы сәулесін шашып тұрады. Қазақ халқы бұл айдың алғашқы жартысын «Лақ Сүмбіле», екінші жартысын «Теке сүмбіле» деп атайды.
Тамыз айында Сүмбіленің суы жүретін болғандықтан «Сүмбіленің суы жүріп пе екен?» - деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады.
Бұл жұлдыз туған шақтан бастап өзен - көлдердің суы ептеп салқындайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі қыстың алғашқы лебімен тұспа - тұс келеді. «Сүмбіле туса, су суиды» дейтін Сүмбіле жұлдызының тууы – жаздың аяқталуының белгісі. Бұдан кейін Таразы жұлдызы көрінеді. Бұл жұлдыз туралы да «Таразы туа таң суыр» деген сөз бар.
Сүмбіле туған соң суда сүлік өле бастайды. «Сүмбіле туса сүмпиып, ат тойынар құнтиып» деген бабалардан қалған сөз, күн салқындауына байланысты жылқылар үшін шыбын - шіркейсіз мезгілдің басталатынын, сүліктердің өліп, жылқылардың жайылуына кедергілердің болмайтынына сәйкес айтылған сияқты.
Сүмбіле жерге өте жақын орналасқандықтан, жерден қарағанда ең жарық көрінетін жұлдыз. Ол аспанның орталық жарты шарына орналасқан және күнге де жақын жұлдыздың бірі. Сүмбіле екінші жарық жұлдыз Канопуске қарағанда екі есе артық жарқырайды. Оның диаметрі Күннен екі есе үлкен, жарқырауы Күн жарқырауынан 25 есе артық.
Сүмбіле қосаржұлдызы 300 миллиондай жылдық тарихқа ие.
Ол алғашқыда екі көк түсті жарық жұлдыздардан құралған. Кейіндері өз энергиясын сарқып, алып қызыл жұлдызға айналған. 120 миллиондай жыл бұрын сыртқы қабаты үздіксіз жеміріліп, қусырыла келе қазіргі қалыпқа айналған екен. Әр айдағы күн райының шұғыл өзгеретін боранды, дауылды, қарлы, жаңбырлы күндерін Амал деп атайды. Жыл құстарының кетуі мен қайтып оралар кезін «Жыл құсы амалы» дейді. Бұл Амалдар шамамен: желтоқсанның 10 - 15 күндерін – Ақпан амалы, қаңтардың 10 - 15 арасын – Әз амалы, қаңтардың 20 - 25 арасын – Наурыз амалы, наурыздың 10 - 15 күндерін – Саратан - Зауза амалы деп аталады.
Міне, бұлардың бәрі ай, күн, жұлдыз және маусымды түгел қамтитын көнеден келе жатқан түркі тектес халықтарға тән күнтізбе. Бұл болжаулар ауыздан ауызға көшіп, нәсілден нәсілге беріліп келе жатқанына біз куәміз. Қазіргі пайдаланып жүрген күнтізбеміз де, бабалардан қалған бұған дейін сөз болған жұлдыздар қозғалысына сүйене отырып, осыған негізделіп жасалғандығын білгеніміз жөн.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×