Қазақтың жазылмаған заңдары
1) Беру керек:
Үлкенге – сәлем. Қуантқанға – сүйінші. Тойға – шашу. Соғымнан – сыбаға. Егіннен – кәукен. Малдан – көгендік. Балаға – базарлық. Киімге – байғазы. Сәбиге – көрімдік. Төркіндеген қызға – қалауын. Жаңа көршіге – ерулік. Досқа – естелік. Жетімге – қолқайыр. Мүсәпірге – садақа. Байлықтан – шүлен үлестіру. Тойға – сияпат. Жас үйленгендерді – асқа шақыру. Жас босанған анаға – қалжа. Сағынғанға – сәлемдеме береміз.
2) Сұрау керек:
Алладан – денсаулық. Пайғамбардан – шапағат.
Қыдырдан – бата. Аңшыдан – сыралғы. Сырқат жанның – көңілін. Қарттың – қал - жағдайын. Жетімнің – жай - күйін. Саудың – амандығын. Ағайынның – бүтіндігін. Олжадан – тәбәрік. Қонақтан – бұйымтай.
3) Тілеу керек:
Барға – тәуба. Жоққа – сабыр. Ауырға – төзім.
Жақсылыққа – алғыс. Болашаққа – сенім. Жетістікке – шүкір. Өткенге – салауат. Қалғанға – береке. Басқа – амандық. Денге – саулық.
Осындай тағылымнан соң,
Қазақ болып туғаныңа мақтанбай гөр?!
Қазақтың жазылмаған заңдары
- ramuk_b
- 12 ақпан 2020
- 2003
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың жазылмаған заңдары, беру керек, сұрау керек, тілеу керек
Ұқсас жаңалықтар:
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні...
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні... Сезімнен кімдер, сірә бақыт құшқан? Күзетіп жын тығылған құмыраны Мысқылдап көз тігеді уақыт дұшпан....Жарасып тұр дәстүрім! Фразеологизм
ШҚО, Семей қаласы «№10 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токымтаева Ақбота Ғалымқызы...Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Шаңырақ сыны сайысы
Қызылорда қаласы №253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Қатира...Халықтың әдет-ғұрыптары
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Гүлнар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.