1. Көп айтса көнді, жұрт айтса болды – әдеті надан адамның.
2. Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма.
3. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
4. Білімдіден шыққан сөз – талаптыға болсын кез.
5. Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.
6. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
7. Еріншектік – күллі дүниенің дұшпаны.
8. Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық.
9. Еңбек қылмас еріншек, адам болмас.
10. Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.
11. Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей.
12. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын.
13. Адам баласына адам баласының бәрі дос.
14. Кімде - кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ
15. Әрбір жалқау кісі қорқақ – қайратсыз,
Әрбір қайратсыз қорқақ – мақтаншақ келеді.
Әрбір мақтаншақ қорқақ – ақылсыз, надан келеді.
Әрбір ақылсыз, надан – арсыз келеді.
Әрбір арсыз, жалқаудан – сұрамшақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар.
16. Досыңа достық – қарыз іс. Дұшпаныңа әділ бол.
17. Зұлымдық – адам баласының дұшпаны.
18. Кей құрбы бүгін – тату, ертең бату, тілеуі, жақындығы – бәрі сату.
19. Асығыс түбі – өкініш
20. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
21. Егер ісім өнсін десең, ретін тап.
22. Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
23. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме.
24. Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден ерек.
25. Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Ойланып аламақ – сабыр сол.
Өнерсіздің қылығы —
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге…
26. Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден
27. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
28. Уайым - қайғысыздыққа уайым - қайғы қылдағы, сол уайым - қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек, һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым - қайғыны азайтады.
Абайдың өнегелі сөздері
- ramuk_b
- 6 ақпан 2020
- 8364
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Абайдың өнегелі сөздері, Абайдан қалған асыл сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!...Қара сөздер. Абайдың отыз жетінші қара сөзі
Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол....Қара сөздер. Абайдың төртінші қара сөзі
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас...Қара сөздер. Абайдың үшінші қара сөзі
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының,...Абайдың «Толық адам» философиясы
Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың «Толық адам» философиясын «Ғылым таппай мақтанба», «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңдеріне талдау жүргізе...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.