Баяғы бағзы заманда бір жігіт өмір сүріпті. Ол атақты ғұлама ұстаздың баласы болыпты. Бұл ұстаздың бүкіл Үнді жерінде шәкірттері көп болыпты. Ғұлама ұстаз болған соң өзіне пара - пар мыңдаған мықты ұстаздарды тәрбиелеп шығарыпты. Әр ауыл, әр қалада одан тәлім алған ұстаздар қызмет етіпті.
Әрине, өз ұлына да бар зейінін бөледі. Бір күні жігіт түс көреді. Түсінде киелі жерлерге зиярат етіп жүр екен. Әулие - әнбиелер мен абыздардың жиынына әкесіне ілесе барғанын көреді. Алайда әкесін жиынға кіргізіпті де, баласын кіргізбей тастапты. Бұл іс баланың намысына тиеді. Таңертең тұра сала әкесіне барып: «Жаман түс көрдім. Сізге еріп әулие - әнбиелердің жиынына барыппын, сізді жиынға кіргізді де, мені кіргізбей тастады. Бұл нені білдіреді?» - деп сұрайды. Әкесі оған: «Бұл ақиқаттың белгісі. Рухани жолға түсу үшін менің ұлым болғаның аздық етеді. Сен басқа бір адамның шәкірті атануың керек. Шәкірт болудың ғанибетін сезінуің шарт» - депті. Бірақ баласы ішінен: «Мен – онсыз да ғұламалардың ғұламасының ұлымын. Бала күннен бар ақиқатты танып өстім. Әкемнің бар ілімін меңгердім. Басқа ұстаздар қанша жерден мықты болса да, менің әкемнің алдында басын иді. Сонда ол ұстаздардың менен несі артық?» деп ойлайды. Неде болса әкесінің қасында қалғысы келеді. «Сізден артық кім бар, әке? Мен басқа кімнің шәкірті бола алам?» - деп сұрайды. Әкесі баласына: «Жоқ, менің саған пайдам тимейді. Сен осы мақсатты орындайтын басқа жанды таңдағын» - депті. «Кімді?» - депті баласы. Әкесі оған: «Баяғыда менің шәкіртім болған бір адам бар, өзі кедей еді, қазір кедейлердің баласын оқытады. Соған бар, сол саған ұстаз болсын» - депті. Баласы таң қалады. Ол ұстазды танитын, оның қабілеті соншалықты зор емес еді. Өзі сауатсыздау, шыққан тегі де мәз емес, атақ - абыройы да мардымсыз, ештеңемен аты шықпаған қарапайым ғана жан. Ауылда қарапайым өмір сүріп жатқан біреу. Сонысына қарамастан әкесі дәл сол адамды таңдап, баласын соған жібереді.
Баласы ниетсіз жолға шығады. Әлгі кедей өмір сүретін ауылға жаяу - жалпы келеді. Ол келгенде кедей ұстаз салт атпен бір қыстақтан екіншісіне бара жатады. Алайда алыстан өзіне қарай келе жатқан жас жігітті байқайды. Жас жігіт жақын келіп, басын иіп амандасқанда кедей ұстаз оған қарап: «Жеткілікті емес» - депті. Жас жігіт оның тізесіне дейін иіліпті. Кедей ұстаз тағы да: «Жеткілікті емес» - депті. Жас жігіт кедей ұстаздың үзеңгіде тұрған табаны да дейін иіліпті. Ұстазы тағы да: «Жеткілікті емес» - депті. Сонда жас жігіт аттың тізесіне дейін иіліпті. Алайда ұстазы тағы да: «Жеткілікті емес» - дейді. Сонда жігіт басын аттың тұяғына дейін иіп, маңдайын жерге тигізеді. Сол кезде ұстазы оған: «Болды! Кері қайта берсең болады! Сен алатын біліміңді алдың» - депті. Осымен бәрі бітеді. Жаттығу да жоқ, ешқандай сиқырлы сөз де айтылмады, оны оқытатындай ешбір тәсілді айтпады, елден ерек әдісті де қолданбады. Бұл жас жігіт өзіне лайық сабақты ойына түйді. Әкесі бере алмаған жалғыз сабақты, кедей ұстазы бір көргеннен ұқтырған ақылды санасына құйды. Осыдан кейін ғана ол әулие - әнбиелер мен абыздардың жиынына кіруге рұқсат алыпты.
Хазірет Инаят Хан
Аударған Шынар Әбілдә
Лайықты сабақ
- ramuk_b
- 20 қазан 2019
- 1914
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Лайықты сабақ, сабақ туралы ғибраттты әңгіме, абыз, ғұлама туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Салықтан құтқарған сөз
Баяғыда бір кедей көшерге көлігі болмастан, жыл сайын қыстауда қала береді екен. Бір күні оның үйіне елді сүлікше сорған бір ұлық келіпті....Үш жалқау
Үш жалқау жігіт күн кешкіре бір үйдің тұсына келеді. Ертеңгі жеріне ерте жету үшін ілгеріліп қонуды ойлаған олар үйден шыға келген қыздан...Бір үзім нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін - бірі көргісі келмейді екен....Ана махаббаты
Әрдайым татулықтан көңілі өскен Ешқашан бір - бірінен бөлінбестен, Ертеде бір ауылға аңыз болған Бір үйде екі абысын өмір кешкен....Тазша бала
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.