Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлімдеуінше әлемнің ең пайдалы суларынан болған зәмзәм суының көптеген сырлары, қазіргі технологияның дамыған заманның өзінде де ашыла қойған емес.
Бұлағы табылмаған судың теңізден 80 километр алыста болса да және айналасында басқа ешқандай құдықтар болмаса да ғасырлар бойы суы сарқылмай тұруы зерттеушілерді таң қалдыруда. 1, 5 метр тереңдікте болған құдықтан қажылықта миллиондаған қажылар су ішсе де, судың деңгейі еш азаймайды.
Европада лабораторияларда жасалған зерттеулер нәтижесінде зәмзәм суының құрамында өте аз мөлшерде күкірт бар екені анықталды. Ал АҚШ-та жасалған тест нәтижелері бойынша құрамында микроорганизм және бактерия жоқ су екендігі анықталды. ДДСҰ тарапынан зәмзәм суы әлемдегі ішуге болатын және денсаулыққа пайдалы ең жақсы су ретінде жарияланды.
Мүбәрәк зәмзәм суының қасиеттері:
♦ Сулардың ең жұмсағы және ең үстемі. Қасиетті зәмзәм ішкен адамды тойғызады.
♦ Шөлдегендер ішсе суға қанады.
♦ Ішкен аурулар шипаға қауышады.
♦ Пайғамбарымыздың жүрегі жуылған су.
♦ Зәмзәмді ішу сүннет.
♦ Қанғанша ішу, екі жүзділіктен сақтайды.
♦ Қандай ниетпен ішілсе де шипасын көреді.
♦ Ішетін кезде құбылаға бұрылады.
♦ Бисмилләһ айтып тойғанша тұрып ішеді.
♦ Ішер кезде үш рет дем алады.
♦ Тауафтың соңында ішу мүстаһаб.
♦ Құрамында микроб, бактерия жоқ.
♦ Құрамында күкірт өте аз.
♦ Кальций және магний тұздарының мөлшері көп. Мүктер мен паразиттер жоқ.
♦ Мыңдаған жылдар бойы қанша ішілсе де және қаншама сыртқа әкетілсе де азайған емес.
Дерек көзі: bilim-all.kz
Зәмзәм суы туралы керемет мәлімет
- ramuk_b
- 17 қаңтар 2019
- 8457
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Зәмзәм суы туралы керемет мәлімет, Зәмзәм суы туралы мақала
Ұқсас жаңалықтар:
Су туралы мақал-мәтелдер
Судың да сұрауы бар. Қайнаған қара суда қасиет бар. Сыйласқанның суын іш....Арықтау үшін не істеу қажет?
Арықтау үшін не істеу қажет? Бұл сұрақты көптеген қыз-келіншектер жиі қойып жатады....Адамға пайдалы сусындар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін...Негіздер
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы...Бактериялар тіршілік әрекетінің алуан түрлілігі
Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.