Қазақ халқы ертеден өзінің тілі мен дәстүрін қалыптастырған түркі тектес халық. Тіл ерекшелігі мен сөз мағынасы жағынан қазақ тілінің атаулары мен сөйлеу мәнері тұрғысынан әлемдегі ең бай тілдің бірі.
Осы бай тілдің бір ерекшелігі, туыстық атаулардың түрі. Қазақы атаулардың мәні болмақ. Туып өскеннен қартайып әлі кеткенше уақыттағы атауларды айтар болсақ.
Бала – балиғат жасына жетпеген перзент.
Ұл – кәмелетке толмаған ер бала.
Қыз – кәмелетке жетпеген әйел бала.
Әке – перзентті болған ер адам.
Үлкен әке – әкенің ағасы болып табылады.
Кіші әке – әкенің інісі.
Ана – сәби сүйген әйел заты. (шеше)
Үлкен шеше – үлкен әкенің әйелі.
Өгей шеше – туған анасы қайтыс болған жағдайда, ажырасу кезінде, әкесімен қайта жаңадан отау құрған әйел.
Өгей әке – әкесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген ер адам.
Ата – әкесінің әкесі.
Әже – әкесінің шешесі.
Нағашы ата – шешенің әкесі. (ата)
Нағашы әже – шешесінің шешесі. (апа)
Кіндік шеше – туған кезде кіндігін кескен әйел. Қазақта кіндік шешенің жолы үлкен. Баланың туғанынан адам болып кеткенше, кіндік шеше жағдайын қамтамасыз етіп отырған.
Кіндік әке – перзенттік кіндігін кескен ер адам.
Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.
Әпке – жасы өзінен үлкен әйел адам (қыз).
Ағайын-туыс – бір рудың адамдары.
Іні – жасы кіші ер адам.
Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).
Сіңлі – жасы әйел адамдардан кіші қыз.
Бауыр – бірге туған тумасы.
Жамағайын – аталас ағайын жұрты.
Жеңге – ағаның жұбайы.
Келін – баласының және інісінің жұбайы.
Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.
Жиеншар – жиеннен туған перзент.
Дегеншар – жиеншардан туған бала.
Көгеншар – дегеншардан туған бала.
Жиен іні – ұзатылған қыздан туған (әпке - қарындастан) жасы кіші ер адам.
Жиен қарындас – ұзатылған қыздан туған (әпке - қарындастан) жасы кіші әйел адам.
Жиен сіңлі – ұзатылған қыздан туған (әпке - сіңліден) жасы кіші әйел адам.
Жезде – әпкенің күйеуі.
Күйеу – әйел адамның некелескен ері.
Күйеу бала – ұзатылған қыздың не қарындасы, сіңлілерінің күйеуі (ері).
Қайын ата – әйелінің әкесі.
Қайын ене – әйел жақтың анасы.
Қайын аға – сол үйдің (қыз жақтың) жасы үлкен ері.
Қайынбике – әйел жақтың әпкесі.
Қалыңдық – атастырылып қойған қыз.
Балдыз – әйелдің сіңлісі. (негізінен алып қарағанда көп жерлерде балдыз деп ер адамға да айтып жатады)
Балдыз келін – қайын інісінің әйелі.
Бажа – әйелдің әпкесіне не сіңлісіне жар болған адам, күйеу.
Нағашы аға – шешесінің аға - інілері.
Нағашы әпке – анасының әпке - сіңлілері.
Нағашы іні – шеше жақтың аға – інілерінен туған жасы кіші ер адам.
Нағашы қарындас – анасының туыстарынан туылған жасы кіші әйел адам (қыз бала)
Нағашы сіңлі – негізінен әйелдерге қаратылады. Шешесінің аға - інілерінен туған өзінен жасы кіші әйел адам.
Нағашы жеңге – нағашы ағаларының әйелі.
Нағашы жезде – нағашы әпкелерінің күйеуі
Нағашы келін – нағашы інілерінің әйелі.
Нағашы күйеу – нағашы қарындасы пен нағашы сіңлілерінің күйеуі. Бұл «нағашы келін, нағашы күйеу» деген жалпы тұрмыста қолданыста жоқ. Тек түбін қопарып зерделеп, кім екен деп келген кезде туындайтын дерек.
Бөле – туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздарынан туған бала.
Қарын бөле – бір туған әпкелі – сіңлілердің баласы.
Бөле аға – ер бөлелердің жасы үлкені.
Бөле қарындас – әйел бөлелердің жасы кішісі (қыз бала).
Абысын – қайын ағаның әйелі.
Ажын – қайын інінің жары.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздардың әке - шешесі мен оның туып өскен ортасы.
Бел бала – әке - шешесінің өзінен туған төл перзенті (алғашқы дүниеге келген сәби).
Немере – ұлынан туған нәресте (екінші дүние есігін ашқан бала).
Шөбере – немереден туған бала (үшінші ұрпақ).
Шөпшек – шөбереден туған бала (төртінші ұрпақ).
Немене – шөпшектен туған бала (бесінші ұрпақ).
Туажат – неменеден туған бала (алтыншы ұрпақ).
Жүрежат – туажаттан туған бала (жетінші ұрпақ).
Жегжат – жүрежаттан туған бала (сегізінші ұрпақ).
Қазақтың туыстық атаулары
- ramuk_b
- 5 қараша 2018
- 2932
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың туыстық атаулары, туысқан аттары, туысқан атаулары
Ұқсас жаңалықтар:
Апаның тілін алса егер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға адамгершілік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, еңбексүйгіштіктің қажеттілігін ұғындыру....Ауруларыңды садақамен емдеңдер!
Жасы 40 - тар шамасындағы әйел аты жаман ауруға (рак) шалдығады....Нағашы жұрт жайлы
Нағашы жұрт - туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен үрім-бұтақтары. Нағашы (ер, әйел) - ананың төркін жұрты. Нағашы...Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол....Тәрбие тал бесіктен басталады
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.