Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Денсаулық туралы жалпы ұғым;
Халықтың өсіп – өну көрсеткіштері;
Мінез – құлық, оның түрлері;
Қорытынды.
Кіріспе
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В. П. Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай - ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық түрлері:
Физикалық адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіште (туып - көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Кейбір елдерде туып - көбеюді жасанды түрде азайту денсаулықтың көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді.
Халықтың ұдайы өсіп - өну коэффициенті ұрпақтардың өсіп - өну қарқындылығының жалпылама сандық бағасын беретін көрсеткіштер. Әдетте әйелдер үшін және ерлер үшін бөлек - бөлек есептеледі, бірақ практикада ерлердің жасына қарай туылуы туралы деректердің жоқтығы себепті ерлер үшін есептеулер қолданылмайды.
Халықтың ұдайы өсіп - өну коэффициентін қолданудың мақсаты — түрлі факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын халықтың өмір жасының құрылымына қарай халықтың өсуі туралы түсінік беру. Халықтың ұдайы өсіп - өну коэффициенті болжалды ұрпақ үшін неғұрлым кең ауқымда дамыған. Есептеу үшін бірнеше күнтізбелік жылдағы статистикалық ақпараттың болуы жеткілікті. Өміршеңдік индексі, тұрақты халықтың үлгілері мен жалпы туу коэффициентіне негізделетін орнын толтыру көрсеткіштері, ең қарапайым халықтың ұдайы өсіп - өну коэффициенті болып табылады.
Денсаулыққа баға беру үшін туып - көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге, кешенді түрде қараған дұрыс. Халықтың денсаулығын сипаттау үшін көбінесе аурушаңдықтың көрсеткіші алынады. Бұл туралы мәліметтерді ресми статистикалардан және арнаулы зерттеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Көбінесе, осы мақсатқа жалпы жинақтаған әр түрлі пайыздық көрсеткіштерді таңдап, іріктеп алу тәсілі жиі қолданылады. Зерттеу мақсатына байланысты өз еркімен келіп қаралғандар, уақытша еңбекке жарамсыздық алғандар, ауруханаға алынғандар т. б. есепке алынады.
Сондықтан халықтың жалпы өсіп – өнуіне қуанып қана қоймай, болашақ ұрпақтың дені сау әрі мінез құлқы жақсы болуына назар салу керек. Мінез құлықтың өзі адам денсаулығына өте қатты әсер ететіні дәлелденген.
Мінез - құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез - құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл - қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы мінез - құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт - бағдары, талғам - сенімі, көзқарасы, мақсат - мұраты көрініс береді. Мінез - құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым - қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс - тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Мінез – құлықтың келесідей түрлерін ажыратуға болады.
1 - топ – бұл топқа адамның жеке тұлға ретінде қалыптасқандағы психологиялық жақтары. Мысалы: өжеттілік, адалдық не арамдық т. б.
2 - топ – бұл топқа бір адамның басқа адамға танытатын қарым – қатынасы жатады. Мысалы: мейірімділік, жайдарылық не тұйықтық, немқұрайлық.
3 - топ – адамның өз – өзіне деген қарым – қатынасын көрсетеді. Мысалы: тәкаппарлық, менмендік, өзімшілдік.
4 - топ – адамның еңбек етуге деген қарым – қатынасы. Мысалы: еңбекқорлық пен жалқаулық, белсенділік, т. б.
Мінез – құлық темпераментпен тікелей байланысты. Ол мінездің құрамдас бөлігі болып табылады. Темперамент түрін өзгертуге болмайды, бірақ оның жағымсыз жақтарын ерік – жігер арқылы түзетіп отыруға болады.
Темперамент - адамның индивидуальді ерекшеліктерінің қосындысы, мінездің нейродинамикалық сипаттамасы. Ең алғашқы рет грек ғалымы Гиппократ 4 темперамент түрін ажыратты.
Сангвиник – мінезі жайдарлы, қағылез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Сыртқы әсерге тез көнеді, сәтсіздіктерді тез жеңеді.
Флегматик – сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді. Өзгерістерге төзімділігі нашар.
Холерик – албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл – күйі көтеріңкі болады.
Меланхолик – жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады.
Қорытынды
Денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай - ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Тек өсіп – өнуді және көбеюді ғана емес, сонымен қатар дүниеге дені сау әрі мінез – құлқы жақсы ұрпақ әкелуді де ойлау қажет.
Назарларыңызға рахмет!!!
Салауатты өмір салты
- Кульмираш
- 14 сәуір 2016
- 4765
- 0
- 0
Ілмек сөздер: салауатты өмір салты тренинг, Темперамент адамның индивидуальді ерекшеліктерінің қосындысы
Ұқсас жаңалықтар:
Он екі мүшең сау болса
Адамның сергек те көңілді жүріп, жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейде болуына дене шынықтыру мен спорттың тигізер әсері мол екені баршамызға...Темпераментті анықтау тесті
Мақсаты: Оқушылардың темперамент типін анықтау Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз. 1. а) Мазасыз, күйгелексіз. б) Көңілді,...«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Баяандама: Мектептегі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»...Отбасымның жеке тұлға ерекшелігі
Аннотация Отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты тұлғаның өз бейімділігіне сәйкес дамуына ықпал жасау мақсатында жазылған. Бұл...Әдептен озбайық
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ мұғалімі С.Мамбеталиев...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.