№40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Боранбекова З. А.
Сабақ тақырыптары:
1. Өлшем, пішін туралы түсінік (математика 1 сынып)
2. Батырмен кездесу (заттың атын білдіретін сөздер) (Слайд, ана тілі 1 сынып)
Тақырыбы: Өлшем, пішін туралы түсінік
Мақсаты: Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, өлшемі) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.
Міндеттері
• Оқушылардың заттар мен құбылыстарды санау туралы түсініктерін анықтау;
• Оқулық пен дәптердің атқаратын қызметіне түсінік беру;
• оқушының бойына қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі
- Оқушылардың заттар мен құбылыстарды санау туралы түсініктері қалыптасады;
- Логикалық тапсырма қиялын, ой ұшқырлығын дамытады;
- Заттардың екі тобының сәйкестігін анықтай алады.
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модуль
Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Амандасу;
2. Сабаққа себепті, себепсіз қатынаспай отырған оқушыларды анықтау;
Кіріспе
Суреттер бойынша түрлі жұмыстар жүргізу.
Жаңа сабақ
Мұғалім бірдей пішіндегі 2 - 3 затты көрсетіп, оқушыларға заттарды, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды, осындай пішіндегі заттарды қоршаған ортадан табуды ұсынады.
Сергіту сәті
Дене қимылын жасайды.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім түсінік бере отырып, өзіндік жұмыс жасауға жетелейді
ІҮ Сабақты қорытындылау бағалау)
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.