Сайтқа кіру Тіркелу

Құлагер поэмасы

Толғану
Тасқында, тау суындай көңіл жыры,
Қазақтың сусындасын ойы-қыры.
Бұрқырат кер бұланды кең далаңа,
Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры.
Далаңның той болғанда қиял құсы,
Жүйріктей бабындағы жүгір, міні;
Орай шап алдын, артын жиын жұрттың,
Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны.
Шарықта шар тарапқа қиял құсы,
Көңілдің көп тұрғанда күнді алғысы.
Халқыңның қуанышын қанат қып қақ,
Қашанда қала берер ұяң кісі.

Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)

Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)

Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)

Ерлан Шарапиев
Өзбекстан, Қарақалпақстан республикасы
Мойнақ ауданы, Достық ауылы
№18 орта мектебінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы


Хәкім Абайдың қара сөздерін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау ісі бір мезетке де тоқтаусыз бола беретін іс. Сан алуан шығармашылығын үйрену оны өскелең ұрпақтың санасына құю, әсіресе қара сөздерінің мәнін түсіндіру мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Осы бір мультимедиялы оқу құралы Абай қара сөздерін тез жаттап, ұғынып алу үшін мектеп оқушыларына және басқа қызығушыларға оңай жолдармен қарастырылған. Игілігіңізге жаратыңыз!

ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақ әдебиеті өкілдері (өмірбаяндық электронды оқулық)

ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақ әдебиеті өкілдері (өмірбаяндық электронды оқулық)

Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы
Мойнақ ауданы, Достық ауылы
№18 орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы
Шарапиев Ерлан

ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақ әдебиеті өкілдері (өмірбаяндық электронды оқулық)


ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүріп заманының сұрапыл тұрмысын қасиетті қаламдарына арқау етіп елдің мұң-зарын дөп басып жырлай білген ақын-жазушыларымыздың өмірлері туралы қысқаша электронды өмірбаяндық оқулық.
Көпшілік қызығушыларға және ұстаздарға, оқушы жастарға оқу құралы ретінде көмектеседі деп сенемін.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×