Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Рай категориясы туралы оқушылардың түсінігін дамыту, бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік мәні: етістік түрлерін қолдану жолдарын үйрету,
Грамматикалық категориялардың мәнін түсініп пайдалануға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интер. тақта, кестелер, т.б
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау және салыстыру
Сабақтың жүрісі:
1/ Ұйымдастыру
2/ Үй тапсырмасын тексеру
3/ Жаңа сабақты меңгерту
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ:
Мұғалім: рай- іс-әрекеттің көбіне тыңдаушыға не болмаса бөгде біреуге бағытталып, орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Яғни, талап ету, бұйыру мағынасы осы I. IIIжақтарда анық байқалып тұрады да, ал Iжаққа бағытталғанда, ол жай мағынасында беріледі.
Бұйрық райдың ерекшеліктері:
1/ бұйрық рай жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлерінің ерекше жіктелуі арқылы, жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Етістіктік негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді.
2/ бұйрық райдың II жақ анайы түрінің қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі, туынды, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді.
Бұйрық райдың III жағы етістік түбіріне -сын, -сін жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Бұйрық райдың I жағы етістік түбіріне –айын,-ейін,-йын,-йін, көпше -айық,-ейік,-йық,-йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.
Жаңа тақырыпқа байланысты мен сендерге мынадай тапсырма беремін.
Ал,енді, балалар: талап –тілекті көп жазған Абай ақынның қандай
өлеңдерін білесіңдер?/1,2минут беріледі/
/Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқылады./
-Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Осы өлеңнен бұйрық мәнді етістіктерді тауып, дәптерге жазып қоямыз.
Сынып жұмысы: 167-жаттығу.
Бұйрық райлы етістіктерді тауып, қай жақта айтылғанына назар аударамыз.
/Айтпа- II жақ, жекеше
артпа- II жақ, жекеше т.б/
168-жаттығу. /Сал, жина, кетпе, оқы, т.б/
169-жаттығу./ Сақта, мойыма, жасытпа, т.б /
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1/Балалар сонымен бүгін етістіктің қандай райымен таныстық?
/бұйрық рай/
2/ Бұйрық рай дегеніміз не?
/Ережені еске түсіріп айтады/
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.170-жаттығу. Батаны жаттап, етістіктердің бұйрық райда тұрғанын дәлелдеңіздер.
Бұйрық рай
- Күнімкүл
- 4 ақпан 2012
- 31276
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бұйрық, рай, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Етістік
Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты болымды, болымсыз деп аталады....Тұйық етістік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...Дара және күрделі етістіктер
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....Тұйық етістік, емлесі
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы...Сабақты етістік пен салт етістік
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.