Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Мақсаты: 1. Білімділігі: Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беріп, оларды бір - бірінен ажырата білу және екітілділік принциптерді қолдана отырып, жаңа тақырыпты кеңінен таныту;
2. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғай білуге, тілді құрметтеуге, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу;
3. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, жүйрік ойлау қабілеттерін дамыту;
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қазір қай ай?
2. Аптаның қай күні?
3. Қай мезгіл?
4. Қыркүйек қай жыл мезгіліне жатады? Күз.
5. Тағы басқа қандай жыл мезгілдері бар? Қыс, жаз, көктем, күз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ендеше, сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ.
Осыған байланысты мынадай аңыз бар екен.
Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.
Балалары өсіп, ер жеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:
Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер.
Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып, кезекпен ұш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді. Осыдан бастап, үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.
Осы жыл мезгілдеріне арнап көптеген ақындар өлең шығарған. Солардың бірі Абай атамыз. Абай Құнанбаев туралы бұрын естігендерің бар ма? Ол кім? Ұлы ақын, аудамашы, біздің жерлесіміз.
Интерактивтік тақтамен жұмыс.
Тақтада Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдері.(слайд)
Оқушылар өлеңдерді оқып, қай жыл мезгіліне арналғанын анықтайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті – басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жаздыкүн шілде болғанда,
көкорай шалғын бәйшешек
ұзарып өсіп толғанда.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Суретпен жұмыс.
Тақтада жыл мезгілдеріне байланысты суреттер. Суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрайды.
Мәтінмен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
Мәтіннен синоним, антоним сөздерді табу. Дәптерлеріне жазғызу.
Қар жауады
Аяз болады
Көктеу – тігу, шығу: вышивать, зеленеть
Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар. Әр мезгіл үш айдан тұрады. Олар қыс, көктем, жаз, күз. Қыста қар жауып, аяз болады. Бірақ жаздың өз қызығы бар. Адамдар шана, шаңғы тебеді, жаңа жыл мерекесін тойлайды.
Көктемде қар еріп, күн жылынады. Ағаштар бүршік жарып, жер беті көктей бастайды. Жыл басы Наурызды қарсы аламыз. Жазда күн ыстық болады. Біз жазғы демалысқа шығамыз. Суға шомыламыз. Серуенге шығып, жеміс – жидек тереміз.
Әр мезгіл -------------- каждое время года
Аяз --------------------- мороз
Өз қызығы ------------ веселье
Шаңғы ----------------- лыжи
Тойлайды ------------- празднует
Бүршік жарып -------- набухают почки
Сабақты бекіту
«Қай түсті таңдайсың» ойыны
Үйге тапсырма
1. Мәтінді мазмұндау
2. Сөздерді жаттау
Оқушыларды бағалау
Күз мезгілі
- Махаббат
- 5 ақпан 2012
- 25407
- 0
- 0
Ілмек сөздер: күз, мезгілі, қазақ тіл, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды....Жыл мезгілдері
Мақсаты: 1. Білімділігі: Тақырып бойынша жалпы түсінікті жалғастыра отырып, оларды бір - бірінен ажырата білу және сөздер мен сөз тіркестерді дұрыс...Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері: Көктем, Жаз, Күз, Қыс...Абай Құнанбаев "Күз"
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы білім беру орта мектебі Сангожина Шолпан Советовна...Алтын күз
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы Сабақтың тақырыбы: Алтын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.