Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза - Әлі "Кәрі қыран" өлеңі
Мақсаты: білімділік - ақын өмірі, шығармашылығы туралы жан - жақты түсінік беру. символ туралы түсінік беру. Өлең мазмұнын игеру, оқушының көзқарасын қалыптастыру;
дамытушылық - оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік - өрлікке, адалдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу, халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Сабақ түрі:"Сын тұрғысын ойлау"технологиясы қолданылған шығармашылық сабақ.
Әдіс - тәсілдері: топтық жұмыстар, іздену, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: слайд, кесте, бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен, сәлемдесу, түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сайын Мұратбеков "Жусан исі"әңгімесімен таныстық.
1. С. Мұратбеков қай жылы қай оқу орнын бітірді? С. Мұратбеков қай жылы қай жерде дүниеге келді?
2. Қай салада қызмет етті?
3. Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды?
4. Ел арасына таралған қандай шығармаларын білесіңдер?
Кім? Қашан? Қайда?
Шығармадан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкердің қашан кай жерде айтқанын табады.
Жаңа сабақ. Қадыр Мырза - Әлі "Кәрі қыран"өлеңі.
1. Ақын өмірі
2. Шығармалары
3. Бейнетаспа
Ой шақыру.
Қыран қандай құс?
Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы, биікте ұша алады, көзі өткір.
Қазақстанның қай жерінде мекен етеді?
Таулы аймақтарда, таудың ұшар биігіне ұя салады.
Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санаған?
Жеті қазынаның бірі. Ерлерді қыранға теңеген.
Кәрі қыран өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңнін тақырыбы, идеясын ашу.
Сөздік жұмыс. Мағынаны ашу.
Символ туралы түсінік беру.
Мысалы, гүл жастықтың, ақ көгершін - бейбітшіліктің, аққу махаббаттың, ал қыран - ерліктің, еркіндіктің рәмізі. Оның дәлелі - туымыздағы, қыранның бейнесі.
Жұптық жұмыс.
Берілген суреттердің бүгінгі тақырыппен байланысын ашу керек.
Қасиетті туымызда күн астында қалықтаған қыран бейнесі көрсетіліп, еркіндігімізді, биіктігімізді паш еткен. 2. Берел кезеңіндегі самұрық бейнесі бейнеленген, яғни ерте заманнан - ақ ата - бабаларымыз қыранды қасиет тұтқан. 3. Италияның әлемге танымал суретшісі Леонардо до Винчи өзінің туындысында қанатты адамзат бейнеленген. Адамның көкке самғап, әлемді бағындыру идеясы көзделген.
Өлеңге поэтикалық талдау. Көркемдегіш құралдарды таптыру.
Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай т. б
Эпитет: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ т. б
Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы.
Синоним: кәрі - шау, жасын - найзағай, тірлік - өмір - ғұмыр.
Антонимдер: қарттық - жастық, кәрі - жас, өлім - өмір.
Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты т. б
Өлеңнен аллитерация табу.
Қ. Мырзалиев өлеңін мәнерлеп оқу(бейнетаспа)
Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздерді байланыстырып, ойтолғау жазу.
Ұланымын ұлы елдің, туған өлке, таулы жер, Қазақстан Республикасында, кең халық, ыстық, елім, ырыс, бақыт, болашақ.
Қорытынды.
Бес жолдық тұжырымдама әдісі арқылы кейіпкерлерге бес жолды өлең құрастыру.
Зат есім:
Сын есім:
Етістік:
Синоним:
4 сөзден тұратын сөйлем.
Бағалау:
Үйге тапсырма.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумақтарын жаттау. 2."Қырандай қалықтау арманым"тақырыбына шығарма жазу.
Сабақты психологиялық аяқтау:
Тау басына өрмелеп жылан да шығады,
Қалықтап қыранда шығады.
Сенің тауың, білімің, ой арманың,
Орындалсын болашақ қиялдарың
Жылан болып өрмелеп күн кешкенше
Қалықтап ұшсын қиял - қырандарың.
БҚО, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы
Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ихсанова Шынар Қадырбайқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Қадыр Мырза - Әлі "Кәрі қыран" өлеңі
- aiboll
- 8 сәуір 2017
- 3631
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қадыр Мырза Әлі, кәрі қыран өлеңі, әдебиеттен ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жамбыл Жабаевтың Алатау өлеңі
Жамбыл өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру, Алатау өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың өнерге, білімге деген...Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: а) Білімділігі: Оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық...Айтшы, әжетай
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ә. Болғанбай атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылбаева Бактыгуль Тлеуғабылқызы...Т. Айбергенов Аруана - бауыр дүние
Ақтөбе қаласы №18 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Икласова Нуржанат Кайратовна Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние» Сабақтың...Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран" 7 класс
№4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Спанова Ақгүл Спанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.