(5 сыныпта қазақ әдебиетінен өткен сабақ жоспары)
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов: «Қозыкүрең»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін тексеру, әңгіме мазмұнын талдау арқылы тереңірек меңгерту;
Тәрбиелілігі: адами сезімді қастерлеу, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу; Дамытушылығы: әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, өз бетінше іздене білуін, өзіндік пікірін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, шығармашылық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, тірек сызбалар, кесте, суреттер;
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу. Реттілік.
Тренинг – «Таныстыру»
Сыныпты алға шығару, оқушылар шеңбер болып тұрады, өздерінің есімдерінің бас әріптерін сын есімдермен тіркестіріп айтып шығады: Мен - ақылды Аружанмын. Мен - жібектей Жұпармын. Мен - батыл Бекжанмын. Мен - әдепті Әлібимін....
Үш түрлі конфеттер таңдату арқылы сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Жуан – жіңішке» сұрақтар – «Қозыкүрең әңгімесі бойынша үш топ мүшелері бір – біріне сұрақтар қояды.
«Жуан» сұрақтар – оқушыны ойландыратын, өз ойын, пікірін айтатын сұрақтар болу керек, «Жіңішке» сұрақтар – жауабы мәтін ішінде бар, жеңіл сұрақтар;
Үлгі: «Жуан» сұрақтар – 1. Ағыбайдың бөтен елге баруы дұрыс па?
2. Әке аманаты дегенді қалай түсінесің?
3. Ауылда Саяқбай сияқты жылқы малын жақсы білетін адамдар бар ма?
«Жіңішке» сұрақтар – 1. Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған қандай жағдай еді?
2. Әңгімедегі Ержан мен Ерқанаттың Ағыбайға қандай туыстығы бар?
3. Қозыкүреңдегі өзгерісті алдымен байқаған кім?
2. «Қозыкүрең» әңгімесі бойынша «Түсініктеме күнделігін» толтыру
1 - ші топтың жауабы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ихсанова Шолпан Қуанышқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
- ramuk_b
- 29 наурыз 2017
- 4011
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қабдеш Жұмаділов, Қозыкүрең әңгімесі, әңгіме мазмұнын талдау
Ұқсас жаңалықтар:

Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5 Т/А1 Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау...
Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары (5 сынып)
Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрекешова Айжан...
Қажымұқан – өнер иесі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...
Буын үндестігі
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...
Әке мен бала
Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының, бастауыш сынып мұғалімі Қабенова Тәттігүл Кәкенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.