Сайтқа кіру Тіркелу

Қонақ күту

Сабақтың тақырыбы: Қонақ күту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қонақ күтудің негізгі дәстүрімен таныстырып, өмірде қолдана білуге баулу, тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерте отырып, тілдесімге жетелеу.
Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құрай білу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. сөйлету, ойлау арқылы білім алушылардың ой - өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік; студентті қонақжайлыққа, бір - біріне деген сыйластық сезіміне тәрбиелеу, қазақ халқының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін дәріптеу, қазақтың ұлттық салт – дәстүрін құрметтеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеороликтер, үлестірмелі карточкалар, грамматикалық сызбалар, постер, стикер, маркер.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ - жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, жаратылыстану, музыка, орыс тілі.

Ынталандыру: студенттер алған білімдерін болашақта тәжірибе барысында жүзеге асыра алуы қажет.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
( өздері үйден дайындап әкелген сұрақтарға жауап береді)
2. Асты сызылған сөздердің қай септіктерде тұрғанын анықтау.
Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер балаға сөзбен дарымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн.
(өмірінің, ересектерді, балаға, тапсырмаңыздың, үлкендердің)

III. Ой қозғау, қызығушылығын ояту. (жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері )
1. Экранда жазылған мақал - мәтелдерді оқып, нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
Ас – адамның......... (арқауы) Өзі қонақ болып көрмеген, қонақты ¬¬............ да білмейді. (сыйлай) Асты сұрап бергенше,.......... бер.(сабап) Ағайынды іске шақырма,........ шақыр.(асқа) Жақсы болса алғанын,....... кісі кетпейді, жаман болса алғанын, шын...... да шеттейді.(үйіңнен, дос) Ағайын тату болса ат көп,...... тату болса ас көп.( абысын) Қонақ аз отырып,..... сынайды.(көп) Асыңа тойғызбасаң да, ақ....... тойғыз.(ниетіңе)
Құтты қонаққа –..... тамақ. (тәтті) Бұрынғы қонақ соңғы...... орын берер. (қонаққа) Көңілі кең болса, үйдің..... білінбес.(тарлығы) Сыларға асың болмаса, сыйпарға...... болсын. (тілің) Қонаққа бара білсең,..... да біл.(шақыра) Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса -.......(жұт) Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй...... ұялады. (иесі) Құтты қонақ келсе, қой...... табады.(егіз) Өзі қонақ болып көрмеген, қонақты........ білмейді.(сыйлай)

- Қалай ойлайсыңдар бұл мақал - мәтелдер не туралы айтылған?
- (қонақ, қонақ күту жайында айтылған)
Сонымен қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Қонақ күту.
ІV. Жаңа сабақ.
1. Оқытушының кіріспе сөзі:
Қай халықтың болсын өздерінің шаңырақтары болады, сол шаңырақтың астында үнемі дастарханы мол, ешқашан жиналмайтын халық - осы қазақ халқы ғана десек, артық айтпайтын шығармыз. Онда жаңа сабағымызға байланысты шағын бейнеролик тамашалайық.
2. Бейнеролик көрсетіледі.
Бейнеролик бойынша сұрақтар:
1. Роликте не туралы баяндалған?
2. Қонақ келгенде қандай қызмет көрсетесіңдер?
3. Қонаққа айтылатын қандай әдеп сөздерді білесіңдер?
4. Қонақ келгенде сендердің атқаратын міндеттерің қандай?
5. Қандай дәстүр, қандай ырым туралы айтылған?

3. Грамматикалық тақырып. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Арнайы сұрақ.
Төменде берілген сөздердің қай тіркестерде тура немесе ауыспалы мағынаны білдіретінін
анықтаңдар.
Мысал Тура мағына Мысал Ауыспалы мағына
Жаңбыр құйды Шай құйды
Әңгіме – дүкен құру Дүкенге бару
Жүк көтеру Көңілін көтеру
Сарбаздар тік тұрды Аяғынан тік көтеру
Үйдің төрі Жүрегімнің төрі
Есікті ашу Сауат ашу

V. Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс.
Топ жетекшілері осы кезеңнен бастап бағалау парағына өз білімдерін бағалай бастайды.
1. Әр топтан бір студент келіп тақырып таңдап алады.
Тапсырма:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу, шеңберлей оқу.
2. Мәтінге сұрақтар қою.
3. Мәтінді келесі топқа түсіндіру ( кесте, сызба арқылы т. б.)
4. Мәтінді қорғау.
2. Сөздікпен жұмыс:
Төр - почетное место
Құт, ырыс – счастье, богатство
Бабын табу – найти подход
Жағдай жасау - создавать условия
Жөн сұрасу – приветствовать друг друга
Әңгіме – дүкен құру – беседовать
Аяғынан тік тұрып қызмет ету – прислуживать, ухаживать
Бұлжытпай орындау – выполнять беспрекословно
3. Жазбаша жұмыс. ( әр сөйлем мүшесіне арнайы сұрақ қою)
а) Бұл қыздың жасы он алтыға жаңа толды. Оның университетке түскісі келеді. Бала атасының бетіне таңдана қарады. Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды. Өзінің жақсы көретін студенттерінің бірі - Азат екен. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Ол жақсы сөйлейді. (оқушылар бір — бірін тексеріп шығады)
4. Тақтамен жұмыс ( 4 студент шығып берілген сөздерге жалғаулар жалғайды, ал топ мүшелері тексеріп шығады)
Жалғау

Көптік Септік Тәуелдік Жіктік
Ұлт, бата, қонақ, дәстүр, тағам, тілек, әнші, береке бата әдепті

5. Кәсіби сөздермен жұмыс. (Кәсіптеріне байланысты жаңа сөздерді қайталау)
Бірінші топ «Электрмонтаждаушы» қонақтар, екінші топ «Пісіруші» үй иесі болып «Пісіру цехына саяхат» тақырыбы бойынша диалог құрап, жаңа сөздермен танысады.

Сергіту кезеңі. «Қазақтың дәстүрлері» әнінің орындалуын тыңдау.

VІI. Сабақты қорыту: Кім тапқыр! (берілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді)

Қазақтың салт дәстүрлері 10 20 30 40
Жалғау түрлері 10 20 30 40

№1. Қазақтың салт - дәстүрлері
1. Дүниеге келген сәбиді бесікке салу дәстүрі..
2. Қыз ұзату тойында айтылатын қоштасу әні...
3. Шақырылмай келетін қонақтың түрі.....
4. Ең негізгі ұлттық тағам...

№2 Жалғау түрлері.
1. Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар?
2. Үндестік заңына бағынбайтын жалғау түрін атаңыз......
3. Заттың біреуге меншіктілігін білдіретін жалғау..............
4. «Мамандарымен» сөзіндегі жалғау түрлері.......
VІІI. Сабақты бағалау: (топ басшыларына сөз беріледі. Топ жетекшілері өздерінің тобындағы студенттерді және өзін сабаққа қатысуларын бағалайды)
Р. с. Білім алушының аты - жөні Үй тапсырмасын пысықтау Жаңа сабаққа қатысуы Жаңа сабақты бекіту Қорыту

IX. Үй тапсырмасы. «Қазақ отбасындағы қонақ күту» тақырыбында эссе жазу.

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Ажмагинова Айгүл Рашидовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×