Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мемлекеті және оның мемлекеттік құрылымы. Зат есім, сын есім, етістік. Туынды сын есім.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Қазақстан мемлекеті, оның мемлекеттік құрылымы туралы мағлұмат беру. Тілдік және лексикалық материалды жүйелі ұсыну арқылы студенттердің алған білімін арттыра отырып, әңгімелей білуге үйрету.
Ә) Дамытушылық: Студенттердің сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру, студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой - өрісін кеңейту.
Б) Тәрбиелік: Отанды, халқын, тілін сүюге, тіл мәдениетіне, сұлулыққа, сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу; достық қарым - қатынаста жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, баяндау, сұрақ - жауап, сәйкестендіру, тірек - сызбалар, оқуды бағалау; оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан мемлекеті туралы презентация, бейнефильм, үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта, күйтаспа. АКТ құралдары: Интернет, постер, түрлі түсті бояулар, қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, жаратылыстану, музыка, орыс тілі, шет тілі.
Оқыту формасы: Топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөліп, топ басшысын белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға қойылатын сауалдар:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не және байланысу тәсілдеріне қарай неше түрге бөлінеді?
2. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3. Сабақтас құрмалас сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
4. Қазақтың қандай ұлы ғалымдарын білесіңдер?
5. Мұхамеджан Тынышбаев туралы өз ойын айту.
6. Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев туралы өз ойын айту.
7. Әлкей Марғұлан туралы өз ойын айту.
(Студенттерден үй тапсырмасын сұрақ - жауап әдісі арқылы талдау)
ІІI. Қызығушылығын ояту. Бейнематериал көрсету.(Жаңа сабақты хабарлау).
IV. Ой қозғау.
Бүгінгі сабақты ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың өлеңімен бастайық:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Қазақстан мемлекеті және оның
мемлекеттік құрылымы»
V. Топтастыру әдісі.
«Қазақстан мемлекеті» мәтіні бойынша жұмыс. Шығармашылық тапсырма(топтар өз жұмысын топтастырады).
1 топ - еліміздің географиялық орналасуы мен табиғаты.
2 топ - Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
3 топ – еліміздің қалалары.
VI. Грамматикалық тапсырмалар. Зат есім, сын есім, етістік туралы және туынды сын есімнің жасалу жолдары туралы қайталау.
Берілген сөздерді сөз таптарына қарай топтастырып жазу.
Орталық, тарихи, таң қаларлық, өркениет, көшпенді, ұлы, дін, мәдениет, жаңғырды, маңызды, сауда, дамыды, орналасты, созылып жатыр, шектеседі, көрікті, жолдар, шекара, зайырлы, жүзеге асыру, біртұтас, өкілетті, мүдде, ұсыныс, тағайындау, парламент, нысан, қызмет, билік, тұрақты, өкілетті, есеп берді, өткізді.
Зат есім Сын есім Етістік
VII. Хронологиялық жұмыс. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне көз жіберейік!
1. 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2. 1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
3. 1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
4. 1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
5. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6. 1995 жыл 30 - тамыздың Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7. 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8. 1997 жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9. 1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10. 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі - тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп көрсетілген.
Ал екінші бақытым - Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілемдедім
Кей кезде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім
11. 1998 жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.
Осал жерге
Ортаймас бақ қона ма?
Ер көңілі толмаса тақ қона ма?
Атар таңдар бере гөр құт - береке
Елдің төрі - Қасиетті Астанаға.
12. 1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.
14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Аман бол, жаңа ғасыр - жарқын заман,
Аман ба? жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,
Қазақстан қасиетті ел екенін.
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Ажмагинова Айгүл Рашидовна
Презентациясын жүктеу
Қазақстан мемлекеті және оның мемлекеттік құрылымы
- ganna90
- 5 наурыз 2017
- 2397
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстан мемлекеті, құрмалас сөйлем, сөз таптары
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Елім менің – еңселі!
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Cәрсенова Нәписа Ысқаққызы...Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған қазақ тілін үйренуші ересектер арасында өткізілген сабақ жоспары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.