Сайтқа кіру Тіркелу

Мұхтар Әуезов "Көксерек" әңгімесі

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік - жазушының табиғат пен адамдар тағдырын қатар суреттеген «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс әрекеттеріне, автордың көзқарасын байланыстыру.
ә) оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, аң мен адам арасындағы тартысын суреттеу арқылы тіршілік үшін күрестің мәнін ашқыза отырып, ізденімпаздыққа баулу, өз ойларын, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
б) қоршаған ортаны сүюге, табиғаттың әрбір перзентінің орыны ерекше екенін айтып, табиғат пен әрқашан қарым – қатынаста болатынын түсіндіру, адамгершілікке баулу, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Типі: қорытынды - қайталау сабағы
Түрі: талдау, қайталау сабағы
Сабақ әдістері: Сто стратегиялары, Топтау, зерттеу, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекілік: Ақын портреті, көрме, фишкалар, лот, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын аудару. Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіру арқылы, суретті жинастырып топқа бөлінеді. Суретте Құрмаштың, Көксеректің, әжесінің, Қасеннің портреттері шығу керек.

II. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын түсіндіру, бүгінгі сабақтың ерекшелігін айту. Тақтаға күн жадын, тақырыпты жазу.
Психологиялық ахуал.
Сендерге тілерім, достарым
Жаңа білім мен жақсылық
Жарқын болашақ
Көтеріңкі көңіл тілеймін.

III. Үй тапсырмасын сұрау. Қасқырларға байланысты мақал – мәтелдер жаттап келу және «Көксерек» фильміндегі актерлер туралы дерек жинау.
Үй тапсырмасын бекіту. Оқушылар семантикалық карта толтырады.
Атаулары
Аю
Түлкі
Қасқыр
Барыс
(Қонжық, Мыршай, Алан, Бөлтірік)

Әңгіменің авторы
Туған жылы
Әңгімесі
Адал досы
Дүние жүзіне танымал еңбегі

- Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылау мақсатында тапсырмалар орындаймыз.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті топтарға иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.

1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала Қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Сергіту сәті. Әңгіменің кейіпкерлері Құрмаш пен Көксерекке байланысты мәтіндер беріледі. Қайсысы Құрмашқа, қайсысы Көксерекке арналғанын оқушылар қол шапалақтау мен орнынан тұру арқылы көрсетеді.
1. Түнде даланы жақсы көреді
2. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынанда шығып кетті.
3. Ұры.. Асырасаң да мал болмайды.
4. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға жіберген еді
5. Бір де бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды.
6. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын.
5 жолды өлең стратегиясы.
Көксерек сөз табында не? Зат е
Қандай? екі сын есім
Қайтеді? Үш естістік
Сөйлем
Мәндес сөз (синоним)

Қорытындылау.
Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келді. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы алдарыңызда тұрған стикерге жазасыздар.
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де,
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
Бағалау.
Үйге тапсырма. «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті» шығарма жазу

Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы,
"№12 жалпы білім беру орта мектебі" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тұрғанбаева Мөлдір Торғайбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы...
Көксерек хикаяты

Көксерек хикаяты

Ақтөбе облысы, Алға ауданы № 1 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тилеуберди Айжан...
М. Әуезовтың  Көксерек әңгімесі

М. Әуезовтың Көксерек әңгімесі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүрментаева...
Бала Мұхтар мен Абай

Бала Мұхтар мен Абай

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов атындағы ауылы, №103 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша 2 сынып Сабақтың тақырыбы:...
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×