Сайтқа кіру Тіркелу

Менің болашақ мамандығым

Күні: 10 -«Б» сынып.
Сабақтың тақырыбы: Менің болашақ мамандығым. Мамандығыма байланысты терминдер.
Сабақтың мақсаты:
1. Жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді оқып, әңгімелеу, тапсырмаларды орындату.
2. ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
3. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу.
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Қазір қай?
3. Аптаның қай күні?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сұрақтарға жауап беру. Жаттау.

- Сенің әкең кім? Менің әкем жұмысшы.
- Сенің шешең кім? Менің шешем оқытушы.
- Ол қандай маман? Ол жақсы маман.
- Өзің кім болғың келеді? Мен кәсіпкер болғым келеді.

2. Мамандық, кәсіпкер сөздерді тәуелдеу.
3. Синтаксистік талдау жасау.
Біздің отбасы мүшелері өз мамандықтарын жақсы көреді. Олар әр салада қызмет істейді. Жеткен жетістіктері көп.

Оқылым:
Мамандығым - мақтанышым
Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастысы. Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жүрмін. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.
Ой шақыру:
1. Мамандық атауларына сай қызметтерін жазу. 2. Мәтінді түсініп оқу.
Жазылым Сәйкестікті табу
Жүрегінің қалауы бойынша----3. армандадым
2. Жауапкершілікпен-------------7. ән айтады
3. Мен бала күнімнен-----------5. бала оқытады
4. Дәрігер--------------------------4. адам емдейді
5. Оқытушы------------------------6. үй салады
6. Құрылысшы-------------------1. атқарады
7. Әнші-----------------------------2. таңдайды
Грамматиканы қайталау
1. Мәтіннен тәуелдік формада тұрған сөздерді теріп жазу.
2. Мамандық атауларына байланысты бүгін үйренген сөздерді жазу.
Сабақты бекіту: Мамандықтары туралы сұрақ - жауап арқылы бекіту.
Үйге тапсырма:
1. Мәтіннен бір жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып талдау.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы,
Покровка орта мектебінің қазақ тілі мұғалім
Еділбаев Алмас Сәрсенбайұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×