Тақырып: Менің достарым
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін үйренушілерге өз деңгейлеріндегі жаттығулар орындату арқылы достарымен, жолдастарымен танысуға байланысты, сөздік қорларын қалыптастыру, сөйлеу әдебін қалыптастыру.
Тіл үйренушілерге мәтін және жаттығулармен қатар тілдік қолданыстағы жаңа сөздерді меңгерту, тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, адалдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме, тыңдалым, жазылым т. б
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақ – жауап
1. Сенің досың бар ма?
2. Досыңның аты кім?
3. Оның мінезі қандай?
4. Ол немен айналысады?
1. ТАПСЫРМА
Мәтінді түсініп оқыңыз, сұрақ қойыңыздар..
Менің достарым
«Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер», «Жақсыны жолдасынан таниды» мақал – мәтелдері жолдастықтың қадір – қасиетін білдіреді.
Менің екі жақсы досым бар. Біз үшеуміз мектеп қабырғасынан доспыз. Үшеуміз де қазір бір университетте оқимыз, бірге сабаққа дайындаламыз, бос уақытымызды бірге өткіземіз. Үшеуміз де Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінің 3 – курсында оқимыз. Достарымның есімдері – Айдын және Айдос. Біз – үшеуміз де оқу озаттарымыз. Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі жұмсақ, ал Айдостың көзі көк, шашы қара, мінезі шапшаң. Үшеуміз ешқашан қатты сөзге келмейміз. Біз өте татумыз.
2. ТАПСЫРМА
Мәтінде берілген мақал – мәтелдерді аударып, жатқа айтыңдар. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздермен сөйлем құраңдар.
3. ТАПСЫРМА
Сызба бойынша өз досың туралы әңгімелеңіз.
МЕНІҢ ДОСЫМ
қызығушылығы
…жылы, …айында туған
есімі
мамандығы
жасы
лауазымы
бойы
жұмыс істейтін орны
4. ТАПСЫРМА
Жаңылтпашты оқып шығыңыз. Оны жаттап алыңыз..
Досым маған еліктеп,
Домбырамен ән салды,
Дән риза болып көп,
Дуылдады, тамсанды.
5. ТАПСЫРМА
Жақша ішіндегі сөздердісөздіктің көмегімен аударыңыз.
1. Нұралі мен Хангелді (ровесники). 2. Олар ешқашан (не расстаются). 3. (Вместе) жұмыс жасайды. Оларды әріптестері (уважают). Олар әрі (скромные), әрі достықты (ценят).
6. ТАПСЫРМА
Мәтіндіоқып шығып, қазақ тіліне аударыңыз.
Подруги
Жанар и Алия – подруги. Они учатся в одной школе, в одном классе. Они – отличники учебы. Активно участвуют в школьной жизни. Уважают старших, помагают младшим. Родители гордятся ими.
7. ТАПСЫРМА
Досыңыздың отбасы туралы әңгімелеңіз.
Досымның отбасы
8. ТАПСЫРМА
Екі бағанда берілген мақал – мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын табыңыз. Оларды жаттап алыңыз.
1. Жаман жолдастан таяғым артық
2. Күлме досыңа – келер басыңа.
3. Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас
4. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы
5. Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа
Лексикалық минимум.
Сөздік қор
Жолдастық – дружба
Қадір – қасиет – уважение
Түйедей құрдас – ровесники
Ізетті – вежливый
Жұбын жазбау – не расставаться
Грамматикалық минимум
Көптік жалғау: - лар, – лер, - дар,- дер,- тар,- тер;
Дос – достар
Жолдас – жолдастар
1. ТАПСЫРМА
Берілген дауыссыз әріптерге дауысты дыбыстарды қосып адам есімдерін ойлап жазыңыз.
Лп, см, ққ, жз, жд, бм, мл,
Лп – Кулпән
Бағалау. Тыңдаушылардың сабаққа қатысымына, белсенділігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы: 1. «Достық» деген ұғымды қалай түсінесіздер? Осы тақырыпқа шығарма жазыңыздар
Толық нұсқасын жүктеу
Менің достарым
- Бақытжан Жакупова
- 30 мам 2016
- 18082
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің достарым, достар, достық тақырыбына ашық сабақ, дос туралы мақал мәтел
Ұқсас жаңалықтар:
Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер
Жақсы дос — Басыңа дос Жаман дос — Асыңа дос. Достың айнасы — досы. Қостың айласы — мосы....Достық, жолдас, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас....Менің отбасым
Қазақ тілін үйренушілерге бастауыш деңгейдегі жаттығулар орындату арқылы отбасы мүшелерімен таныстыру. Тіл үйренушілерге отбасы мүшелерін таныстыра...Достық – қасиетті сөз
Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр...Екі дос
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп - лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.