Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ балалар ақын жазушылары

Бұл дидактикалық құрал негізі «Қазақ тілі» оқулығына қосымша ретінде оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 8 - сыныбына арналған.
Басты мақсат – оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамытып, алған білімдерін пысықтап, практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Бұл дидактикалық құрал оқулықта берілген тапсырмаларды толықтырады. Сондықтан грамматикалық тапсырмалар, мақал - мәтелдер, жаттығулар, өзара сөйлесімдер негізгі оқулықтағы тақырыптармен сәйкес. Құралдағы деңгейлік тапсырмалар тілдік бөлімде берілген етістіктің шақтарын, етістіктің райларын, үстеудің мағыналық түрлерін пысықтау мақсатында құралған.
Ілияс Жансүгіров.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы қазіргі Талдықорған өңірінің Ақсу ауданының бұрынғы 4 - ші ауылда туған. Ілияс шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Ілияс жас кезінен бастап - ақ өткір мінезді, өжет, еңбекқұмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне жетік болған. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста болған. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Сегіз қырлы, бір сырлы, осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияс та әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, әрі домбырашы болады. Ілиястың өзі әдебиетке қызығуына көп көмегін тигізеді. Әкесінен көптеген қызықты әңгімелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оның халық өмірімен, арман - тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады.

Есіңе сақта! Мақсатты келер шақ - мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнақтары жасалады. Мысалы: бар+мақ, кел+мек.

1 - тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар. Сол етістіктерді мақсатты келер шаққа айналдырыңдар.

Үлгі: жетім қалды – жетім қал+мақ.
2 - тапсырма. Берілген сөздерді етістіктің шақтарына қойыңдар.

Етістік Келер шақ Мақсатты келер шақ.
Тәрбиелеу
Айналысу
Үйрену
Әсер ету

3 - тапсырма. Күрделі етістіктермен сөйлем құраңдар.
Кіруге болмақ, ойнап көрсін, оқығалы отыр, бара жатыр, жазған болмақ.
Үлгі: Әлия бұл ойыншықпен ойнап көрсін.

4 - тапсырма. Сөйлемдердің жалғасын табыңдар.
1. Әкесі өз қолынан келетін бар өнерін естімек.
2. Сондықтан Ілияс әкесіндей әрі ұста, әрі әнші үйренбек
3. Ілияс Жансүгіров халық әндерін болмақ

Өтебай Тұрманжанов.
Өтебай Тұрманжанов Шымкент облысының Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған.
Болашақ қаламгердің балалық шағы қиыншылық, жоқшылық жағдайда өтеді.
Өтебай «азаттық» деген сөзді алғаш рет естігенде байдың есігіндегі жалшы еді. Бір жылы бағып жүрген қойын тастап, қалаға қашып кетеді. Мұнда Ғ. Мұратбаевтың қамқорлығымен мектеп - интернатқа кіреді. Келесі жылы ауылдастары Ташкентте шыға бастаған «Ақ жол» газетінен Өтебайдың өлеңін оқып мәз болады.
Беген, сенің балаңмын,
Жас гүлімін жағаңның.
Жазыңның жыршы бұлбұлы
Жырымын жаңа заманның, - деп жазыпты кешегі қойшы бала.

1 - тапсырма. Мәтіннен күрделі етістіктерді теріп, оларға сұрақ қойыңдар.
Үлгі: қашып кетеді – не істейді?
2 - тапсырма. Сызбаны толтырыңдар. Етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Мақсатты келер шақ Болжалдық келер шақ
туған
өтеді
тастап
мәз болады
жазыпты

3 - тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, 4 - 5 сөйлем құрап жазыңдар.

4 - тапсырма. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
1. Қыстың қаһарлы күндері келді. 2. Бізде бүгін ән салынды. 3. Ашық аспанда жұлдыздар көрініп тұр. 4. Балалар ауылға қарай жүгірмек болды. 5. Ол сол үйге тағы барар. 6. Ақын өлең жазғылы отыр.

Мұзафар Әлімбаев.
Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған.
Ақынның алғашқы туындысы 15 жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрді.
Содан кейін оның өлеңдері мерзімді баспасөзде тұрақты көріне бастады. Ұлы Отан соғысының отты жылдары ақын үшін үлкен өмір мектебіне айналды. 1948 жылы армиядан оралғаннан кейін ол «Пионер» журналында, 1956 - 1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет істейді. Ал «Балдырған» журналы шыға бастаған 1958 жылдан 1986 жылға дейін осы балалар басылымының бас редакторы міндетін атқарды.
Ақынның алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы баспадан шығады. Содан бергі жылдар ішінде ондаған кітабы, бірнеше рет таңдамалылары жарық көрді. Шығармалары 38 тілге аударылған. Соның ішінде, орыс тілінде 6 кітабы, түркімен тілінде «Мен түркімен мейманы» (1963 ж.), қырғыз тілінде «Жолдар, Ойлар, Жырлар» (1966 ж.) жинақтары жарияланған.

1 - тапсырма. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңдар, оның жасалған жолдарын түсіндіріңдер.

Мысалы: оралғаннан (кейін) орал – негізгі түбір, - ған – есімшенің жұрнағы, - нан Шығыс септігінің жалғауы
2 - тапсырма. Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрінде жіктеңдер.

Үлгі: жекеше көпше
І ж Мен ойна+мақ+пын Біз ойна+мақ+пыз
ІІ ж Сен ойна+мақ+сың Сендер ойна+мақ+сыңдар
ІІ ж Сіз ойна+мақ+сыз Сіздер ойна+мақ+сыздар
ІІІ ж Ол ойна+мақ Олар ойна+мақ

3 - тапсырма. Берілген мәтіннен Өткен шақта, Келер шақта, Нақ осы шақта тұрған етістіктерді тауып сызбаны толықтырыңдар.

Өткен шақ Келер шақ Нақ осы шақ
4 - тапсырма. Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып жазыңдар.

Болымды етістік Болымсыз етістік
Оқуға түседі
Көп біледі
Жақсы жүгіреді
Арман етеді
Жарық көреді

Бердібек Соқпақбаев.
Бердібек Соқпақбаев – қазақ әдебиетінің көрнекті прозашы. Әдебиетке әуел баста ақын ретінде келді. 1942 жылы Қарағандыда оқып жүргенде:
Нарынқол туып - өскен ауданым - ай,
Көркем жер болмас сенің аумағындай.
Кетерде сенен ұзап қимай,
Қызыл тіл өлеңдетіп зуладым - ай, - деп жырлаған. Жұрт бас қосқан жерлерде тақпақтап өлең етіп, өз басынан кешкендерді айтып беріп отырған. Әзіл - оспақ өлеңдерді де көп жазған. Өзі жазған өлеңдерді, Абайдың көп өлеңдерін, «Батырлар жыры» атты кітаптағы дастандардың бірталайын жас кезінде жатқа білген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып жүргенде Қ. Аманжолов басқарған поэзия секциясына қатысып, өз өлеңдерін оқиды.
Ол туралы ақын: «Тышқан мен қандала» атты ұзақтау мысал өңімді оқи бастадым.

Есіңе сақта! Болжалды келер шақ. Етістіктің түбіріне - ар/- ер/- р жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Ертең біз киноға бар+ар+мыз.

1 - тапсырма. Ережені қолданып бірнеше сөздерді болжалды келер шаққа айналдырыңдар.
Жүргенде, беріп отырған, жатқа білген, оқи бастадым.

2 - тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Дейді, созды, жазу, жетпек болды, ұнамады, жарық көрер, жаза бастаған.

Үлгі: дейді – де – негізгі түбір, - й – Келер шақтың жұрнағы, - ді – ІІІ ж жіктік жалғау.
3 - тапсырма. Сөйлемдерді болжалды келер шақ пен мақсатты келер шаққа ажыратып жазыңдар.
Сен бүгін үйге бар едің. Мен дәптеріме жазып қойдым. Олар кешке қонаққа бармақ. Олар бәрі қан тапсырар. Иттің үйшігі дайын екен. Біз оған күлмек болдық. Әсеттің күлкісі келді. Ол оған қарар ма? Біз осы жерден өтпек болдық. Бүгін күн жылы болмақ.
Болжалды келер шақ Мақсатты келер шақ

4 - тапсырма. Берілген шағын әңгімені өткен шаққа айналдырып жазыңдар.
Өтірікші тышқан.
Тышқан ет үйге кірді. Жеуге еш нәрсе таба алмады. Шаңырақта ілулі жал, жая, қазы, қарталар тұр еді. Оларды жеуге шаңыраққа шыға алмады. Сөйтіп тұрғанда басқа бір тышқан келді. «Не таптың?» - деп сұрады. Бастапқы тышқан айтты: «Еттің бәрі жасық, әрі сасық, оны кім жесін?» (А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» кітабынан.)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға есімше туралы түсінік, олардың жасалуы мен түрлері жайлы толық мәлімет беру. ә) дамытушылық: ой - өрісін,...
Есімшенің түрленуі

Есімшенің түрленуі

Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде...
Етістіктің шақтарын қайталау

Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау. Дамытушылық мақсаты:...
Етістіктің шақтарын қайталау

Етістіктің шақтарын қайталау

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...
Етістіктің шақтарын қайталау

Етістіктің шақтарын қайталау

Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×