Батыс Қазақстан облысы, Орал политехникалық
колледжінің қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің оқытушысы Гильманова Нурия Кадемовна
Сабақ тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын жан – жақты түсіндіру. Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан – жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру шығармашылыққа шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға сүйіспеншіліктерін арттыра отырып мәнерлеп оқу – дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, достыққа, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд көріністері.
Сабақ түрі: Сын – тұрғысынан ойлауды дамыту сабағы. Интеграцияланған сабақ. (әдебиет сабағын театр, әуез, көркемсурет, сөз өнерімен интергациялау!)
Сабақ әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиялары, талдау, анализ – синтез, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, «эвристикалық жобалау» технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә) Аудитория тазалығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» стратегиясы
Сұрақтар: «Нені білеміз?» стратегиясы (өткенді қайталау және Жұбан өміріне шолу сұрақтар)
1. Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Мен қазақпын» поэмасы
3. «Кәрі қыран» поэмасы
Үй тапсырмасын қорытындылау.
І. Қызығушылығын ояту
Психологиялық кезең
Мұғалімі:
Балалар, сабақ бастауға көңіл – күйлеріңіз қалай? Тақтаға көз салыңдар, адамның көңіл – күйін білдіретін суреттерді көре аласыңдар. Қазір алдарыңда жатқан стикерлерге сол суреттерге қарап, көңіл – күйлеріңді көрсететін суретті салыңдар.
ІІІ. Мағынаны тану.
Жақсы. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы»«Мұқағали дауысын» бейнефильмнен тыңдау.
Кіріспе: Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті. Ол 10 - 11 жастан бастап өлең шығара бастайды.
Әйелі Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген. 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан. Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген. 1948 – 1949 жылдары ҚазМУ – дың филология факультетінде оқыған. К. Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.
1952 – 1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы жазушылар Одағына мүшелікке қабылданып, 1973 – 1974 жыл Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері: «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер», өлеңдегі ұстаздары Қ. Аманжолов.
Ал, кейінгі шығармалары: «Ақ қайың әні» «Ару - Ана» «Аққулар ұйықтағанда» «Мавр» «Қарындастар», «Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт жан азасы», атты поэма – толғаулары бар. 650 – ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. 650 – ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында, терең толғаған. «Моцарт Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні, өзгеше, туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры», аталатын 4 бөлімінде бірде табыт, бірде жесір – Ана бірде Жер – бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман – әнін жеткізді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: «Мен жырламаймын, сырласамын сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жасағым» немесе «Тіпті де мен емес – ті «Мен» дегенім»... Өзгенің жаны – сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «Өзін – өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағалидың шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу медитатция басым. «Өмірдастан» атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар – намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидың шеберлігі өзі өмірден көрген – білгенін көңіл елесінен өткізе терең жеткізуінде.
Оқушылармен жұмыс. Тапсырмалар орындау
а) Топпен жұмыс
І. Топ – «Ақындар» Мұқағали поэзиясын жатқа айту.
ІІ. Топ – «Әншілер». Мұқағали әндерін тыңдау және шырқау
ІІІ. Топ – «Жазушыларға» «Мұқағали туралы нені білдім?» («Еркін жазу стратегиясы»).
ә) Ақынның тіл шеберлігі «Эвристикалық жобалау» технологиясы
Мұқағали портреті
І топ «Ақындар»
1. «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығатын болады?»
Сұрақ: ақын туралы пікір, болжамдарыңды білдір! Сіз не айтар едіңіз!
ІІ топ «Әншілер»
2. «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас өлеңді алайда ешкім»...
(М. Мақатаев)
Сұрақ. Өлең жолдары туралы өз пікіріңізді дәлелдеңіз, жиі айтылатын әндерінен үзінді келтіруге болады.
ІІІ топ «Жазушылар»
«Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясының дәуірі басталды».
(Ә. Тәжібаев)
Сұрақ: Қалай ойлайсың, Сонда Мұқағалиға дейін қазақта поэзия болмаған ба?
Пікіріңізді білдіріңіз?
ІІІ. Ой толғаныс
Қорытынды: Мен бір нәрсеге поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен табиғатпен бірге өлетініне кәміл сенемін. Адамзат жаны қатігез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз соныкі.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
«Эвристикалық жобалау» технологиясы бойынша түйін.
Сонымен, балалар, Мұқағали ақынның лирикаларының шығармашылығынан нені үйрендік?
1. Басты тақырыбы:
2. Лиризм нәзіктігі:
3. Саздылығы, наздылығы:
4. Көңіл – күйі:
5. Пәлсапалық тереңдігі.
6. Драматизмі:
7. Көркемдік ертекшілігі:
V. Үй тапсырмасы:
Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын оқу.
Бағалау:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
- Нурия
- 10 сәуір 2016
- 7074
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ әдебиеті, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Ақын Мұқағали өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Жырларының негізгі ерекшеліктерін, әлеуметтік мәнін ашу. Формасы: топпен, жұппен жұмыс...Өрнекті жырдың иесі поэзиялық кеш
Оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілікпен мейірімділік қасиеттерін, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу арқылы,...Сағынады ақынды сыздап жүрек
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 - 1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы....Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын».
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саламатова Рашида Сымғалиқызы...М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.