Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмабаева Венера Жәнібекқызы
Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан»
2 - сабақ «Шоқан тұлғасы»
Мақсаты: білімділік. Әңгіме мазмұнына талдау жасай отырып, Шоқанға тұлғалық мінездеме беріп, ұлы Шоқан Уәлиханов туралы қосымша түсінік аламыз.
Тәрбиелік. Басты кейіпкер бойындағы асыл қасиеттерді дәріптей отырып, досттыққа адал болуға, қайырымдылыққа, өнерді сүюге деген құштарлығын арттыру.
Дамытушылық. Тың мәліметтер бере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін ойын дамыту.
Көрнекілігі: Ш. Уәлиханов суреті, буклет, мүсіндер, Шоқан туралы бірнеше кітапттар, суреттер топтамасы.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, география,
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге көп қонақтар келді. Мен сендерді жақсы жауап береді деп сенім артамын.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Шоқан тұлғасы»
Мақсаты: «Бала Шоқан» әңгімесін талдай отырып, Шоқанға тұлғалық мінездеме беріп, ұлы Шоқан Уәлиханов туралы қосымша түсінік аламыз.
Үй жұмысын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Әңгімені оқып, мазмұнын біліп келу.
1. Қызығушылықтарын оятып, ой шақыру.
Үстел үстіне бірнеше мүсін қоямын.
Қолдан жасалған мүсіндерді көрсетемін.
- Балалар, не көріп тұрмыз?
- Мүсіндер
- Мүсінді неден жасайды?
- Саз балшықтан, ағаштан, қоладан.
- Ол кімнің мүсіндеріне ұқсайды?
- Мысықтың
- Мысықтың өнерін кім тани білді?
- Шоқан
- Шоқан туралы кімнің шығармасын оқып жатырмыз
- С. Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін
- Жазушы өзінің естелігінде «Бала Шоқан» әңгімесінің жазылу себебін қалай дейді?
І “Мүсінші мысық”
Сары баланың досы Шоқанды күтуі;
Сары баланың досына ойыншықтарын көрсетуі;
Шоқанға ойыншықтарының ұнағанын сыйлауы;
Шоқанның үйінде
ІІ “Уәде еттің - орында”
Шоқанның уәдесі
Мысықтың зеректігі
ІІІ “Қайырымдылық”
Шоқанның сыйы
Кейіпкерлерге мінездеме беру
Кейіпкерлер
Шоқан – Қайырымды, Әділ, Уәдеге берік. Өнерді құрметтеу
Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Інісінің әділетсіз әрекетіне тоқтам салады. Әкесінен сұранып мысыққа жолығады. Мысықтың жасаған мүсінін әкесіне көрсетіп, қызығушылық танытады.
Мысық - Өнерлі, зерек.
Мүсін жасайды, көргенін пайымдай алады.
Жақып – Тентек.
Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді. Өнерді тани алмайды.
Интерактивті тақтамен жұмыс. Шоқан мен Мысыққа кластер құрастыру (Венн диаграммасы).
Шоқан → Төренің баласы: ақылды, жомарт, сезімтал, зерек, ақкөңіл, қарапайым
Ұқсастығы → Достасқысы келеді, өнерді жақсы көреді, жүректері таза
Мысық → Кедейдің баласы: жасқаншақ, ұялшақ, қорқақ, мүсінші
а) Шоқан мен Мысықтың достығы неге негізделген, екеуі неге достасты? (екеуі де өнерді жақсы көреді)
ә) Сендердің достарың бар ма, дос дегенді қалай түсінесіңдер?
б) дос туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?
Мұғалімнің сөзі: Шоқан досқа адал, жүрегі таза, қайырымды жан болған, соның бірі – шығыс елдерінің тілін, мәдениетін зерттеуші ғалым А. А. Сотников Шоқанның ой - өрісінің қалыптасуына көп әсер етті. Сотников пен Шоқанның жолдас болып кеткені соншалық, кей жылы жазғы демалысын Сырымбетте өткізеді. Сурет салуды Шоқанға үйреткен осы Сотников болатын. Орыс ғалымы Сотниковтың! ”Халық таланты дегендер - осылар – ау! Мынау кең далада қандай тамаша таланттар жоқ дейсің. Тек бұлардың көзін ашатын білім керек!” - деген сөзі Шоқанның өзімен Мысықты Омбыға алып кетуіне себеп болды.
- Шоқанның бала күнгі көргендері мен үйренгендерінің болашақ өмір жолында пайдасы болды ма? Білгеніңше айтып көріңдерші.
- Өзің өнердің қай түрін ұнатасың?
- Болашақта кім болуды армандайсың?
1. Шоқан туралы ізденіп не білдіңдер?
2. Шоқан болашақта кім болды?
1 - оқушы. Шоқанның Шоқан атануы. Шоқанның шын аты – Мұхаммедханафия. Апасының еркелетіп қойғаны – Шоқан. Шоқыдай биік, таудай асқақ деген мағынаны білдіреді.
2 - оқушы. Шоқанның туған жері туралы. Қостанайда Құсмұрын деген жер бар. Ол Қостанай қаласынан жүз шақырымдай жерде. Мұнда қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан туған. Құсмұрынның табиғаты мүлдем өзгеше. Оның бұлағы, көлі бар. Ол жер – тау мен қырат. Бұл қырат алыстан құс тұмсығына ұқсайды. Сондықтан бұл өлке Құсмұрын атанған.
3 – оқушы. Шоқан суретші. Суретшілік өнер – тарихшы, географ, этнограф, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.
Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған.
4 – оқушы. Қазақтың тұңғыш зерттеушісі. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы. Шоқанның еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай бермек.
5 – оқушы. Шоқан Уалихановтың нақыл сөзі.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолушысы – ой,
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы – мінез,
Ең қымбаттысы – ар.
Таусылмайтыны – арман.
Барлығынан ардақтысы – өмір.
6 – оқушы. Ескерткіш. Шоқанның бейітінің басында көкшіл мәрмәр тастан қойылған ескерткіш бар. Көк таста қолмен қашап жазылған екі жазу бар. Оның бірі – араб әрпімен қазақша жазылса, екіншісі орыс тілінде жазылған.
7 – оқушы. Шоқанның қола мүсіні. Шанхайда Шоқанға арналып көркі өзгеше, сәулеті ерекше мұражай – үй салынды. Ауыл түбіндегі төбе басына ұлы ғалымның биіктігі үш метр мүсіні орнатылды. Ол мүсіннің салмағы он тонна, қоладан құйылған.
Мұғалім сөзі.
- Сонымен, Шоқан бар – жоғы 30 - ақ жас жасап, ”Құйрықты жұлдыздай” жарқ етіп, сөнді. Мына өлең жолдарын оқып көрейікші.
Бұл күнде аты мәшһүр дана Шоқан,
Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.
Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,
Жарқырап ағып өткен баба Шоқан.
(Маман Ементаев)
- Осы өлеңде Шоқан атамызды бейнелеуде ақын қандай эпитеттер қолданған?
- Дана, дара, баба, кесек ойлы, өр тұлға.
- Тағы қандай көркем сөз бар?
- Теңеу - жұлдыздай.
- Өлең ұйқасын кім айтады?
- Қара өлең ұйқасы.
Бекіту.
- Сонымен, бала Шоқанның өнерге қызығушылығы болашақ өміріне қалай әсер етті?
- Ол қазақтың тұңғыш ғалымы болды.
- Шоқан бабамыздың өмірінен үлгі алуға бола ма Иә? -
Қорытынды. Біз бүгін қандай әңгімемен таныстық? Авторы кім? Басты кейіпкерлері кімдер?
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Мәтінге байланысты сурет салу.
2.”Бала Шоқан – дана Шоқан” шағын әңгіме жазу.
Толық нұсқасын жүктеу
С. Бегалин «Бала Шоқан»
- aiboll
- 23 ақпан 2016
- 16541
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бала Шоқан, Бегалин, ашық сабақ әдебиет, Шоқан Уәлихановтың балалық шағы
Ұқсас жаңалықтар:
Шоқан Уалиханов - суретші
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Шоқан жайлы білімдерін толықтыру, Шоқанның суретшілік өнері жайлы мәлімет беру. 2. Оқушылардың сауаттылығын арттыру,...Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесін түсіндіре отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі арқылы өнерге деген...Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...С. Бегалин «Мейірім»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсенгалиева Шолпан Бисембайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.