Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Абай өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушылардың эстетикалық танымын ояту, әдеби - теориялық ұғым беру
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, өлеңді мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру
Тәрбиелілігі: Оқушыларға эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру. Құсбегілік, саятшылық өнерге баулу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі оқу, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: биология пәнімен, халықтық салт - дәстүр
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Слайд №1. Абайдың портреті
Слайд №2. Абай туралы жазылған пікірлер.
«Абай бұл күнде қазақ халқының мәдениет тарихындағы ұлы мұнарадай қадірлі
классик болуымен қатар, бүкіл Одақ көлеміндегі қадірі асқан ұлы классиктің бірі болып
бағаланады»
М. О. Әуезов
«Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана
емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан - ғайыр еңбек еткен данагер»
Н. Ә. Назарбаев
«Абайдың өмірді аңсаған, өмірді баяндаған поэзиясы, сиқырлап бойды алатын
адамгершіл лирикасы, өмір сүйгіш жүректің арманын білдірген оның табиғат, жыл
мезгілі, сұлу қыз. құс салу, ат, достық пен махаббат туралы тамаша өлеңдері – эстетикалық
ләззаттың сарқылмас бұлағы»
М. Қаратаев
Слайд №3. «Аңға шығатын құстар»
Сабақтың барысы:
Ι Ұйымдастыру.
ΙΙ Жаңа сабақ: Жаңа сабақты түсіндірер алдындағы кіріспе Абай Құнанбаевтың өмірі мен
шығармашылық қызметіне, әдебиет тарихында алатын орнына қысқаша шолу жасау. Бұрыннан
таныс, өтілген тақырыптарды еске түсіру. Жетекші сұрақтар арқылы мазмұнын ашу, өлеңдерін
жатқа айтқызу.
Ойқозғау. 1. Абайдың қандай өлеңдерін оқыдыңдар?
2. Табиғат лирикасына байланысты қандай шығармасын білесіңдер?
3. Өнер - білімге үндеген өлеңдері лириканың қай түріне жатады?
Абай лирикаларын топ - топқа бөліп, оқушылардың ойын түйіндей келе «Абай несімен ұлық?»
деген сұрақ арқылы оқушылардың ой - өрісін ары қарай дамыту. Абай ΧΙΧ ғасырдың ұлы
ақыны, ойшыл қоғам қайраткері, қазақ халқының ағартушыларының бірі. Абай - өз заманының
батыл сыншысы, жауыздық атаулының бәріне де қарсы күресушісі, әділеттіліктің қажымас
дабылшысы. Ол - надандыққа, жағымпаз қылықтардың бәріне атымен қас болды. Абай – зор
ақындық дарын иесі, үлкен әнші, сазгер, суреткер. Ол - байлықтың түп қазығы өнерлі, білімді
азамат болу керек екендігін дәлелдеді. Эстетикалық - әсемдік тәрбиеге көп көңіл бөлген.
Әдебиет жасөспірімдердің сезім дүниесін тәрбиелейтін, байқағыштық қабілетін оятатын өмір
оқулығы деп түсінген ғұлама ғалым. Абай өнерді таныды. Өнерді тану, ол - өмірді тану. Абай – өзі
өмір сүрген дәуірді, сол өмірдің бел - белестерін, асу - еңістерін көз алдына елестете отыра
суреттей білген суреткер ақын. Абай поэзиясы - әсемдіктің мөлдір бұлағы. Соның бірі - аңшылық
өнеріне арналған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген лирикасы.
Балалар, аңшылық өнеріне байланысты қандай аң - құстарды білесіңдер?
Аңшы болу үшін оған не қажет?
Аңшылық саятшылық өнері – саяткерлердің сұңқар мен қаршығаға, үйрек пен қаз алдыру, түлкі мен қасқырды бүркітке алдыруы – ең сүйікті кәсіптердің ірі болып саналады. Бұл бір жағынан ата дәсүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де жатады. Құсбегі - қыранды түрге, топқа айыра білетін адам. Құсбегілік атадан балаға мұра болып жалғасқан үлкен жиын - тойларда құсбегілік өнерін сайыстырған. Бүркіт тауларда мекендейді. Құсбегілер оларды «ой құсы», «қыр құсы», «таулы жердің құсы» деп бөліп атайды. Бүркітті баптап қолға үйретудің бір шарты оған қажетті мүліктердің дұрыс жасалуы. Олардың атаулары: «томаға, тұғыр, балақ - бау, биялай т. б.» Саятшылық адамды сыншылдыққа үйретеді. Саятшылық серілік кәсіп, әрі спорт өнері. Негізінен құсты күз бен қыста аң аулауға салған дұрыс. Қансонар - аң аулауға ең қолайлы мезгіл. Қар жұқа. Сол үшін аңшылар, қансонарды күтіп пайдаланып қалуға тырысады. «Атан өлсе сойылар, атам өлсе қойылар
«Енді мұндай қансонар күнде қайдан табылар» деген мақалдың шығуы осыған байланысты.
2) Өлеңді мәнерлеп оқып шығу
Слайд №4. Сөздік жұмысы
1) Қанағат – алғаш қар жауғаннан кейін аңды ізі бойынша аңду
2) Ғанибет – қызық, тамаша қөңіл - көтеру
3) Аңдағанда – түлкінің ізіне түсу
4) Томаға – бүркіттің басына кигізетін қабы
5) Қырымнан – алыстан
6) Қырық пышақпен қыжыңдап – түлкінің 40 тісін қайрап, айбат шегуі.
7) Сегіз найза – бүркіттің найзадай үшкір тырнақтары
8) Қаса – айрықша сұлу
9) Үйірімен үш тоғыз – олжалы бола берсін, бүркіті ала берсін деген тілек мағынасы
10) Бақпасаң – қарамасаң, көрмесең, мән бермесең
11) Көлеңкесі – суреті, елесі, бейнесі мағынасында
12) Көкейіңе – көңіліңе, ойыңа мағынасында
13) Тұрғышылар – бүркітті биік жерде ұстап тұрушылар
14) Қағушылар – аң жүретін жерді тінте, сүзіп қараушылар
15) Ізшілер – аңды ізіне түсіп, бойын көрушілер
16) Тосқауылшылар – қашқан аңды ін, қырымнан, таулы жерлерден қайтару үшін жолын
тосушылар
17) Бақыршы – қоста қалып, ас әзірлеушілер, аң союшылар
4) Өлең мазмұнын қара сөзбен түсіндіру
Қыс кезі. Түлкінің ізін сонарда оңай табады. Аңшының аты жарау, жолдастары ширақ, тату, өздері ықшам киінген. Түлкі шолып із кезу үшін аңшылар: тұрғышылар, қағушылар, ізшілер, тосқауылшылар, бақыршылар болып бөлінеді. Қағушы түлкінің ізін кесіп - келіп қанжығасына байлаған дабылды қамшының сабымен соғады. Аңды көрген тау басындағы бүркітші бүркіттің томағасын сыпырады. Көзінен томағасы алынған құс аңды көре сала биікке самғай көтеріледі. Төмен ұшса, түлкі құтылып кетуі мүмкін, сондықтан жоғары шырқай ұшады. Ұшқан бүркітті көрген аң құтыла алмасын білген соң, тұра қалады. Қыран түлкіні түйіп түсер кезде жоғарыдан лақтырған тастай төмен қарай зымырайды. Аспаннан төнген құсқа түлкі айбат шегіп, аузын ашып, қорқақтап тісін қайрайды. Демек қырық пышақ тісімен тұрғанда, ол бүркітке осал жау емес. Сегіз найзасын жазып жіберіп құс төне түседі. Сөйтіп екеуі жеке батырлар шайқасқа шыққандай айқасады. Аппақ қарда қара бүркіт, қызыл түлкі айдалада қас сұлудың шашын көтеріп аудара тарап тұрғандай әсер береді. Сөйтіп түлкі алынады. Мұндай табысқа құс та, иесі де мәз. Аңшы түлкіні алғашқы олжа деп жолдастарына тартады. Қанжығаң қанды болса көңілің жайланады. Осындай табысқа жиде тергендей кенеле берсең, құмарың арта түседі, жалғандағы ең қызық іс - осы аң аулау.
5. Өлеңді толық меңгеру үшін екі оқушыға оқытып шығып, сұрақ беру.
1) Өлеңді неше бөлікке бөлуге болады?
2) Әрбір бөліміне не деп ат қояр едіңіздер?
1) Бүркітші
2) Бүркіттің түлкіні алуы
3) Ақынның ойлары
6. Өлең құрылысына талдау. Сатылай кешенді талдау
І) Өлең композициялық жоспары:
1) Аңшыға не керек
2) Түлкі мен бүркітің бірін - бірі байқауы
3) Екі тағының шайқасуы
4) Арпалысты бейнелерге ұқсату
5) Аңшы мақтанышы
6) Өнерге берілген баға
7) Аңшылық өнеріне кеңес
ІІ) Авторы – А. Құнанбаев
2. Тақырыбы – аңшылық
3. Идеясы – аңшылық өнерді дәріптеу
4. Жанр түрі – бейне өлең.
5. Шумақ саны - 10
6. Тармақ саны - 41
7. Бунақ саны - 3
8. Буын саны - 11
9. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы кезекті ұйқас. (
10. Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитеттер – жақсы ат, тату жолдас, ыңғайлы ықшам киім, қанды көз құс, қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, алпыс екі айлалы түлкі
Теңеу: жарқ - жұрқ етіп екеуі айқасады, жеке батыр шыққандай қан майданға,
ұқсайды қаса сұлу шомылғанға, таудан жиде тергендей ала берсең.
Антоним: ақ - қара, көк - жер
7) Қорыту
Үш бөлім бойынша өлеңді қорыту
1) «Бүркітші» Абайдың баласы Тұрағұлдың естелігі «Әкем жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2 - 3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. – «Өз өмірімде менің қолыма 250 - дей құс түсті. Солардың ішінде «Тулақтың шолағы» дейтін бүркіттей қыран болған жоқ», - деп атып отырушы еді». Табиғат аясындағы адамның аңшылық кәсібі іскер де епті ауыл адамы, әдебі мен тәрбиесі мол кішіпейіл із кесуші. Қолына бүркітін қондырып, жанына тазысын ертіп, епті киімін киіп, астына қылаң шабандоз мінген ер жігіт.
2) «Бүркіттің түлкі алуы» С. Бегалин «Сәтжан» шығармасынан үзінді оқу. Бүркіттің түлкі алдағы суретін, өлең шумақтарын тапқызу.
«Қыран құс көзі көріп самғағанда
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап
Ол да талас қылады шыбын жанға
Көктен қыран сорғалап құйылғанда
Жарқ - жұрқ етіп екеуі айқасады
Жеке батыр шыққандай қан майданға»
Қысқаша мазмұны: Шүйлігіп келе жатқан бүркітке түлкі тісін сақылдатып, аузын ашып, қоқаңдап, айбат жасайды, бірақ құтыла алмасын біліп, тұра қалады. Қанат құйрығы суылдап, ысқырып бүркіт найзадай сегіз тырнағымен нақ белінен салады, ақ қар қып - қызыл қан жоса болады. Алпыс екі айлалы болса да түлкі жеңіледі.
3) Ақынның ойлары
Ақын бүркітшінің ауыл адамдарының қуанышын қалай берген?
«Таудан жиде тергендей ала берсең
Бір жасайсың құмарың бір қанғанда» деп жымыңдап, күлісіп, шаттануы неліктен
«Құсы да, иесі де қоразданар» дегеннен адамның қандай көңіл - күйін байқайсыңдар?
Ақынның алдына қойған асыл мұраты – қазақ халқының аңшылық өнерін таныту еді.
«Біздің қазақтың қосқан аты алдыда келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан
иті өзгеден озып барып ұстаса есі шығып қуанады» (Абай)
8) Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, үзіндісін жаттау
9) Бағалау
Қансонарда бүркітші шығады аңға
- AINYR
- 12 қаңтар 2016
- 11572
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қансонарда шығады аңға өлеңі бойынша сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №14
Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке,...Қансонарда
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті №80 мектеп-гимназиясының I санатты Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Файзуллаева Құралай...Қан сонарда бүркітші шығады аңға
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Қарабекқызы...Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық
Астана қаласы, №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.