Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Ж. Қайыпов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі шырай
Сабақтың мақсаты:
білімділік Сын есімнің күшейтпелі шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту.
дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, іздене білуге бағыттау.
тәрбиелік: сөздің мағынасына мән беруге, білімін кеңейтуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, өз ана тілін жете меңгеріп, өзге тілді үйретіп, қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, талдау.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 66 - жаттығудың орындалу барысын тексеру.
Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіру.
• Сын есімнің түрленуі дегеніміз не?
• Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.
ІҮ. Сабақ мақсаты
- Бүгін сабақта сын есімнің күшейтпелі шырайы, оның жасалуы туралы түсінік аламыз. Әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы алған білімді бекітеміз.
ІІІ Жаңа сабақ.
«Суреттер сөйлейді»
Экраннан қызыл алманың, сұлу қыздың, қыран бүркіттің суреттері шығады. Осы суреттер бойынша сапалық сын есімдерді жазғызу:
Қызыл, дәмді, сұлу, әдемі, сыпайы. Осы сын есімдерді күшейтіп айтқызу.
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы
Сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы
Сапалық негізгі сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.
Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітеді: біп - биік, жап - жақсы) негізгі сын есімдермен дефис (-) арқылы жазылады. Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап - ақ емес), көкпеңбек (көп - көк емес) болып бірге жазылады.
ҮІ. Түсінуін тексеру
Оқулықпен жұмыс. 71 - жаттығу: Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасау.
Кім көп біледі? (ойын) Күшейткіш буындар арқылы құралған сын есімдерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады.
1 - топ: Тап - (таза, тар тамаша, тақыр, тұйнақ)
2 - топ: Ап - ( арық, аппақ, аз, аласа, алыс, ашық)
3 - топ: Жап – (жарық, жасыл жаңа, жақын, жаман, жақсы, жайлы
72 - жаттығу
Сөз тіркестерінен сөйлемдер құру
Түп - түзу қайыңдар. Кеп - кең көшелер. Біп - биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп - тұщы су. Мөп - мөлдір бұлақ. Өте таза жер.
Жеке оқушымен жұмыс: Өлең құрамынан сын есімдерді тап, күшейтпелі шырай жаса:
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тоңғаны ма тойғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
ҮІІ. Бекіту
Семантикалық карта
қоңыр қызыл
қалпақты
орманды
үлкен - үлкен
тәп - тәтті
ескілеу
жасыл
ап - аласа
кішірек
жігерлі
Сабақты қорытындылау
• Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
• Күшейтпелі шырай қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 75 жаттығу. Тапсырма: Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы «Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазып келу. Бағалау.
Күшейтпелі шырай
- Тюпеева
- 6 желтоқсан 2015
- 13377
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен сабақ күшейтпелі шырай
Ұқсас жаңалықтар:
Сын есім 6-сынып
Сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау. Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты...Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары
Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрін салыстырмалы шырай деп аталады....Сын есім түрленуі (сайыс сабақ)
Асық-Ата кенті, Ж.Ералиев а/о, «Арай» е/м «Дәуір» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі...Comperative and superlative adjectives
Мақсаты: Білімділік: Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайларын қайталай отырып, мысалдар келтіріп, мәтінмен жұмыс жасау, оқушыларды...Тілімде менің сыры терең жаным бар
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.