Жамбыл облысы, Шу қаласы,
Жамбыл гимназиясы
Пән мұғалімі: Тлек Б. Т
«Ерліктің символы - Махамбет поэзиясы»
Сабақ мақсаты: 1) ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау;
2) ұлжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
3) қосымша деректерді пайдалану, танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: жаңа білімді игерту
Әдісі: ой қозғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, өлең талдау, мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі: слайд, ердің бес қаруы, ақынның «Жұмыр қылыш» күйі.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру. Зейіндерін шоғырландыру.
Төмендегі жоспар бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.
1.«Зар заман» ақындары туралы.
2. Еділдің бойы - ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім...
(Көтерілістің шығу тарихы, мақсаты)
3. Өтемістен туған он едік... (Ақынның өмірі).
Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сыныпты «Ізденуші»,«Сөз тапқыштар»,«Тұжырымдаушы» деп 3 топқа бөлемін, әр топтың жұмыс істеу жүйесі алдын ала беріледі.
«Махамбет - өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын..». Қ. Жұмалиев.
- Балалар, біз дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған Махамбет Өтемісұлының азаттық идея мен азаматтық үнге толы,
нағыз ерлік жыры «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен танысамыз.
Ақын өлеңдері идеялық мәні, көркемдік қуаты жағынан қазақ әдебиетінің классикалық үлгісіне жатады.
Жанры жағынан былай жіктеледі (кесте)
Лирикалық
өлеңдері Шешендік
толғаулар Жоқтау Риторикалық
сұрау Азаттық
идея
азаматтық
үн
Махамбет лирикасының қайнар көзі: халық ауыз әдебиеті шығыс әдебиеті, жыраулық поэзия.
Ұйқас
түрі Буын саны Поэтикасы Өлеңдерінің
тақырыбы Ақын лексикасы
Сабақты бекіту (топтық жұмыс).
Әр топ «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңге құрылымдық - мағыналық, поэтикалық талдау барысында оқушыларға көрмеде қойылған ердің бес қаруы, ат әбзелдері таныстырылып отырады. Мысалы: терлік, тебінгі, олардың атқаратын қызметі.
«Ізденуші» топ өздері үйде алдын ала дайындап әкелген өлеңінің туу тарихы туралы мәлімет айтады.
«Сөз тапқыштар» тобы өлеңге поэтикалық талдау жасайды.
Эпитеттер: ереуіл ат, егеулі найза, алты малта ас, қоңыр салқын төс, ұлы түс, қу толағай.
Сөз тіркестері: тебінгі терге шіру, терлігі майдай еру, ат үстінде күн көру.
Ассонанс: ереуіл атқа ер салмай,
егеулі найза қолға алмай.
еңку - еңку жер шалмай,
ерлердің ісі бітер ме?
Аллитерация тебінгі терге шірімей,
Теңеу терлігі майдай ерімей.
Сөздік: ереуіл ат (соғысқа мінетін, жарап тұрған ат), қу толағай
(тақыр, жалаңаш).
«Тұжырымдаушы» топ. Он сегіз бағыныңқы сөйлемі болымсыз түрдегі өткен шақ көсемшемен беріліп,«Ерлердің ісі бітер ме?» деген риторикалық сұрау түріндегі басыңқы сөйлеммен аяқталады.
Бір деммен айтылады, бір ғана идея ұсынылады. Жауап іздеудің керегі жоқ, жауап - алдыңғы тармақтарда айтылған бір шумақ толғау.
Сабақты қорытындылау: Оқушылар өздері ізденіп, дайындап әкелген тың деректерді айтып береді.
1 - оқушы:- Ақын ретінде тұңғыш танытқан - Жәңгірдің немересі Шәңгерейдің көмегімен Ғұмар Қараш 1908 - 1910 жылы ақынның «Ереуіл атқа ер салмай», «Беріш Мұхаммед батырдың сұлтанға айтқаны» өлеңін алғаш рет «Шайыр»
2 - оқушы:- Махамбет - шығармаларында айтылатын күрес пен қаһармандықтың барлық ұстанымдарын өмірінде іске асырған жан.
Өлеңдерін талдағанда мұны ұмытуға болмайды.
3 - оқушы:- Махамбеттегі ұлттық рух сол тілдің барлық болмыс,
байлығын қолдана білуден туындайды. Оны өзге тілге аударудың қиындығы - сонда. Сөз саптауы, оқиға мен ойды, сезім мен сырды жеткізу, бейнелеу тәсілдері, техникасы мүлде бөлек.
4 - оқушы:- Ақын шебер күйші, домбырашы болған. 11күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрген.
Ақынның «Қайран Нарын»,«Арысты аңсау»,«Жұмыр қылыш»,«Жорық»,«Өкініш» күйлері күйші қауымға танымал.
5 - оқушы:- 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды.
6 - оқушы:- Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Индер ауылынан 40 шақырым ақын қайтыс болған жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов ақынның бет - бейнесін жасап шығарған.
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір - біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Үй тапсырмасы:«Махамбет поэзиясының ерекшелігі» эссе жазу.
Ерліктің символы - Махамбет поэзиясы
- ansar2008
- 4 желтоқсан 2015
- 5586
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ерліктің символы Махамбет поэзиясы
Ұқсас жаңалықтар:
Ереулі атқа ер салмай
Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай,...Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Ақын поэзиясының мазмұны мен мәнін ұғындыру, ондағы азаматтық, отаншылдық рухын сезіндіру. Тілдік, көркемдік...Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы
Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту Оқулық пен қосымша...Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.