Сайтқа кіру Тіркелу

Толықтауыш

Қостанай облысы, Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баймуханова Гулмиран Абилхановна

Қазақ тілі 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш
А) Білімділігі: Оқушыларға толықтауыштың анықтамасын, жасалу жолдарын, сөйлем ішінде таба білу қабілеттіліктерін, алған білімдерін нығайту;
Ә) Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау мен қатар жан - жақты сұрақтар қою арқылы ізденісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту;
Б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу
Қажетті құралдар: маркер, техникалық құрал - жабдықтар, смайликтар, бағалау парақшасы,
Сабақтың әдісі: Проблемалық сұрақ - жауап.
Сабақ түрі – сын тұрғысынан ойлау жобасының сабағы
Психолгоиялық дайындық
Әрбір адам?--- Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? --- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? --- Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? --- Шындық, бірлік, адалдық.
Сабақтың эпиграфымен таныстыру:

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
- Кезекшімен сұхбат.
- «Қызығушылықты ояту» әдісі. Сөзжұмбақ.
- “Ой шақыру”. « Мен – саған, сен маған» әдісі.
- Жаңа сабақ.«Тапқыр болсаң тауып көр»
- Оқулықпен жұмыс.
- Талдау табыс кілті. «Топпен жұмыс» «Кубизм» әдісі.
- Сергіту сәті. Шығармашылық саты: Ұйқасын табыңыз.
- Суретпен жұмыс.
- Бекіту: «Зымыран» сұрақтар.
- Үйге тапсырма.
- Бағалау.

I. «Қызығушылықты ояту» әдісі. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты табу.
1. Біреуін бердім, Онын тердім (тұқым)
2. Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады (қоян)
3. Суда өсіп, өнеді, Сыртқа шықса өледі. (балық)
4. Төрт аяққа керілді, Әдемі үй боп көрінді. (шатыр)
5. Сыртын отқа қақтайды, Одан басқа жақпайды (қазан)
6. Төртеу адамы, Біреу алаңы ( үстел)
7. Суда көлік, құмда өлік( қайық)
8. Аппақ доп тауып, шақырды ақ.... (тауық)
9. Сирағы ұзын, Тырнағы ұзын, Тұмсығы біздей.(тырна)
10. Шашылды көктен ақ моншақ, Жоғалды біздер тапқанша – ақ (бұршақ)

II. «Ой шақыру». « Мен – саған, сен маған» әдісімен үй тапсырмасы қорытындыланады. Оқушылар сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы бір - біріне жапырақ ұсыну арқылы сұрақтар қояды.
Проблемалық сұрақтар: Балалар толықтауыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Оқушылар жауаптары.
- Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
- Толықтауыш тұрлаулы сөйлемнің қатарына жатпайды.
- Толықтауышты есте сақтау оңай. Өйткені ол септіктердің сұрақтарына жауап береді.
- Күнделікті сөз қолданыста көп пайдаланамыз.
- Мақал – мәтелдерде жиі кездеседі.
Проблемалық сұрақтардан кейін бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын анықтап тақырыпқа сай қандай мақсат қоятындықтарын сұрау. Соңынан өзімнің мақсатыммен салыстыру.

III. Жаңа сабақ. Толықтауыш
Ереже: Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал - әрекетті, іс - оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз. Толықтауыш көбінесе баяндаушпен байланысқа түседі. Мысалы: Қорқақ көлеңкесінен қорқады.
Толықтауыш құрамына қарай:
Толықтауыш дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді.
1. Бір сөзден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз. Жақсыны арман аздырар, жаманды құлқын тоздырар.
2. Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз. Ата - анаңа адал қызмет ет.
3. Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш деп атаймыз. Жасау дегеннен көз тұнады.
Толықтауыш мағынасына қарай:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×