Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Солнечный поселкесі, № 28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Абилгаламова Айжан Кенжеханқызы
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға мәтін және сөздің мағынасын, мәтіннің тақырыппен байланысы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой – пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы: І. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мәтіннің түрлері.
2. Ауызша, жазбаша мәтіндер және ортақ белгілері.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау
«Блиц (шұғыл) сұрақтар». Сыныптағы 5 оқушы өз қалауымен ортаға шығады. Үстел үстіндегі төңкеріліп жатқан «мұғалім», «аспаз», «мектеп директоры», «оқушы», «күзетші» деп жазылған қағаздарды үлестіріп алсын. Сыныптағы оқушылар оларға кезек - кезек сұрақ қойсын. Сынып ең ұтымды да мәдениетті жауап қайырған «кейіпкерді» анықтайды. Ал «кейіпкерлер» өзіне мәнді де мағыналы сұрақ қойған оқушыны анықтасын. Әр сарапшы өз таңдауын дәлелдейді.
ІІІ. Мағынаны тану.
1. Мәтінді оқы. Мәтіннің сөз саптау тәсіліне қарай қандай түрге жататынын дәлелде. Мәтін мазмұны бойынша әр абзацқа тақырып қой. Сол тақырыптардың басын біріктіретін басты тақырыпты анықта.
Тоқтар ғарышқа ұшып, аман - есен елге оралған соң осында, туған жеріне келді. Қарқаралы халқы Тоқтарды хан көтеріп күтіп алды. Содан «Шайтанкөлге» келдік. Ол мұнда келген бетте дереу шешінді де, суға қойып кетті. «Ай - хой», «ой - хой» деп ары - бері әбден жүзді. «Туған жерін сағынған ғой деп біз де еміреніп жатырмыз.
Содан не керек, оның арты қиын бір жағдайға ұласты. Ертесінде ғарышкердің денесінде адам көргісіз бір жаралар пайда болды. Дереу дәрігерлер қарай бастады. Жақпаған мазь жоқ. Кетер емес. Жағдайдан Алматы құлақтанса керек, апыл - ғұпыл Тоқтарды сонда алып кетті. Сізге өтірік, маған шын, жаңағы жара оңайлықпен жазыла қоймады.
Бір күні Тоқтар түс көріпті. Түсінде аппақ киімді, аппақ сақалды бір ақсақал: «Әй, Тоқтар! Сен менімен амандаспадың ғой!» десе керек. Содан Тоқтар дәрігерлердің қарсылығына қарамай, Қарқаралыға салып - ұрып жетіп келеді ғой. Келе сала осы «Шайтанкөлге» беттейді. Жоғары көтеріліп, көлді көре сала «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады. Бір түн түнейді. Түсінде манағы шал ырза кейіпте көрініп, Тоқтардың үсті - басын қолмен бір сипап өтеді. Қанша мықты дәрігер емін таба алмай, жаза алмай қойған әлгі жара демде, әп - сәтте жоқ болып кетеді. Тоқтар құлан - таза айығып шыға келеді. Ғарышкерлердің денсаулығын қарайтын дәрігерлер аң - таң деседі.
Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
2. Аяқталмаған мәтін. Оқушылар мәтінді өз ойларымен аяқтайды. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, жасалу жолдарын айтады.
І топ.
Ұйқыдан тұрған адамдай мең - зең болған Ақылбайдың құлағына сыбыр - сыбыр дыбыс естілді. Ол тұра сала, жан - жағына сезіктене көз салды. Бұрын оянған Михаил тозығы жеткен етігімен жерде жатқан қурайды ерсілі - қарсылы бытыр - бытыр басып жүр екен. Сұлап - сұлап жығылып жатқа, ұзын - ұзын қарағайларды көрді. Оқшау өскен зәулім үйеңкінің басында жалғыз аққұтан отыр. Ол адамнан жасқанып ұшып кетпеді, керісінше, көзі жасаурап, көмек сұрағандай жалтақ - жалтақ қарай береді. Оның балапандары шыр - шыр етеді.....
ІІ топ.
Мектепті биыл аяқтаған Бекболат ҰБТ - ден жоғары ұпай алған болатын. Оның арманы жоғарғы оқу орнына түсу, таңдаған мамандығының иесі болу. Ол бүгін екі - үш достарымен бірге, Екібастұздан Алатау баурайында орналасқан Алматыға ИЛ - 62 ұшағымен ұшып келді. Себебі ол ҚазМҰУ - не оқуға қабылданған......
ІІІ топ.
Орталық Қазақстанда ағаштың көптеген түрі бар. Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Ереймен тауларында әдемі ақ қайыңдар, боз талдар өседі.
Орталық Қазақстан түрлі - түсті металдарға да өте бай. Республикамызда көмір, мұнай, мыс, темір шығатын жерлер де көптеп кездеседі. Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Қарқаралыдағы Кентоғай, Қостанайдағы Соколов - Сарыбай мен Лисаков кен орындары – еліміздің басты байлығы.....
ІҮ. Талдау
1.«Ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау.
Ү. Қорытынды. Ойын. «Білдік, білмедік»
Ү. Үй тапсырмасы.
1. 30 - жаттығу. Берілген сөз тіркестерін, тірек сөздерді пайдаланып, «Сынып міндеттемесі» деген атпен шығарма жазыңыздар.
2. Бағалау.
Мәтіндегі күрделі сөздер
- Ильяс
- 18 қараша 2015
- 9602
- 0
- 0
Ілмек сөздер: күрделі сөздер, мәтіндегі күрделі сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау....Қазақ тілі 6 сынып. Дефис арқылы жазылатын шылаулар
а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі, дефис арқылы жазылатын шылаулардың емлесі жайлы толық мәлімет беру....Қазақ тілі 6 сынып. Ырықсыз етіс
а) білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, ырықсыз етіс болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру....Зат есімнің жасалу жолы. Деректі және дерексіз зат есімдер
Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой+шы, күй+ші,...Мәтін. Мәтіннің түрлері
1. Білімділік: Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйретіп, олардың түрлерін ажырата білуге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.