Сабақ мақсаты:
Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру.
Дамытушылық: тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: қазақ тіліне қызығушылығын ояту, оқушыларды жас ерекшелікке сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр - сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Оқыту құралдары: сөйлеу тілі, жазу, белсенді тақта, сурет, коллаж, тірек сызба,
Оқыту формалары: топпен, жеке,
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу
М -(Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір - бірімізбен амандасайық Мұғалім шеңбер ортасында тұрып айтады, ал шеңбер құрған оқушылар қайталайды)
Оқушылар хормен:
Сәлеметсіз бе, алтын күн?!
Сәлеметсіз бе, Жер - ана?!
Сәлеметсіз бе, туған жер!
Сәлеметсіз бе, сіз?!
Сәлеметсіз бе, біз
Фишкалар арқылы балаларды топқа бөлу(қызыл, сары, жасыл).
Үй жұмысын тексеру: үйге берілген сөздерді орындықтың астында стикері бар 1, 2 оқушы жатқа айтады, ал қалғандары бір параққа жазып береді.
Өзгелер - другие
Ілтипат - благодарность
Таңдау - выбирать
Құрметпен - с уважением
Қалау - желать
Ренжімеу - не обежаться
Күлімсіреу - улыбаться
Тиісті - обязан
Пайдалы - полезный
Қайтып беру - возвращать
Әдепсіздік - невоспитанность
Өткенді қайталау: «сыйлықтар» тақырыбын еске түсіріп қайталау. Орамалдың шашақтарына байланған қағаздың ішіндегі сұрақтарды оқып, жауап қайтару.
Сұрақтар: 1. Сыйлық беру неге жатады? (Әдет - ғұрыпқа)
2. Сыйлықты қай кезде береді? (Туған күнде, жаңа жылда, әр түрлі мерекелерде)
3. Сыйлықты қалай қабылдау керек? (құрметпен қабылдау керек.)
4. Сыйлықты қалай жеткізу керек? (кешіктірмей жеткізу керек)
5. Сыйлықтың қандай түрлері бар? (ашықхат, ойыншық, киім, ақша т. б.)
М -(жақсы, балалар, өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер. Ал енді сендердің алдарыңда киіз үйлер тұр. Сол киіз үйлерді ашып, қараңдаршы? ішінде нелер бар?(киімдердің суреті). Осы киімдерді плакатқа жапсырайық. Қай топта қандай киім түрлері бар екенін анықтайық. Суреттердің арасында жазулар бар. Сол жазуларды плакаттың ортасына жапсырамыз.
Әр топта әр түрлі киімдер. І - топта түнгі киімдер
ІІ - топта таңертеңгі киімдер
ІІІ - топта сәнді киімдер
Суреттерді жапсырып болған соң тақтаға іліп қояды.
М - Ал қараңдаршы мынау не?(киімдер)
- Бұл киімдерді қай уақытта киеді?(таңертең, түнде, мерекелерде)
- Ендеше, балалар, сабақтың тақырыбы «Киім кию туралы».
- Енді кітаптарыңды ашыңдар жаңа сөздерге назар аударайық.(97 - бет)
Жаңа сөздермен жұмыс: қалмау - не отставать
ерекшеліктер - особенности
жеткіліксіз - недостаточно
кию - одевать
санасу - считаться
қалай боса солай - как попало
салақ - неопрятно
қарапайым - простой
қолайлы - удобный
жарасымды - подходящий
(сөздерді мұғалім оқиды оқушылар қайталайды; бір топ қазақша оқиды екінші топ аударады; т. с. с; сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру)
М - Осы сөздердің ішінде етістік бар ма?(тұйық етістік)
- Тұйық етістік қалай жасалады?(ережені айту)
- Енді мәтінмен жұмыс жасайық.(97 - бет, 1 - тапсырма мәтін)
Киім кию туралы
Талғаммен киіну үшін стильден қалмау, өз тұлғасының ерекшеліктерін ескеру жеткіліксіз. Бұған қоса қай жерде не кию керек екенін біліп, жас ерекшеліктерімен санасу қажет.
Түнгі киімді - көйлек пен пижаманы тек ұйықтағанда ғана киеді. Таңертеңгі киім – халатты таңертең жуынып, таранғанда ғана киеді.
Үйде киетін киім қандай болуы керек? Көптеген адамдар үй ішінде ешкім көрмейді ғой деп, қалай болса солай, салақ киініп жүруге болады деп есептейді. Ол дұрыс емес. Үйде мақта матадан қарапайым, бірақ әдемі халат - көйлек киіп жүрген дұрыс болады. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза және жарасымды болуға тиіс.
- Мәтінді мұғалім оқиды.
- Мәтінді үшке бөліп, үш топқа беріледі. Әр топ өз бөлімдерін аударады. Содан кейін бір оқушы қазақша оқиды, екіншісі аударады.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырамыз.
М - Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасайық.
- 2 - тапсырма.
- Осы мәтіннен тұйық етістікті табыңдар.(киіну, кию, қалмау, жүруге)
- Енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. І - топ - «киіну» сөзін тәуелдейсіңдер, ІІ - топ «қалмау» сөзін септейсіңдер, ІІІ - топ «жүру» сөзіне көптік жалғауын жалғап, фонетикалық талдау жасайды.
- Әр топ жұмыстарын оқиды.
- «Дұрыс - бұрыс» ойыны. Мұғалім тақтадағы сөйлемдерді оқиды, балалар дұрыс па, әлде бұрыс па екенін анықтайды:
1. Мен мерекеге пижаманы кидім.
2. Таңертең тұрған соң аяғыма туфли кидім.
3. Түнде мен көйлек пен пижаманы киіп, ұйықтадым.
Қорытынды:
- Ал, балалар сабақты қорытындылайық. Жаңағы мәтінге сүйеніп, коллаждағы суреттерге диалог құрастырайық.
Мысалы: 1. – Түнгі киімге не жатады?
- түнгі киімге көйлек пен пижама жатады.
2.- Көйлек пен пижаманы қашан киеді?
- Көйлек пен пижаманы тек ұйықтағанда ғана киеді.
3. – Ал халатты қашан киеді?
- Халатты таңертең жуынып, таранғанда ғана киеді.
4. – Үйде киетін киім қандай болу керек?
- Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза және жарасымды болуға тиіс.
5. – Ал сәнді киімді қашан киеді?
- Сәнді киімді туған күнде, мерекелерде, мерей тойларда киеді.
- Жақсы, балалар. Сендер киім туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Балаларды бағалау.(сабақ барысында жақсы жауап берген оқушыларға смайликтер беру)
Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау
Рефлексия жазу: 1. Бүгін сабақта маған______ қызықты болды.
2. Маған ______________ қиындық туғызды.
3. Менің көңіл - күйім__________.
Киім кию туралы
- Saltanat11
- 23 қазан 2015
- 7102
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Киім туралы, киім кию туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Киім туралы мақал-мәтелдер
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. Көне киім жаңаны сақтайды, Кәрі кемпір баланы сақтайды....Рухани жаңғыру. Ұлттық киім-кешектер
Рухани жаңғыру ҰЛТТЫҚ КИІМ - КЕШЕКТЕР...Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана -...Қуыршақ Айшаны серуенге киіндіру
Балалардың қыс белгілері туралы білімдерін бекіту: қар жауады, дала суытады, адамдар жылы киінеді. Байқаушылықты дамыту. Балалардың киім туралы...Қысқы киімдер
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.