Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз Жібек жырының композициясы мен көркемдік ерекшеліктері

Қарағанды қаласы,
№ 101 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Гүлденсін Елубаевна

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының композициясы мен көркемдік ерекшеліктері (слайд)
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік Жырдың мазмұнын аша отырып, композициялық құрылысына талдау, кейіпкер бейнесін ашу, жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау
● Дамытушылық Оқушылардың әдеби тілде сөйлеу мәдениетін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салу, талдай білу дағдыларын жетілдіру, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту
● Тәрбиелік Шынайы махаббат пен адал достыққа, адамгершілік пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, оқушы бойына әсемдікті дарыту, талғампаздыққа үйрету

«Ей, перзентім. Адамның табиғи сұлулығы болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз»
(Қабуснама)

Кабуснама
Кей каус – 11 ғ. өмір сүрген Иран ғұламасының педагогикалық еңбегі, өзінің баласы Гильяншахқа арнап жазған.

Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны теңеңдер

1 - сарапшы парағы
1) Төлегеннің өскен ортасы, атасы мен анасы туралы не білдіңдер?
2) Жыр мәтініне сүйене отырып, Төлегеннің портретін айтып беріңдер.
3) Төлегеннің мінезін, іс - әрекеттерін ашатын дәлелдер айтыңдар.

Падишадан кем емес Ер Төлеген келбеті...

2 - сарапшы парағы
1) Төлеген армандаған Жібек қандай қыз? Жыр мәтіні арқылы ойларыңды дәлелдеңдер.
2) Қыз Жібектің ақылдылығын дәлелдейтін деталдарды табыңдар.
3) Жырды талдау барысындағы «Текті қыз текті жігітке жар болу керек» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Ақмарал – атым Жібек...

Екі бекзат қосылып,
Күндей балқып толады.
Екеуінің нұрына
Көрген жанның бәрі де
Тамаша қайран қалады.
Екеуінің суреті
Ләйлі - Мәжнүндей болады.

3 - сарапшы парағы
1) Жырда қазақтың қандай әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері суреттеледі?
2) Жібектің Сансызбайға қосылуына қалай қарайсыңдар? Бұл салт - дәстүрдің қай түріне жатады?
3) Халық ауыз әдебиетінде батаның қандай түрлері бар? Теріс бата деген не?
Әуелі – құдай, мен сені

Кәміл пірге тапсырдым.
Көл егесі Қамбар - ау,
Қарағыма көз сал - ау!
Зылиха - Жүсіп пайғамбар,
Әйелдің пірі Бибі Бәтима,
Баламды сізге тапсырдым!

Жырдың композициялық құрылымы
I бөлім
●Оқиғаның басталуы
Кіші жүздің Жағалбайлы руынан шыққан Базарбай баласы Төлегеннің ер жетіп, қыз таңдауы.
● Оқиғаның байланысы
а) Саудагер шалдың айтуы бойынша Шекті еліне аттану; ә) Қаршыға арқылы Жібекті көріп, ғашық болу; б) Қыз әкесі Сырлыбайдан рұқсат сұрап, Жібекке құда түсу.
● Оқиғаның дамуы
Төлегеннің Жібекке уәде беріп, еліне қайтуы.
● Шиеленісуі
Жібекке қайта оралмақ болған Төлегенге Базарбайдың рұқсат бермеуі.
● Шарықтау шегі
Әкесінен теріс бата алып, Сансызбаймен қоштасып, Төлегеннің жолға жалғыз шығуы.
● Шешімі
Төлеген жол аңдыған қарақшы Бекежан қолынан мерт болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×